Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет137/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   196
АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
Мағжан символизмі қазақ әдебиетін Абайдан соң тағы бір белеске көтергені дау 
туғызбайтын ақиқат. 
Символдың көркемдік мәні, символдық поэзия мен оқырман арақатысынан 
туатын әсер табиғаты жайлы пікірлерден символизмнің шығыстың сопылық 
дүниетанымымен үндестігін сезінгендей болдық. Мағжан поэзиясындағы кейбір 
символдардың мәні сопылық поэзиямен байланыс тұрғысынан зерттелгенде 
ашыла түсетін секілді. Жас ғалым А. Әбдірәсілқызы «Қожа Ахмет Йасауидің 
ақындық әлемі» атты монографиясында бернелеу (символ) сопылық поэзияның 
ең айшықты көркемдік құралдарының бірі екендігіне тоқтала келіп, «...«көңіл ада-
мы» саналған сопы ақынның ең басты мақсаты – «жүректі қозғау, жүрек сезіміне 
әсер ету болып табылатындықтан, хикметте баяндалатын ой мен оқиға аста-төк 
сезімдермен астасып отырады. Қарапайым тіркестердің өзінде тұнып тұрған эмо-
ция аңғарылады» [3, 239 б.] дейді. Сопылық поэзияға тән символдардың Мағжан 
поэзиясында көрініс беруі тек қана тәжірибелік ізденістің көрінісі емес екендігі 
даусыз. Керісінше, әуел бастан қанға сіңген ұлттық, әрі шығыстық поэзияның 
бұл асыл сипаты Мағжан поэзиясында жаңғырып, жаңаша мазмұнға ие бол-
ды. Мағжан символизмінің даралық сипаты да осы тұстан зерделей түскенде 
барынша ашыла түспек. Профессор А. Жақсылықов Мағжан поэзиясындағы 
символдың көркем қызметін шығыстық дүниетаныммен (суфизммен) байла-
ныс тұрғысынан зерделей келіп, «көбелек» символының қолданылу мәніне 
орай мынадай тұжырым ұсынады: «... Осы аңыз-метафораны қайта тудырған 
ақын әлемдік суфизмнің орталық идеяларымен диалог жасап, өзінің күшті 
эстетикалық дарыны арқылы табиғи түрде жырлайды». Мағжан символизмінде 
ұлттық, батыстық-шығыстық символдың ақын жүрегінен қорытылып шыққан 
синтезі мен ешкімге ұқсамайтын даралығы бар. 
Орыстың Д.С. Мережковский, К. Бальмонт, А. Белый, Вяч. Иванов сынды 
символист-ақындары аталмыш ағымның өнер ретіндегі мәні мен мақсатын та-
ныту ісіне белсене атсалысты. Символистердің адам жүрегінінің Жаратушы-
мен, жаратылыспен байланысына ерекше мән беруі оны ағымның асыл мұраты 
деп қабылдауымызға тірек болды. Д.С. Мережковский символизмнің ықпалды 
ағымға айналуының сырын өзі өмір кешкен дәуірдің ерекшелігімен байланыс-
тырады. Ақынның пікірінше, өткен ғасыр басындағы кезеңді шегіне жеткен ма-
териализм мен жан сілкінісінің көрінісі арқылы бағалауға болады. Кез-келген 
жоғары дәрежелі материалдық өркениет рухани мәдениеттің әлсіздігі салдары-
нан тоқырауға ұшырауы мүмкін. Сондықтан, руханият қана, ақынның пікірінше, 
дінге деген сенімге жетелейді [2, 42 б.]. Вяч. Иванов пен А.Белый да нағыз 
символдық өнер мен дін арасында терең рухани байланыстың бар екендігін 
ескертеді. А.Белый «Символизм как миропонимание» атты еңбегінде «... таным 
теориясындағы өзгерістен өнерге деген қатынас та өзгереді. Өнер діни танымға 
жол ашпақ. Дін - жүйелі түрде күшейтілген символдар жүйесі» [2, 108 б.] деген 
ой айтады. 
Мағжан поэзиясында да Жаратқанға (Тәңірі, Жасаған, Алла, мейірімді Ием 
деп те қолданылады) жиі-жиі сыр ашып, шер қозғап, қайырылып отыру мыса-
146




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет