Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет142/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   196
АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
Қаламгер шығармадағы портреттік детальдарды өзінің эстетикалық идеа-
лына орай қолдану арқылы образдың толыққанды кейпін ашады. Повесте ав-
тор елді жалмауыздай жалмаған болыстың жексұрын, жемқор, өңі жылтыр 
кейіпкерлердің кескінін ерекше бейнелейді. Олардың жасаған іс-әрекеттері 
кейіпкерлердің характерін анық ашады. Бұл әрекет шығарманың басынан-ақ 
көрініс табады. “Өріске шыққан қойдың иісін сезіп, желге қарсы тұмсығын 
төсеп, ішін тартып, жер тартып бет түзеп, жота-жотадан қарауыл қарап, торуылға 
шыққан қасқырдай – аш пейілді жалаңқая саудагер боркемікті, батпан құйрықты 
Албанды бекерге таңдаған жоқ. Сауырынынан басып жүріп, семізі, момыны, 
тәттісі осы болатынын жақсы білген, әдемі таныған” [2, 221 б.]. Жазушының 
мақсаты елді сүліктей соратын пасық жандардың бейнесін беру. Жазушы 
жоғарыдағы үзіндіде «Жалаңқая саудагер» деген сөзді де текке қолданбайды. 
«Жалаңқая» сөзінің астарына үңілетін болсақ, айналасын қоңырсытып жүретін, 
жымысқы ойлы адамды айтамыз. Бұл тұста жалаңқая саудагер тек саудада ғана 
жұртты алдап қоймай, қазақтың күйін одан сайын төмендетуге жол ашқандар. 
Шығармада саудагерді “Жазықтың орта кезінде қара құрттай қайнаған жәрмеңке 
сол өзеннің жағасында. Базар ортасында ұзын биік ағашқа аспандатып көтерген 
ақ жалауда екі басты самұрықтың суреті желкілдейтін. Бұл қомағай қарынды, 
жалмауыз тілекті ертегі обырының айқын тұрған белгісі еді. Обырды туғызған 
ана – жалмауыз түсті ұлық. Соның айқын таңбасы – ертегі айдаһарындай екі бас-
ты, жайын түсті самұрық” [2, 222 б.]. Қаламгер момын, байлықтың ұлы өрісіне 
жеткен мол қолды, аңқау елдің базарының ортасына көтерген ақ жалауға екі 
басты самұрықтың суретін алуы жай емес. “Бұның жәрмеңке басындағы тірі 
жүрген қолдары, атқан оқ, шапқан қылышы жемқор, семіз қарынды пристап 
– “Ақжелке” Подпороков та, айналасындағы жорға қолдары: ұсақ төрешіктер, 
бұның ішінде қазақтан шыққан өңі жылтыр қарны томпақ тілмаштар” [2, 223 
б.]. Мұнда Ақжелкенің портреті параға бөгіп, жемқор, аш пейілді көзі мен оның 
төңірегіндегі адамдардың да соған ұқсаған бейнесін береді. 
Шығармадағы ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін кейіпкер – Оспан. 
“Бұл тілмаш тілге жақсы, елге де салмағы бар, сырт пішінінде, мінезінде қазақ 
көзіне де жайлырақ тиетін ажары бар Оспан деген жігіт еді. Бойға сіңген дағды 
бойынша қызметке кіріскеннен бергі көздеген нысана мал мен атақ, жылы, жай-
лы орын табуға ғана арналғандықтан, бұнда да сырт көрінісі болмаса, ішінде 
құралған негізгі пікір, бағыт жоқ еді. Ел қамы, көп мұңы дегеннен “қалың жұрт 
тұрмысына жайлы, жайсыз болар ма?” – деген сұрақтардан бұның басы да, 
жүрегі де аман болатын” [2, 231 б.]. Міне, Оспанның бойындағы тек тілмаштық 
қызметін жақсы атқарып, тек өз қамын ойлайтын мінезі байқалады. Оспанның 
характерін ашатын тағы бір тұс оның жарлықты аударғанында айқын көрінеді. 
“Соңғы заманда “Қазақтан газет, журнал шығып, ел жайын жоқтайтын біреулер 
пайда болыпты” деген сөздерді бұл алыстағы өнімсіз бір сарын сияқты ғана 
еститін. Бойы на бұндайдан дарыған ешбір әсер жоқ еді. Соның жоқ болғаны 
қазіргі ел мен ұлық арасында тұрған халына үлкен жайлылық берді. Ол 
152




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет