Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Çetin K. Türkiye medyasinda Prof. Dr. Nemat Kelimbetov



Pdf көрінісі
бет26/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Çetin K. Türkiye medyasinda Prof. Dr. Nemat Kelimbetov
31
9. http://www.ilkhaberim.com/HD73421_kazak-yazar-kelimbetovun-turkce-
kitaplari-tanitildi.html
10. http://www.zaman.com.tr/haber.do?haberno=1035494
11. http://www.yerlimedya.com/dunya/kazak-yazar-kelimbetovun-turkce-
kitaplari-tanitildi-h9951.html
12. http://www.showhaber.com/345609yazdir.html
13. http://www.kultur.gov.tr/TR/belge/1-89146/eylul-ayi-haberleri.html
14. http://www.gittigidiyor.com/
15. http://www.turksoy.org/TR/belge/1-89299


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
Қ. ӘБДЕЗҰЛЫ
ПРОФЕССОР НЕМАТ КЕЛІМБЕТОВ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ 
ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ
Қазақ әдебиетінің тарихын түптен тартып түгендеуге, зерттеуге, жазысуға 
ат салысқан қазақ ғалымдары аз болған жоқ. Әсіресе туған әдебиетіміздің 
туын көтерген Алаш арыстары осынау игі мақсат жолында аянбай еңбек етті, 
тер төкті. Бірақ бірнеше буын, қазақ жастары, соның ішінде бүгінгі аға жасы-
на жеткен тұтас ұрпақ та өткен ғасырдың 90-шы жылдарына дейін оларды оқи 
алмадық. Қызыл империя, партиялық саясат олардың еңбектерін қолға ұстамақ 
түгілі, жазықсыз жапа шеккен арыстардың аттарын да тұмшалап, ұлт санасынан 
біржолата өшіріп, жойып тастауды мақсат етті. 
Осы тұста қазақтың қайсар ғалымы, ұлы ұстаз, профессор Бейсекең, Бей-
сембай Кенжебаевтың басшылығымен 1960 жылдардың басында біршоғыр 
әдебиеттанушы ғалымдар қазақ әдебиетінің көне тарихын зерттеуге бел 
буды. Әдебиеттану ғылымында сол кездің өзінде таныла бастаған, қолынан 
іс келетін дарынды шәкірттері Мырзатай Жолдасбековті, Мұхтар Мағауинді, 
Алма Қыраубаеваны, Бейсекең ежелгі дәуір, түркілік кезең және Алтын орда 
дәуіріндегі әдеби мұралардың тың жатқан мәселелерін зерттеуге бастап алып 
келді. Осынау көштің бел ортасында аса зерек, табанды ғалым Немат Келімбетов 
ағамызға сол кездің өзінде зерттеуге екінің бірі жүрегі дауалап бара бермейтін, 
шығысшыл, діни, керітартпа ақын саналған Шәді төре Жәңгірұлын тақырып 
етіп беріп кандидаттық еңбек қорғатты. Міне, содан берідегі қырық жылға жуық 
мерзімде ежелгі әдеби жәдігерліктерді, ислам әдебиетінің құндылықтарын, ис-
лам өркенитетін тұтас ауқымда алып, соларды тынбай зерттеумен, жинастыру-
мен, жариялаумен ғұмыр кешкен ағамыздың еңбегін ерлікке балар едім. 
Байтақ еліміздің күллі жоғарғы оқу орындарындағы филология факультетінің 
студенттері бүгінгі күнге дейін профессор Немат Келімбетовтің «Ежелгі дәуір 
әдебиеті» атты оқулығын қолынан тастаған емес. Ғалым-зерттеуші өз еңбегінде 
қазақ әдебиетінің үш мың жылдық тарихын тереңнен қопара зерттеп, әр 
дәуірдегі ұлы бабаларымыздың соңында қалған рухани жәдігерліктерін ерінбей-
жалықпай іздеп тауып, бір жүйеге түсіріп, сол мұралардың ғылыми-танымдық 
негізін, көркемдік құндылығын құнарлы тілмен баяндап береді.
Ғұлама ғалым Немат Келімбетов сан ғасырларды көктей өтіп, бүгінгі күнге 
тарихи-көркемдік маңызын төмендетпей жеткен, уақыт сынынан өткен әдеби 
мұраларымызды терең, арна-арнамен қарастыра отырып, төмендегідей кезең-
кезеңге бөліп зерттейді. Еңбектің бірінші тарауын «Тәңірлік дәуір әдебиеті» 
деп атап, келесі туындыларды енгізеді: «Сақтардың қаһармандық дастандары», 
«Алып Ер Тоңға» дастаны, «Шу» дастаны, «Ғұндардың батырлық жырлары», 
32




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет