АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жетписбаева Б. Образные миры М. Жумабаева. – Алматы: Нұр-пресс, 2008.
– 156 с.
2. Библиотека русской критики. Критика русского символизма. Том 1. – Мо-
сква: Олимп, 2002. – 397 с.
3. Әбдірәсілқызы А. Қожа Ахмет Йасауидің ақындық әлемі. – Алматы: «КИЕ»
лингвоелтану инновациялық орталығы, 2007. – 264 б.
4. Есембеков Т. Көркем мәтінді талдау. – Алматы: Қазақ университеті, 2010.
5. Колосова Н. Вступит. статья. – В кн.: Валерий Брюсов. Избранная проза. –
Москва: Правда, 1986.
6. Әбдешов Б. Мағжан Жұмабаевтың прозасы. Филол. ғыл. канд. ғыл. дәр. алу
үшін дайынд. дис. автореф. – Астана, 2002.
7. Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. – Астана: Фолиант, 2005.
8. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991.
150
Есбалаева Р., Алтыбаева Ж. «Қилы заман» повесіндегі кейіпкерлер әлемі
Р. ЕСБАЛАЕВА, Ж. АЛТЫБАЕВА
«ҚИЛЫ ЗАМАН» ПОВЕСІНДЕГІ КЕЙІПКЕРЛЕР ӘЛЕМІ
В статье рассматриваются способы раскрытия характеров героев по
-
вести «Килы заман», авторское мастерство в портретной характеристике
героев, роль и значение художественных деталей в произведении.
Makalede M. Auezov’un «Kıylı Zaman» öyküsünde karakter özellikleri ve
onların yaratma yöntemlerı ele alınır, Makalede yazarın karakter oluşturma
ustalığı çağdaş usule göre tahlil edilir.
The article deals with the ways of disclosure of main heroes’ characters in the
novel “Hard times”. It shows the writer’s skills in describing a portrait character
of the heroes, the role and significance of artistic components in the work.
“Қилы заман” М.Әуезов шығармашылығының алғашқы кезеңінде жазылған
повесть. Шығарма қаламгердің алғашқы туындыларының бірі болса да, көркемдік
жағынан шебер жазылған шығарма. Повесть ел ішінде болған 1916-жылдағы
оқиға Жетісудағы албан қазақтарының “Ақ патша” жарлығына қарсы жасаған
қазақ елінің ар-намысы үшін бас көтерген ерлер туралы көтерілістің қимылын
суреттейді.
Туынды туралы Т. Жұртбайдың “Мұхтар Әуезовтің исі халықтың тағдыры
талқыға түсіп, қасірет бұлты үйіріліп келе жатқан толқуы, қаламының ұшы
қатқыл тартуы, қағазға батыра жазуы да сиымды. Егер әр сөйлемдегі сөздік
қолданыстарға зер салса, онда ыза, кек, булығу, жауыз, құйын, дауыл, ата-баба,
аруақ, намыс, ант, шерлі қара бұлт, бостандық, тұл, лағнет, суық, жат, дерт, қақсау,
шарасыз, ақыр заман, зар заман, апат, сел, індет, тұйыққа тірелу, бұғалық, өрт алды,
тасқын іспетті “ашулы”, аруақты ұғымдардың өте жиі қолданғаны байқалады”
[1, 80 б.] – деп, ойларды коюлата түсіндіруі, шығарма идеясының күрделілігінен.
Жазушының ішкі иірімдері шығармадағы кейіпкерлердің жан дүниесімен ара-
ласып отырады және жазушы шығарманың ішінде жүргендей күйінішіне
қайғырып, қуанышына бірге қуанып отырады – “Күлкіші, аңқау, аңсағай бойлы,
күрең жүзді Албан суық көзбен жаңа ғана ең алғашқы рет жәрмеңкені мазақтай
“кет”, “жоғал” дегендей жирене қарады. “Аруақ келді”, “ұлыққа қара бұлт
түйілді ” деп алыпқашпа да, жарияланған жарлықтың шындығында күмән жоқ.
Қара тастай мызғымай, бір орында түйіліп, құбыжықтанып тұр [2, 238 б.]. Осы
тұста жазушы “Ақ патшаның” жарлығын естіген халықтың ашулы, ыза, кегін
ашына суреттеген.
151
|