Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Садуақасов А.Қ. Түркі әлемінің мәдени бірегейлігін сақтаудағы латын



Pdf көрінісі
бет91/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Садуақасов А.Қ. Түркі әлемінің мәдени бірегейлігін сақтаудағы латын...
Мемлекетте өмір сүретін басқа этностар негізгі этностың мемлекетқұрушы 
жетекші рөлін мойындаған жағдайда осы модель бойынша ұлтты құру сәтті 
нәтижеге жете алады. Бірақ ол үшін ірі әрі негізгі этнос мықты, берік сәйкестілікке 
ие болуы қажет. Қазақстан азаматтық ұлтты қалыптастыруда мына жағынан ақсап 
отыр: қазақтар этностың мемлекетқұрушы басты тірегі бола отырып, өзінің басқа 
мәдениет ықпалына ұшырамаған нақты ұлттық ерекшеліктеріне, сәйкестілігіне 
әлі де толықтай ие бола алмай жатыр. Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі 
жаңа әліпбиге көшіру келешекте қазақтардың ұлттық сәйкестілігін нығайтуға 
мүмкіндік беретін шаралардың бірі болуы тиіс.
Жаңа әліпбиге көшіру мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жо-
басында: «Қазақтың ұлттық бірегейлігін қалыптастырып, нығайтуда оның 
түркілік бірегейлігімен байланысын анықтау үлкен мәнге ие болады. Қазақтың 
ұлттық таным-түсінігі үшін түркі әлемінен шыққандығы оның мәдени, тари-
хи, тілдік, т.б. қатынастарын анықтауда орны толмас мағынаға ие болатыны 
байқалады. Осы мәліметті сезіну 1980 жылдың соңы мен 1990 жылдың басында 
қазақтың ұлттық рухы ояна бастаған кезінде маңызды рөл атқарды, нәтижесінде 
Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алды. Қазақтардың түркілік бірегейлігі 
әрқашан өзінің негізделу, нығаю жолын тауып отыруға тиіс, әйтпесе ұлттық сана 
басқа бірегейліктің үстемдігіне ілесіп кетуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде қазақтың 
ұлттық сәйкестілігінде теріс жағдайлар тудырады» [8, 267 б.] – деп, қазақтың 
ұлттық сәйкестілігін қалыптастыруда түркілік сәйкестіліктің рөлін орынды 
көрсеткен. Қазақтың ұлттық сәйкестілігін қалыптастырудың басты бағдары бо-
лып табылатын түркілік сәйкестілікке бейімделудің басты жолы, біздіңше, латын 
графикасына көшкен түркітілдес мемлекеттер тәрізді жазуымызды латыншалан-
дыру, сол арқылы ортақ жазба және мәдени кеңістікті қайта қалпына келтіру бо-
лып табылады.
Қазіргі таңда кейбір ғалымдар түркі тілдерін біріктіріп, ортақ түркі тілін 
жасау туралы ойлар айтуда. Осы тақырыпта зерттеген маман ретінде мен бұл 
идеяның жүзеге асуы мүмкін еместігін айтар едім. Себебі, тіл – әрбір ұлттың 
төл мәдениетінің белгісі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жасанды тіл жасап, 
ұлтты сақтау мүмкін емес, одан да түркі халықтарына ортақ әліпби кеңістігін 
қалыптастырудың болашағы зор. 
Бүгінгі таңда Түркі әлемінің мәдени бірегейлігін сақтау өте маңызды болып 
отыр. Оған себеп болып отырған бірқатар факторлар бар. 
1. Бүгінгі таңда әлемдегі түркі тілдерінің қолданыс аясы мен табиғи даму 
мүмкіндіктері әр түрлі. Себебі, түркі тілдерін тұтынатын негізгі этностардың 
көпшілігі әлі күнге дейін дербес мемлекет ретінде орныққан жоқ. Бүгінгі 
дейін автономиялық республика дәрежесінде жүрген татар, ұйғыр, башқұрт, 
қарақалпақ, хакас, алтай сияқты халықтардың тіл саясатында ұлттық мүддеден 
гөрі, осы халықтарды бағындырып отырған Ресей, Қытай сияқты постимпериялық 
мемлекеттердің мүддесі басым екендігі дау тудырмайтын шындық. Сондықтан 
да олардың жеке тіл тарихына толықтай саяси баға берілген жоқ және бұл 
99




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет