Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет28/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
көне түркі әріптері, яғни руналық жазбалар мен «Күлтегін», «Тоныкөк» сияқты 
батырлық жырлары біздің заманымызға сол күйінде жетті» (Келімбетов Н. 
Ежелгі әдеби жәдігерліктер. – Алматы, «Алатау» баспасы, 2005. 143, 144 беттер), 
– деп өзіндік тың байламын ұсынады.
Еңбектің үшінші тарауын «Алтын Орда дәуірі әдебиеті» деп атап, бұл бөлімге 
келесі туындыларды енгізеді: «Сайф Сараи. «Гүлстан бит-Түрки»; «Хорезми. 
«Мұхаббат-наме»; «Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастаны және «Дүрбек. «Жүсіп пен 
Зылиха» атты шығармаларды сол кезеңде дүниеге келген басқа да әйгілі аңыз-
жырлармен, дастандармен салыстыра сөз етеді. 
Еңбектің төртінші тарауын «Тарихи шежіре және көркемдік дәстүр» деп 
атап, келесі туындыларды енгізеді: «Әбілғазы Баһадүрхан «Шежіре-и түрік»; 
«Қадырғали Жалаири «Жами ат-тауарих»; «Захириддин Мұхаммед Бабыр», «Ба-
быр-наме», Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты тарихи еңбегі. 
Бұл мұралардың көркемдік маңызын ғалым тұңғыш рет тарихи-салыстырмалы 
негізде терең ашып көрсетеді. 
Түйіндей айтқанда, біздің ұлы бабаларымыз көне сақтардың, ғұндардың, 
түркілердің қаһармандық дастандары «Алып Ер Тоңға» және «Шу батыр», 
«Атилла», «Көк бөрі», «Ергенекон», «Күлтегін», «Тоныкөк» сынды ұлы 
мұраларымыздың, жоғарыда есімдері аталған ғұлама ғалымдарымыз бен ақын-
жырауларымыздың қаламынан қалған мәңгілік туындыларымыздың тарихи 
тағылымын, көркемдік бітімін, ең бастысы осынау құнды жәдігерліктердің руха-
ни қуатын парасат биігінен төгілте баяндайтын профессор Немат Келімбетовтің 
бұл еңбектерін қазақ руханиятының ең басты олжасы деп бағалаймыз. 
Осынау рухани жәдігерліктердің, сирек құндылықтардың ғылыми-танымдық 
айналымға түсуіне, әдебиет тарихына қайта оралуына көп тер төккен ғалымның 
өзі ашқан ғылыми жаңалықтардың, өзі жаңадан тапқан әдеби мұралардың да 
үлесі аса зор. Профессор Немат Келімбетов бір сұхбатында өзінің ұлы ұстазы, 
профессор Бейсембай Кенжебаевтың әдебиет зерттеушілерінің тұтас буынына 
жол ашып берген ұлағатын аса бір ілтипатпен, құрметпен айта отырып, осынау 
өзі алғаш тауып, рухани қазынамызға қайтарған тарихи құндылықтардың орнын 
төмендегідей түйіп өтеді: «Мен өз еңбектерімде бұрын аттары ғана мәлім болып 
келген, ал негізгі мәтіні жоғалып кеткен сақтар мен ғұндар дәуірінің төрт даста-
нын сақталып қалған жеке фрагменттері бойынша қайта құрастырып шықтым, 
оларды ғылыми айналымға енгіздім. Сол үшін маған филология ғылымдарының 
докторы дәрежесі мен Күлтегін атындағы сыйлық берілді. Атап айтсақ, олар: 
«Алып Ер Тоңға», «Шу батыр», «Атилла», «Ергенекон» деген ежелгі қаһармандық 
дастандар. 
Ең бастысы – сақтар мен ғұндардың осы қаһармандық жырлары мен қазақтың 
батырлық жырлары арасындағы ұқсастықты, сабақтастықты әдеби, тарихи, 
тілдік, модельдік, стильдік тұрғыдан жан-жақты дәлелдеп шықтым». Бұл аталған 
шығармалар ғалым-зерттеушінің ұзақ жылдар бойындағы тынымсыз ізденісінің 
бір парасы ғана.
34




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет