Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет53/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
мышления, сомнения, прогнозирование и предугадывание ситуаций раскрывает 
Тоньюкука как прецедентную личность древнетюркского общества, показывает 
ег как незаурядного дипломата, опытного политик и мудрого советника, пере-
жившего не одного кагана” деген ой айтады. Зерттеуші сондай-ақ “білге/му-
дрый” концептісін Тониқуктың өсиеттерімен байланыстырады [6, 105 б.]. Мәтін 
мазмұны Тониқуктың түркілік болмысты терең түсінетін, түркілік дүниетаным 
мен психологияны, мәдени құндылықтар жүйесін, тілдік сананы жете меңгерген 
және оны келер ұрпаққа тіл арқылы жеткізе алатын тілдік тұлға екенін айқын 
аңғартады. Тониқуктың есімінің өзі оның тұлғалық сапасын айқындайтын 
көрсеткіштердің бірі болуы мүмкін. Түркi елiнiң тұтастығы мен ынтымағы үшiн 
ерекше еңбек сiңiрген Құтлығ қағанға (елге құт әкелушi), Бiлге қағанға (бiлгiш, 
бiлiмдi, дана), Күлтегiн қағанға (атақты, даңқты, бегзада (тектi) кеңесшi болған, 
Қытай империясында терең бiлiм алған бiлге 
Тонукуқ 
есiмiнiң этимологиясы
семантикасы жайлы, туа қойылған есiм немесе лақап есiм екенi жайлы бiрiздi 
пiкiр жоқ, бiрнеше болжамдар бар. Кейбiр зерттеушiлер 
Tonukuq
антропонимiнiң 
бiрiншi компонентiн жалпы түркiлiк «киiм, тон» мәнiндегi ton лексемасы арқылы 
түсiндiрудi ұсынады, мысалы: 
Тоны (киiм) майлы
«тот, кто носит засаленную 
одежду» (Р.Жиро): 
jaγ
«май, майлы, майлау»; Қазақ тiлiндегi ескерткiштердiң 
әдеби аудармаларында 
tonï kök
нұсқасы қолданылады. Қазақ тiлiндегi 
тоны көк 
тiркесiнiң мәнi «жақсы, қымбат киiнетiн адам»: Көйлегi көк, көңiлi тоқ; Көк 
етiкті кезiкпей, көн етiктiнi менсiнбей 
(мәтел). Ал В.М.Наделяев антропонимнiң 
компоненттерiн 
tujuq
«копыто», 
oq
«стрела» лексемалары негiзiнде талдайды 
[7, 211 б.]. Қ.Сартқожаұлы 
n, nj
түрiнде оқылып жүрген таңбаны В.Томсеннiң 
iзiмен j деп оқудың дұрыстығын бiрнеше аргументтер арқылы дәйектей отырып, 
антропонимнiң 
tujγïn 
және 
uquq, uq
«ой, сана, ақыл, парасат» сөздерi арқылы 
жасалғандығын көрсетедi [5, 274 б.]. Келесi зерттеушiлер онимнiң алғашқы буы-
нын жалпы түркiлiк 
tun/dun
«первый, первенец» (тұң+ғыш) моносиллабы арқылы 
таратып, екiншi буынды 
joq/joγ 
«возвышаться» (А.Элеве): (
jоқару
«жоғары») 
лексемасымен байланыстырса, С.Г.Кляшторный көне ұйғыр заң құжаттарының 
тiлiнде 
joq/juq
моносиллабының «сақтау, бағалау» мағынасында қолданылуы 
кездесетiнiне сүйене отырып, 
uq
тұлғасының мәнiн «асыл, қазына» (сокровище) 
деп таниды және 
Tonukuq 
антропонимiнiң семантикасын «первородная драго-
ценность», «первенец сокровище» түрiнде таратады [8, 205 б.]. Түркi тiлдерiнiң 
антропожүйесiнiң ерекшелiктерi 
Тонуқуқ
антропонимiнiң бiрiншi компонентiн 
жалпы түркiлiк 
tun 
«алғашқы, бiрiншi» моносиллабынан таратқан зерттеушiлердiң 
пiкiрлерi негiздi екенiн көрсетедi. Tun тұлғасы қазақ тiлiнде 
тұңғыш
сөзiнiң 
құрамында ғана айқын сақталғанымен, кейбiр басқа түркi тiлдерiнде дербес лек-
сема ретiнде қазiр де қолданылады: тува тiлiнде 
dun
, қырғыз, хакас тiлдерiнде
 
tun
«тұңғыш». Түркi тiлдерi бойынша ерiн дауыстыларының 
(u≈о)
сәйкестiгi 
жиi кездесетiн құбылыс. Ал екiншi компонентiн анықтауда Қ.Сартқожаұлының 
пiкiрi негiздi, яғни қазiргi түркi тiлдерiнде кеңiнен қолданылатын жалпытүркiлiк 
uq, oq, ük, ûg, oγ, ög, oj, öj, üj
гомогендi түбiр-негiздер кешенiне кiретiн 
uq
моно-
60




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет