Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет90/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
ұлтты) қалыптастыруға негіз болатын баспа өнімдері Қазақстанда толығымен 
кириллицада басылды және әлі де басылып келеді. Алайда, тілдің материалдық 
тасымалдағышы ретінде жазу елестетілетін қауымдастықты қалыптастыру ісінде 
тіпті бірінші кезектегі мағынаға ие болады. Ол қазақтың ұлттық сана-сезімінің 
орыс тілі мен орыс мәдениеті жағына қарай бағдар алуына ықпал етіп келеді. 
Нәтижесінде қазақ сәйкестілігі көп жағдайда анықталмаған күйінде қалып 
отыр. Осы тұрғыда латын графикасына көшу қазақтардың нақтыланған ұлттық 
сәйкестілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақстанмен мәдени-тарихи 
тәжірибесі ұқсас Әзербайжан, Өзбекстан, Түркіменстанның латын графикасына 
көшуін дәл осы көзқарас аясында қарастырған жөн» [9, 13 б.] – деген тұжырым 
жасалған. 
Қазіргі жаһандану дәуірінде халықтың өз ана тілінде және өз елінің ақпаратын 
алуының саяси мәні зор. Өйткені, өзге тілдегі және өзге елдің бұқаралық ақпарат 
құралын күнделікті тұтыну халықтың ұлттық сана-сезімін басқа арнаға бұруы 
мүмкін. Бұл, түптеп келгенде, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін құбылыс. 
Осы орайда айта кетер бір жайт, Қазақстандағы электронды ақпарат құралдары 
өнімдерінің (сайттар мен веб-порталдар) басым бөлігі орыс тілінде ақпарат та-
ратады. Мұның бір себебі компьютер мен Интернетте кириллицаға негізделген 
қазақ әліпбиінің толықтай оқылмауында болып отыр. Соның салдарынан 
қазақстандықтар мемлекеттік органдардың веб-сайттары мен порталдарының 
орыс тіліндегі беттерін ғана оқуға мәжбүр. Өйткені, олардың қазақ тіліндегі 
беттерінде материалдар жоқ немесе өте аз немесе берілген материалдардың 
көпшілігі жөнді оқылмайды. Ал кездесетін материалдардың уақыт жағынан 
ескіріп кеткені байқалады. Бұның өзі ұлттық сәйкестілікті сақтау үшін қазақ 
тілінің дағдарысын еңсеру керектігін, ол үшін қазақ жазуын латын графика-
сына көшіру қажеттігін білдіреді. Ғаламдық Интернет жүйесіндегі веб-портал 
мен сайттардағы ақпараттардың қай тілде көп берілетіндігіне қарап, қазіргі 
уақытта қай ұлттың тілі басымдыққа ие екендігін анықтауға болады. Бұл ретте, 
әлемдік ақпарат кеңістігінде ағылшын тілінің үстемдігін байқауға болады. Ал 
ағылшын тілінің латын графикасына негізделетінін ескерсек, онда қазақ ұлттық 
жазуының негізін латын графикасына көшіру қазақ тіліне әлемдік ақпараттық-
коммуникациялық кеңістікке енуге зор мүмкіндіктер береді деп болжауға бола-
ды. 
Қазақстанда барлық азаматтардың негізінде біріккен әлеуметтік-саяси 
сәйкестілік ретіндегі біртұтас ұлтты қалыптастыруға бағытталған ұлттық 
саясат жүзеге асуда. Мұндай сәйкестілік азаматтық ұлт деп аталады. Ол 
басқарушы немесе мемлекетқұрушы этностың төңірегінде, яғни қазақтар 
арқылы қалыптасады. Бұл біздің елімізде ғана емес, жалпы әлемге тән тәжірибе. 
Азаматтық ұлт тұрғысынан алғанда этникалық және басқа да ерекшеліктеріне 
қарамастан мемлекеттегі барлық азаматтар тең құқылы болып саналады. 
Сондай-ақ азаматтық ұлт басқарушы, негізгі этностың мүддесі мен мәселелерін 
ешқашан қалыс қалдырмайды.
98




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет