Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Жолдасова Ұ., Сыдықбаева А. Мағжан прозасындағы символизм



Pdf көрінісі
бет136/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Жолдасова Ұ., Сыдықбаева А. Мағжан прозасындағы символизм
қолданылған «есалаң жүрек, есалаң тілек» тіркестері жан қалауының даралығы 
мен дәстүрлі қалыпқа сыймайтын романтикалық табиғатты танытса керек. Ав-
тор негізгі кейіпкерін Шолпан атағанымен, шығармадағы негізгі жүк – жүректе. 
Шолпанның образын ашатын символдық мәнге ие «жүрек» сөзі оның ессіз тілегін 
орындаудағы негізгі әміршісі де. Шолпан алғашқы тілегінен айныған тұста оның 
«желдей есалаң жүрегін қара жыландай қап-қара ойлар орап алып, улай бастай-
ды», бар тілегі бала болған сәттерде «көзден емес, жүректен ыстық жас төкті», 
пірәдарлық жолға түскенде «жүрегіндегі жараны ешкімге ашқан жоқ», оның 
ойынша «жүрек сырын шеттің ұғуы мүмкін емес», сондықтан «жүрек жарасын 
ешкімге сездірмеді», өмір Шолпанның «жүрегінен саулап аққан қанына, қанаты 
сынып өліп жатқан жанына кідіріп, бұрылып қарамады», оның «жүрегіне түскен 
жара мәңгі жазылмайтын жара болғаны ма» деген сұрағына жауап тапқандай бо-
лып, Әзімбаймен қосылғанда «тас болып келген жүректің не үшін бүгін жібігенін 
айтпақшы еді». Алайда, «есалаң жүректің есалаң тілегінің жұмбағын» «өлім» 
шешті. Шолпан ойымен өріліп жатқан автор сөзімен қорытындылар болсақ: 
«Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам – шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп 
атауға болатын болса, адамның шешуі – жалғыз өлім». Мағжан символизміндегі 
жүрек пен өлімнің сыры Шолпан образы арқылы көркемдікпен тағы бір қырынан 
ашылады. 
Ғалым Б. Жетпісбаева Мағжанның орыс символизмімен байланысын, оның 
ақын поэзиясына әсерін жоққа шығаруға болмайтындығын айта келіп, ақынның 
символистік лирикасының өзіне тән даралығын танудың, Мағжанның символистік 
ойларын қазақ поэзиясының жарқын үлгісі деп қабылдаудың маңызды екендігін 
ескертеді [1, 34-35 бб.]. Б. Жетпісбаева Мағжан символизмінің дара сипатқа ие 
болуының бір себебін қазақтың астар мен тұспалдауға бейім дүниетанымының 
жемісі саналатын ауыз әдебиетіндегі жанрлар бойынан (толғау, терме, айтыс, 
шешендік сөз, әңгіме мен тәмсілдер) молынан кездесетін ұлттық символизмімен 
байланыстырады. Символист ақын Вяч. Иванов символдың халықтық негізі жай-
лы «Поэт и чернь» мақаласында былай дейді: «...Откуда же взялись эти новые 
старые слова? Откуда вырос этот лес символов, глядящих на нас разными веду-
щими глазами (как сказал Бодлэр)? Они были искони заложены народом в душу 
его певцов, как некие изначальные формы и категории, в которых единственнно 
могло вместиться всякое новое презрение» [2, 17 б.]. Олай болса, Мағжан сим-
волды ұлттық фольклорлық сипаты бар маңызды тәсіл ретінде жаңғыртып қана 
қоймай, орыс және әлемдік символизм үлгілерін игере отырып, жаңа бір көркем 
әлем түзді. Мағжан символизмі – поэзия мен прозадағы лиризмнің қуатын 
молайтқан, ақынның жанын ұғып, шеберлік сырын тануға мүмкіндік берген 
күрделі көркем жүйе. Орыс символистерімен рухани-шығармашылық байланыс 
ақынның поэзиясын ғана емес, прозасын (аудармаларымен қоса) тануға үлкен 
сеп болып отыр. Мағжан символизмнен өзінің ішкі әлеміне, ой-пікіріне сай әдемі 
үйлесімді аңғарып, мазмұндық-формалық жаңалықтарды игерумен бірге, кейбір 
ерекшеліктерді саналы түрде қабылдамағандығын да ескертеді Б. Жетпісбаева. 
145




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет