Көшпелі сою орны. Қасапханадан алыста қоныстанған елдерде, немесе алыс жайғасқан мал жайылымдарында, автокөліктің тіркеуіне жабдықталған көшпелі сою орындары ұйымдастырылады. Оның көшу жылдамдығы жоғары деңгейде.
Жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда, бір алмасуда (смена; 40-50 бас ірі қара мал, немесе 90-100 шошқа өңдеп, 4-5 тонна ет алу болады. Көшпелі сою орын құрамына бөлшектелінетін мұздатқыш қондырғы, көшпелі электростанция және 2 палатка (біреуі уақыт терілерді сақтауға, екіншісі сайман, құрал ұстауға) енеді. фургоня артына орналасқан палатка, малды сойып мүшелеу бөлімі пайдаланылады. Палатканың ішінде малды союға қажетті қондыратын, жыйналатын ферма (складная ферма) болады.
Көшпелі сою орны тиімді жұмыс атқару үшін, қажетті-жеткілікті көзі болуы керек. Мұны оған арналған жерді таңдағанда ескереді.
Суды жинау мақсатпен, қажетті мөлшерде шұңқыр қазады және сою аяқталғаннан соң топырақпен жауып, тығыздайды. Сою орныайғаскан учаскені мұқтаждап тазалайды және дезинфекция жүргізеді. Жақын қашықта мал сою пунктері болмағанда, емесе оған сойыс малдарын жеткізуге қолайлы жағдай жоқта, шаруашылық ііпінде қажетті өнім алу үшін, мал сою алаңын салады.
Оны тұрғын үйлерден, су көзінен, жайылымнан, өтетін жолдан және көпшілік пайдаланатын жерден 300-400 м алыстықта орналастырады.
Мал сою алаңын, ірі қара мал ұшасын іліп қойып мүшелеуге болатындай етіп жеткілікті кең салады. Барлық мал түрлерін союды жүргізетін үйдің мөлшері 12x12 м, тек қана қой және шошқа сою бөлмесі - 6x8 м. Үйдің астын, жуынды суды қабылдағышпен жалғасқан сатыға қарай ылдилы етіп цемент, ия болмаса асфальтпен жабады. Жуынды суды қабылдағыш үйден алшақтау, 10-15 метрге жайғастырылады. Мал жынын және құнсыз ет кесінділерін (мясо конфискатное) жинау үшін, іші тот баспайтын темір табақпен қапталынып әдейіленіп жасалған жәпгіктерді қолданады. Ауласын тығызды дуалмен (забор) қоршайды, оның ішінде аз уақытша мал ұстайтын қаша (загон) болады. Мал сою алаңның жабдықтарына, ұшаны тік кетеретін жүк қуаттылығы 500-600 кг-дық лебедка, ұсақ малды сойып мүшелейтін жабық орындықтар, жартылай және бірден төрт бөлікті ұшаларды, ішкі мүшелерді, бастарды ілетін күршектер, ішіктерді өңдейтін үстелдер, қан жыйнайтын шаралар, шелектер, пышақтар, балталар және т.б. жатады. Мал сою алаңында тек қана дені сау малдарды союға рұқсат беріледі.
Сою пунктері және алаңдары ветеринарлық-санитарлық маңызды объекті болып есептелуі себептен, оларды салғанда және пайдалануға бергенде, өндіріс қалдықтарын пайдаға асыра алуға ерекше көңіл бөлінуі қажет.
Ет жөне ет өнімдерін жоғары сапалы өндіру мақсатпен, сою пунктерін және алаңдарын салып пайдалануға берерде, санитарлық гигиеналық талаптарды қатал сақтау міндет. Үйді, бөлмелерді, жабдықтарды, саймандары және әдейіленген киімдерді үнемі тазалап, жуып және дезинфекциялап отырады. Ыластану (қан, май, сыпырынды. Қалдықтар, нәжіс және т.б.) дезинфекциялаудың тиімділігін төмендетеді,өйткені органикалық заттар сою орнындағы микроорганизмдерді дезинфекциялық заттармен түйісуден сақтайды, Қан қала берді олармен химиялық реакцияға түсіп, микрофлораға залал жаңа заттар түзейді. Осы себептен де мал соятын орындарды ал ала тазалау, соңынан жүргізілетін дезинфекциялаудың тиімділігіндеп атады. Жууға ең оңдысы - кальциленген соданың 2-3%-ық ыстық, ал дезинфекциялауға - желдеткенде иісі тез ұшатын заттарды. Бұл талаптарға хлорлы препараттар сәйкес (хлорлы, хлорамин және т.б.). Ұсақ заттарды, саймандарды және әдейіленген киімдерді, біртіндеп суға 0,2-0,5% кальциленген сода қоса 1 қайнатып дезинфекциялау өте дүрыс. Қыста астыңғы тақтайды жөң ; жабдықтарды жұмыс соңында күнде дезинфекциялайды, ал жазда I түскі үзілісте, өйткені өте жоғары температурада микрофлоралал тездетіп және көптеп шоғырланады.
Ауру немес жүқпалы ауруға күмәнді малдар байқалған болса. малдәрігерлік мамандардың нұсқауымен қажетті шаралар жүргізеу әсіресе, жүқпалы және инвазиялық ауруларды көптеп тарататыв; масалармен күресуге ерекше көңіл бөледі.
Мал соятын орынның ауласы және үйлері қашанда таза ұсталынуы тиіс, қасапхана қалдықтары, нәжіс, қоқыс және т.б уақытында шығарылып тастау міндет. Есіктері нығыздап жабыльщ терезелері үсақ көзді темір торлармен қапталып, масалар өсіп көбейетіц және топталатын жерлерді химиялық заттармен домдайды (тиофос хлорофос, интепсол және т.б.). кеміргіштер (тышқан, егеуқүйрық) өңдеу өндірістерінің қызметіне жоғары мөлшерде экономикалық залал келтіреді. Осы себептен де мал соятын пункте және алаңда егеуқүйрықтар кірмейтіндей етіп шаралар жүргізіледі.