Егемкулов нурлыбай аликулович «Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы»



бет53/104
Дата15.12.2023
өлшемі1,16 Mb.
#138186
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104
Байланысты:
Егемкулов нурлыбай аликулович-www.emirsaba.org

Малды теміржолмен тасымалдау
Малды тасу үшін жасалған вагондардың ішінде су беретін науа, үлкен-ірі малдарды байлайтын шынжыр т.б. саймандар болады. Вагондар бір ярусты (ірі қара мал және жылқы) екі және үш ярусты (ұсақ мал және құстар) болады. Вагондарға малды артар алдында, оңдап тазалайды және ыстық (60-70°) сумен жуады.
Стансаға әкелінген малдарды темір жол қызметкерлерінің малдәрігері тағыда қарайды. Ол малға берілген құжаттармен танысады, малдәрігерлік куәлікте көрсетілген мал басын әкелінгең малдың санымен салыстырады. Мал басы қабысса және ауру мал байқалмаса, өлген мал болмаса, барлық малды түсіретін орынға жібереді.
Малды түсіріп - артатын жерге, оларды күннің жарығында, артуға 2 сағат қалғанда әкелінеді. Малдарды қоршауға жайғастырып дем алдырады, 2 сағаттан кейін мал дәрігері қарайды. Ауру, ауруға бейімделген және арық малды вагонға артуға рұқсат берілмейді. Тасу құжаттары болмаса, онда малдар артуға жалпы жіберілмейді.

Сурет 6 - Мал тасымалдау вагоны


Малды 2- білікті вагонға мынадай есеп бойынша артады: ірі қара мал-ересек-8-12, жас мал 12-14, тірілей салмағы 120 кг бұзаулар 18-20, қой және ешкі 40-50 бас. Салмағы 30-60 кг шошқа 30-40, 60-80 кг 25-30, 80-100кг-22-25, 100-150кг 14-24, 150 кг жоғары 10-14 бас. Жылқылар саны 8 ден аспауы керек.
Төрт білікті вагонға артылғанда, жоғары көрсетілген сандар 2 есе көбейеді. Ірі қараны вагондарға екі тәсілмен жайғастырады: ұзыннан және көлденеңінен. Ұзындығынан жайғастырғанда - малды екі қатарға қойып, бастарын екі есік арасындағы алаңшаға қаратады. Алаңша жүретін жол болып есептелінеді. Көлденең жайғастырғанда малдың басы ұзын қабырғаға қарап тұрады. Қай тәсілмен жайғастырылса да, малдар біртіндеп жатып дем алуын ескерген жөн. Ұзындығынан жайғастыру -малдың шайқалысын азайтып, олардың жараланбауын қамтамасыз етеді және де азықтандыру, суару, қарау жұмыстарын жеңілдетеді. Малдар жаңа жағдайға тез үйреніп жерсінеді, азықты жақсы жеп, олардың қоңдылығы төмендемеуіне әсерін тигізеді.
Алайда, бұлай жайғастырғанда бір вагонға 2 мал кем сияды. Бір вагонға әртүрлі малды артуға болмайды. Сонымен қатар, бір вагонға бір қатарға бұқа мен сиырды, қошқар мен аналық қойды қоюға рұқсат берілмейді. Егерде оларды бір вагонда тасу жағдайы болып қалса, онда бірінен - бірін тақтаймен арасын бөледі.
Малды азықтандыру үшін жолсеріктер азықты мына есеппен ала-ды: ірі қараның 1 ц тірілей салмағына 4,5 кг пішен, қой және ешкіге 5,5 кг пішен, шошқаға 2,5 кг құрама жем.
Орташа алғанда бір рет суару үшін, бір басқа шаққанда ірі қараға 10-15 л, жас малға 8-12 л шошқа, қой және ешкіге 1,5-2 л су керек.
Келіп жеткеннен кейін, вагоннан малды түсіру орнына әкелгеннен бастап, 6 сағаттан аспауы керек. Ең бірінші сау, сосын ауырған (ондайлар болса) малдарды түсіреді. Бір малды түсіру үшін 30 минут уақыт бөлінеді. Азықтың қалдығын ет комбинатына табыс етеді, ал басқа саймандар шаруашылыққа қайтарылуы тиіс.
Құсты теміржолмен тасымалдау. Құсты теміржолмен тасығанда қара малды таситын екі және төрт білікті вагондарды пайдаланады, оларды алдын ала кір - ыластан тазалап, дизенфекция жасайды. Оларды артар алдында жасы мен қоңдылығына байланысты жіктейді.
Нашар және төмен қоңцы құсты союға, артуға рұқсат бермейдІ. Тауықты тасығанда ең ондысы-стандартты торлар, көлемі 90x35x35 және 90x20x30 см, астыңғы тақтайы түгелдей, қабырғасы 5-6 см келген ашықтықпен жасалынған.
Тауықтың көлеміне қарай бір торға 18-24 бастан сыйғызады. Үйректерге арналып жасалған торлардың көлемі 150x50x50 см, сыйуы 10-12 бас. Қаздарға, көлемі 180x70x70 см тор қолданылады, сыйуы -6-7 бас.
Теміржолмен тасудыңмалға әсерін тигізуі:
1 Тым тынышсызданады және стресс жағдайы пайда болады.
2 Вагонның ішіндегі ауада әртүрлі зиянды газдардың мөлшерден тыс жоғарылап кетуі. Норма бойынша көмірқышқыл газы ауада 0,25-0,30 %, яғни 2-3 мл/л, аммиак 0,02 мг/л, көміртегі 0,01 мг/л аспауы керек.
3 Температурасы мен ылғалдығы орташа болғаны жөн.
4 Кейбір жағдайларда малды суықта тасығанда, қалтырау (лихорадка) ауруы пайда болуы мүмкін, қоздырғышы флиьтрующий вирус. Ішек - қарын ауруы, іш кебу, тышқақ, өңештен азық өтпей калу т.б. болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет