Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Немат Келімбетов, төртіншіден, ұстаз болды



Pdf көрінісі
бет13/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   196
Немат Келімбетов, төртіншіден, ұстаз болды. 
Оның дәрістері Күлтегін 
күркіреп, Қорқыт күңіреніп, Фараби дүрілдеп, Ясауи толғанып, Бабыр сыр 
шертіп, Асан қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар 
толғауларымен өрілген әрбір дәрісі ұлтын сүйген, ұлтына қызмет қыламын деген 
әрбір азаматтың құйқасын шымырлатып, намыс отын шыңдады.
Адам баласы өз өмірінде екі нәрсеге айрықша көңіл бөледі екен. Оның 
біріншісі – артына рухани із қалдыру болса, екіншісі ұрпақ сүйіп, солардың 
қызығын көру болса керек.
Бұл екі тұрғыдан алғанда да ғалым ағамыз бақытты адам болды. Ежелгі әдебиет 
тарихына ден қойған адам Немат ағамызды одан бөліп қарау да мүмкін емес. 
Кешегі кеңестік дәуірдің өзінде қаймықпай қарсы тұрып, қазақтың қаһармандық 
дастандарын зерттеп, оқулық жазып, ұрпаққа аманаттап кету де екінің бірінің 
қолынан келмейтін дүние. Бұл арада ағаны жалаң мақтау, яки, дүрмекпен даңғаза 
16


Бишімбаев У.Қ. Немат Келімбетов – түркі дүниесінің Толағайы
туғызу ойынан ада екендігімізді нақтылап кету үшін мынадай мәселеге кеңірек 
тоқталғым келеді.
Қаншама ғасырлар бойы отарлық идеология бізді тарихи жадымыздан 
жаңылдыруға әрекет етіп келді. Патшалық Ресейдің жер бетінен үш халықты 
жоймақ болғаны енді ғана ашылып отыр. Олар: ноғайлар, Қырым татарлары 
мен қазақтар еді. Өйткені, аталған үш халықтың да рухы биік, ешқандай күшпен 
ала алмасын сезген отаршылдардың ақырында «жабайыларды жабайылардың 
қолымен тұншықтыру» әдісімен ноғайды құртып, Қырым татарларын аяусыз 
қудалап, тоздырып жібергені мәлім. Қазақ әупірімдеп ғана аман қалды. Оған 
себеп, қазақтың тамырындағы тектік қасиет болатын. Ал, Кеңес дәуірі сол та-
мырды үзбек болып, қаншама әрекет жасады. Соны түсінбегендер жадынан 
адасып, заманның илеуіне көніп кетті. Тек А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, 
М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Шәкәрім секілді алыптардың жұрнағы болған 
Немат ағаларымыз осы шындықты бізге жеткізіп кетті. Бір ғана мысал. Алып Ер 
Тоңа деген Тұранның патшасы туралы кезінде көлемді дастан, қайтыс болғанда 
жоқтау жазылғандығы мәлім. Сол алып Ер Тоңа (Афрасиаб) Ханбалықта отырып, 
жер-жерден Пайкент, Рамитан, Баласағұн, Қашғар секілді қала-астаналар салды-
рып, дүниені билеп, сол дәуірдегі атақты Иранды тітірентіп өтті. Ирандықтар 
алып Ер Тоңаны ешқашан жеңе алмаған. Тек Сияуштың ұлы Кей-Қысырау ғана 
біздің заманымызға дейінгі 626 жылы Афрасиабты сарайына алдап шақырып, у 
беріп өлтірген. Сол кезде бүкіл Тұран даласы күңіреніп кеткен. Алып Ер Тоңаны 
жоқтаған. Бізге оның үзіндісі ғана жеткен. Бұл тарихи шындықты тереңінен зерт-
теп жүрген профессор Мекемтас Мырзахметұлы ағамыз болса, «Алып Ер Тоңа» 
дастанына зерделі зерттеу жасаған Немат ағамыз еді. Түркі дүниесіне мәлім 
Ф.Копрулузаде, А.Инан, Р.Арат, С.Банаралы секілді ғалымдардың еңбектеріне 
сүйене отырып, парсылық танымның әсерін де ашып береді. Тіпті, Алып Ер 
Тоңаның атын өзгертіп, Афрасиаб атандырған парсылардың отаршылдық таны-
мын Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы мәтіннен алып дәлелдеп 
берген. Көк шатырын күндіз-түні 12 сарбаз күзетіп тұратын, көк аспанмен 
тілдескен Шу батыр туралы «Шу», ғұндардың батырлық жырлары «Оғыз-
Қаған», «Атилла», «Көк бөрі», «Ергенекон», кейінгі «Күлтегін» мен «Тоныкөк», 
«Қорқыт ата» кітабы мен «Авестаның» ежелгі түркілік мәдениеттен туған дәстүр 
жалғастығының көркемдік қырларын да алғаш ашып зерделеген Немат ағамыз 
болды.
О


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет