Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет84/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
Бірақ бұл жайдан-жай жасалмайды. Атын қоя салумен жасалмайды. Мұның бәрі 
мемлекеттер мен халықтардың терең ой-пікірлерінің нәтижесі болуы керек» [1, 
10 б.] – деген екен. Ататүріктің осы үндеуін іске асыруды көздеген Түркия Рес-
публикасы ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында түркі халықтарына 
латын графикасына негізделген ортақ әліпбиге көшу идеясын көтерді. 
Осы орайда Әбдуәлі Қайдар мен Өмірзақ Айтбайұлы: «Советтер одағы 
тарағаннан кейін «түркі әлемі», «түркі дүниесі», «түркі қауымдастығы» деген 
ұғымдар қалыптасып, тарала бастады. Бұл идеяның түпкі мақсаты – сонау ерте 
кезде бір ұядан түлеп ұшып, көптеген Еуразия елдеріне өз үстемдігін жүргізіп, 
көшпелілер мәдениетін таратқан, алайда тағдырдың тәлкегімен жер бетіне тары-
дай шашылып, шөре-шөре болып, арасы алшақтап кеткен миллиондаған түркі 
халықтарының бүгінгі жаңа заман толқынымен қайта жаңғырып (тегін анықтап, 
рухани байлығын түгендеп), тұтастығын тану, тіл бірлігі, дін бірлігі, діл бірлігі 
ортақ мәдениет негізінде жаңа ғасырда «түркі дүниесі» болып жаңаланып бару. 
Ол үшін «ортақ тіл, ортақ жазу керек» деп, бұл игілікті идеяға мұрындық бо-
лып отырған Түркия елі бар» [2, 226-227 бб.] – дейді. Ғалымдардың айтып 
отырған ойлары негізсіз емес. Себебі, түркітілдес мемлекеттер – аты айтып 
тұрғандай тегі, тілі, діні, ділі, мәдениеті мен салт-дәстүрі, ұлттық болмыста-
ры тұрғысынан жақын, тарихи тамырлас елдер. Сондықтан да, осы мемлекет-
терде ортақ жазудың керектігін лингвистер, саясаттанушылар, түркологтар, 
тіпті мемлекет басшыларының өздері де айтып келеді. Ал, бұған ортақ жазу 
ретінде алуға көне түркі руна жазуы қиындық тудырады, араб жазуы қанша та-
рихи тұрғыдан таныс болғанымен, оның да ақпараттық технология тұрғысынан 
кемшін тұстары бар, кирилл әліпбиі мен түркі елдерінің тілдік ерекшеліктері мен 
заңдылықтары, осы тілді тұтынатын халықтың психологиясы мен ұлттық идеоло-
гиясы еш қабыспайды, ең оңтайлысы – латын графикасы болып отыр. Бұл тұста 
түркітілдес мемлекеттердің ұлттық ерекшеліктері мен саяси-лингвистикалық 
ұстанымдарының маңызы зор.
Жетпіс жыл бойы Кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрсауында өмір сүрген 
көптеген түркітілдес мемлекеттер тәуелсіздік алысымен отарлау саясатының 
зардаптарымен күрес (деколонизация) жұмыстарын бірден қолға алды. Мұндай 
мемлекеттер қатарына Өзбекстан, Әзербайжан, Түркіменстанды жатқызуға 
болады. Тіпті славян тілді Украина мен Балтық жағалауы елдері де Ресей им-
периясы тұсынан басталатын отарлық зардаптарымен күреске бел шеше 
кірісіп кетті. Балтық жағалауы елдері тіл туралы заңнамаларын ұлт саясаты 
тұрғысынан өзгертсе, ал жоғарыда аталған түркітілдес мемлекеттер кеңестік 
қасаң қағидаттарға негізделген ұлттық саясаттан бас тартып, жазу жүйелерін ла-
тын графикасына бейімдеп көшірді. Осылайша, жаһандану дәуірінде түркітілдес 
мемлекеттер этносаяси және этнолингвистикалық ұстанымдарын айқындай баста-
ды. 
92




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет