“Қорқыт ата кітабы”



Дата28.09.2022
өлшемі0,71 Mb.
#40553

“Қорқыт ата кітабы”


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Тексерген: Кошекова А.А
Орындаған: Келжанова П
Мамандығы: Қазақ тілі
мен әдебиеті

Қарақожаұлы Қорқыт ата (VII – VIII ғ.ғ.) Өткен ғасырлар қойнауынан түркі тілдес халықтардың барлығына ортақ өнер, мәдениет қайраткері – ақын, ақылшы, көріпкел, бақсы, қобызшы, сазгер,жыршы, сәуегей, тәуіп, қол бастаған батыр әрі фиьософ Қарақожаұлы Қорқыт қазақ жерінде дүниеге келіп, дүниенің төрт бұрышын шарлап, өзі өскен Сыр бойына оралып дүниеден қайтады.

Қорқыт туралы әңгімелер, мифологиясы, болжамдар VII- IХ ғасырларда Сыр бойы оғыз- қыпшақ тайпаларының ауыз әдебиетінде айтылып, ОртаАзия, Кавказ, Түркия, Балқан түбегі аймағында таралып, Қорқыт ата айтқан нақыл сөздер қазақ мақал- мәтелдерінде, жыр жолдарында, жыраулардың толғауларында өзгермей сақталып, халқымыздың жыраулық, бақсылық, қобыз- күй атасы, көріпкел, ақылгөй, адамгершіліктің жоғарғы шыңына баулитын тарихи- өнерлі тұлға ретінде танылады. Сыр бойындағы Шөмекей (Сарыбай) елінде Құлназар ақын Қорқыт ата туралы:

Өлімнен қырық жыл бұрын Қорқыт қашқан, Қазылған көрді көріп қатты сасқан. Тағдырдың тақымына тәнті болмай, Ажалмен арпалысып жанталасқан, - деп бағалайды. Атағы төрт әлемге тараған оғыз- қыпшақ тайпаларының қобыз ойнау шебері, күйші, бақсы- тәуіп, көріпкел әрі жыршы – жырау, дастан, арнау, толғау айтушы, ақылгөй- ойшыл өз шығармаларының бірінші орындаушысы, уағыздаушы, қобызбен сүйемелдеушісі ретінде халқының санасында сақталған. Осылай көп салалы дамыған қайраткер тұлғаларды «сегіз қырлы, бір сырлы» деп халқымыз бағалайды, мақтан тұтады.


“Қорқыт” сөзі ертедегі түркілердің
“Хұр” – кісі және
“хыт” – құт сөздерінен шыққан
“Құт әкелуші кісі”
деген мағынаны береді.
Қорқыт Ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі ‘’Қорқыт Ата кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этникалық атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қазіргі Қорқыт ата). “Қорқыт Ата кітабы’’ Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықар. деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедия жинағы жарыққа шықты (1999).

1. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр;

  • 1. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр;
  • 2. Қазансалар ауылына жау қалай шапқаны туралы жыр;
  • 3. Байыс-Байреке, Байбөрі ұлы туралы жыр;
  • 4. Қазанбек ұлы Оразбек қалай тұтқынға түскені туралы жыр;
  • 5. Домруыл, Доқа Қожа (қажы) ұлы туралы жыр;
  • 6. Қаңлы Қожаұлы Қантөрелі туралы жыр;
  • 7. Қазылеке Қожаұлы Жүгенек туралы жыр;
  • 8. Бисат қалай жалғыз көзді дию Төбекөзді өлтіргені туралы жыр;
  • 9. Бегила баласы Әмрен туралы жыр;
  • 10. Үйсін Қожаұлы баласы Секрек туралы жыр;
  • 11. Салар Қазан қалай тұтқынға түсті және оны ұлы Ораз қалай босатқаны туралы жыр;
  • 12. Сыртқы оғыздар ішкі оғыздарға қарсы соғысқаны туралы және Бамса-байрақ қалай мерт болғаны туралы жыр.

. Қорқыт атаға арналып 1980 жылы Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 км жерде, Қорқыт разъезінің түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды. Авторлары — архитектор Б.А.Ыбыраев, физик С.И.Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4 тік көктастан (стеладан) тұрады, биіктігі 8 м. Жоғарғы жағында аузы кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шағарады.


Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет