Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет139/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   196
АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
персонаждың саяси түсінігі, дүниетанымы) негіздер тұрғысынан зерделеп, нақты 
тарихи байланыста талдаған жөн» [4, 99 б.] деген пікірін нысанға алар болсақ, 
Мағжан заманындағы астармен көмкерілген тарихи шындықтың көп сырына 
қанығарымыз анық. Қоғамның әу бастан келе жатқан ішкі заңдылықтан емес 
тосыннан, сырттан таңылатын кездейсоқ талаптары «жанның» жетекшілігімен 
жүретін ақын-жазушы үшін жаңа сынақтар дайындары анық еді. Мағжанның 
поэтикалық ойдың прозадағы жалғасына ұласқан жан мәселесі заманына 
қарсылықтың бернесі десек қателеспейміз. Оның үстіне символизмнің «Ақын 
кітап емес, өз өмірін жазуы тиіс; Тәңірінің талқысына біз өзімізді тапсырамыз» 
(В. Брюсов) [5, 97 б.] деген көркем талаптарына назар аударсақ, Мағжанның 
қоғам шындығын өз «жанының» сүзгісінен өткізіп бағалауы заңды екендігіне 
көз жеткіземіз. Кейіпкерлерінің өз-өзімен арпалысқа түсіп, азапқа салынуы – 
ақынның заман талабының қисынсыз, тұрлауы жоқ, баянсыз нәтижесін ұшқыр 
қиял мен ақындық түйсікпен жете таныған табиғатында еді. 
Мағжан поэзиясында «бала» символының қолданылу жиілігі еріксіз назар 
аудартады. «Өмір – дала, ақын – бала қаңғырған, Жан сусынын көз жасымен 
қандырған» немесе «Ақын – бөбек, өмір – көбік, тылсым-ды, Ойнап, арбап, 
бөбекті естен тандырған» деп келетін жолдарда ақынның «Жұмбақ» өлеңіндегі 
астарлы ойдың бір ұшығы жатқан тәрізді. Тұтас символға құрылған «жұмбақ» 
өлеңдегі «Дала – жұмбақ, Бала – жұмбақ, Шешусіз» деген астарлы ойдың 
негізінде жаңа заманға тап келген «дала» бейнесіндегі қазақ пен «бала» бернесі 
арқылы берілген ақын жанының жұмбағы «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі 
«бала» символынан жалғас тауып, көркем ойдың тұтас бернесін құрайды. 
Мағжан шығармашылығында қатпары терең, қабаты мол «өмір» символында 
ақын заманының бейнесі бар. «Өмір» мен «ақын» жұмбағының шешімі – оның 
өнерінде. 
Мағжанның әйгілі «Толқын» өлеңіндегі «Ерке бала былдырлап, Сылдыр, 
сылдыр, сылдырлап, Толқынды толқын қуады» деп келетін жұмбаққа толы 
жолдардағы толқынның «ерке балаға» теңелген образы да кездейсоқ емесі 
анық. Өлеңнен ақын мен оның жырының бернесі көрініс беретіндей. Сондай-ақ 
Мағжанның «Мені де өлім әлдиле» өлеңіндегі «өлімге» талпынған қайыңның 
да, ұланның да, қыз бен тіпті ақынның өзінің де «жас» кейіпте өлім күйін шертуі 
еріксіз көңіл аудартады. Жас қайыңның құлауы, жас ұланның майданда қайтуы, 
көз жасын төккен жас сұлу, көз тиіп қайтқан жаңа нәресте және соның бәрінің 
күйін шерткен ақынның да жаспын демей «өлім әлдиін» күтуі – жас жанның 
шешілмеген жұмбағы. «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі «бала» символы-
нан Шолпан образы арқылы астарланған заман мен ақын жанының жұмбағын 
аңдаймыз. 
Ақынның қара сөзбен жазылған «Балапан қанат қақты» атты шығармасындағы 
солтүстіктің суығына шыдай алмай, амалсыз қанат қаққан жас балапанның жа-
нына жайлы пана іздеп аласұруы – заманның да, ақын көңіл-күйінің де символы.
Мағжан «өмір» мен «ақынды» бір-бірінің табиғатын ашатын екі әлем ретінде 
148




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет