Егемкулов нурлыбай аликулович


Құс, үй қояны, саз кұндызды сою, алғашқы өңдеу ерекшеліктері



бет61/102
Дата03.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#64946
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102
Байланысты:
363134 11

Құс, үй қояны, саз кұндызды сою, алғашқы өңдеу ерекшеліктері.

  • Мал сою кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.



    Үй қоянын және құсты өңдеу
    Үй цоянын сою және өңдеу. Үй қоянын союға әдейіленіп жасалғаң торда, ия болмаса жөшікте жеткізіледі. Негізінде ең дұры, ұзындығынан тақтаймен не болмаса сеткамен бірнеше бөлімге жөне көлденеңінен екі бөлімге бөлінген жекеше торлармен әкелінуі өте дұрыс. Союға арналған қояндардың денсаулығы жақсы, жүн түлеуі аяқталған және денесінде ешқандай жара болмауы тиіс.
    Үй қояныньің терісі қалың және сәнді түстес жүнмен қыста, не болмаса түлегеннен соң күзде жамылады. Осы себептерден де үй қоянын союдың тиімді кезеңдері: қыста көжектегендерін 3-4 айлық жасында, ерте көктемде - 6-,; 7 айлықта, ал күздегі көжектерін -қысқы жүнімен толық жамылыіц болған соң.
    Союға қабылдап алу, басқа малдарды қабылдап алу ережесіндей. Торларды қоянымен қабылдау үстеліне әкеледі, өткізуші адам тордан даналап қоянды шығарады да, сырттай қарауға жөне қоңын анықтауға қабылдаушыға береді. Одан кейін оларды алдын-ала өлшелінген торларға (жәшіктерге) жайғастырады. Қояндарды сұрыптап (сорттап) алғаннан соң топтап өлшейді.
    Үй қоянын есеңгірету үшін электр тоғын пайдаланады. Механизацияланбаған сою пунктарында және қасапханаларда қояндарды доңғалақтау жасалынған ұрғышпен құлақтарының артынан қарақұстан жеңілдеп ұрып есеңгіретеді. Электр тоғымен есеңгіреткендеі кернеуі (напряжение) 220 В күші 0,5 А, әсер ету ұзақтығы 3 сек тоя қолданылады.
    Есеңгірету аяқталғаннан соң, қансырату толық болуі мақсатпен қоянды артқы сыйрақтарынан асып қояды. Оған дейін басыға желке сүйек пен бірінші мойын омыртқа аралығынан кесіп аладыі Басын кесіп алу, көп еңбек сіңіруді талап ететін іштің, кеуденіңі аяқтарының терісін түсіріп аяқтарын кесу және терісін түсір) жұмыстарын жеңілдетеді, екіншіден қансырату жылдамдығы 3 кемиді.
    Қоянның басын кесіп алмай-ақ қансырату тәжірибеде көптеі тараған. Мұндай жағдайда, төменгі жағының бұрыштау жақыңщ мойын терісін аздап кана кесіп тіледі, күрең тамырын және ұйқы тамырын кесіп жібереді. Қоянның мамық жүніне қан шашыратпаі мақсатпен, ұшасын сол қолмен қүлағынан 1-2 минуттай ұстаңқыра сосын 3-4 минут толық қансырату үшін асып қояды. Алдыңғі сыйрақтарын білек буындарына дейін жөне құлақтарын кесіп тастайды.
    Терісін сыпырардың алдында, ұшаның құрсақ қабырғасына басыі| әрі қарай етті зәрмен ыластамау үшін қуықты ішіндегілерінен босатадъі! Тілерсек буындарын айнала дөңгелек тілік жасайды, содан соң сйрақтыя және бір сирақ санының ішкі жағынан, артқы тесік арқылы екінпч тілерсек буынға дейін теріні кесіп тіледі.
    Артқы сирақтарынан теріні сыпырьш түсіргеннен кейін, оны екі қолмен ұстап, яғни қоянның денесіне шөлке (құбыр) түрде, мамық жүні ішінде, шелі (мездра) сыртындаі болатындай етіп абайлап төмен тартады. Бас терісін түсіру үш ерінің, құлақтарының, мұрнының қасынан тілік жасайды, құлақтарының шеміршектерін алып тастайды.
    Ұшаның құрсақ болғасын ақ жолақ сызығымен төс сүйегіне дейін тіле кесіп, өтін қуығын пышақпен абайлап кесіп алып тастайды. Жамбастың бірігіп бітіскен жерін бөле кесіп, артқы тесікті айнала кесіп тілік жасап, тік ішекті және асқазанды айырады, басқа ішектерді, жүректі, бауырды, өкпені, кеңірдектІ, өңешті алып тастайды. Бүйректерді, бүйрек майымен ұшада қалдырады. Басы бұған дейін алынбаса желке сүйек пен бірінші мойын омыртқа аралығынан кесіп алады. Ұшаны алғаш өңдеу, артқы сыйрақтарын тілерсек буындарға дейін кесіп алумен аяқталынады.
    Сыпырып алынған теріні біртіндеп ағаш түзеткішке керіп тартып, астыңғы жағын бекітеді де, қалған еттен және майдан тазартады.
    Үй коян ұшасын тазартуды, етті және мүшелерді ветеринарлық санатиарлық экспертизадан өткізгеннен кейін жүргізеді. Сою барысында ұшан өзгерген және ыласталынған учаскелерін, мойынның сойылған жерін тазалайды, шашақталған (бахромка) етті кесіп қалған ішкі мүшелерден жөне теріден айырады.
    Егерде ұшалар сондай ыластанған болса (әсіресе кұрсақ қуыстары) шланг арқылы, ия болмаса шөткелі душпен жуады. Артық суды пышақтың сырт жағымен жоғарыдан төмен қарай тазалап ағызады. Ұшаны сулы шүберекпен сүртуте болмайды, мұндай жағдайда еттегі микрофлораның тұқым тарату қаупі жоғарлайды, сақтау тұрақтылығы төмендейді, «қыртыс-қабық» құралуы баяулайды.
    Қоянды сойып өңдеу, ұшаны қалыпқа (формовка) келтірумен аяқталады. Бұл үшін кеуде клетканың бүйірлерінің үшінші және төртінші қабырғалар арасынан тіледі де, оған артқы және алдыңғы сыйрақтарын түзеп енгізеді. Ұшаны суытуға температурасы 10°С -дан жоғары емес цехқа ілулі жағдайда түседі. Өңделіп суытылған қоян ұшасының салмағы 1,1 кг төмен болмауы қажет.
    Қоңцылығына қарай қоян ұшасын екі категорияға бөледі; бірінші жөне екінші.
    Бірінші категорияға, бұлшық еті жақсы дамыған, шоқтығының үстінде және шап маңайында жуан тілімдей түсті май щоғырланған, бүйректері жартылай маймен жамылған ұша жатады.
    Екінші категорияға енетін ұшаның бұлшық еті қанағатты дамыған, арқа омыртқаларының омыртқа сабағы аздап шығыңқы, май шоғырлану аоқтығында, шап маңайында және бүйректерінде аздау. Бұл горияға бұлшық еті жақсы дамыған, әйткенмен де май байлануы ұшаларды да енгізеді. Әрбір ұшаны таңбалап (моркировка),сьіирақтың сыртына бір таңба қояды.
    Бірінші категориялы ұшаны дөңгелек, екінші категориялысын төртбүрышты таңбамен таңбалайды.
    Шаларын тақтайлы жәшіктерге бір сап қылып жайғастырады (20 АЦан артық емес). Жәшік ішіне салынатын жазба қағазға (ярлык) Қ сапхана атауын, қоңдылық категориясын, ұша санын, сойылған күні салмағын көрсетіп жазады.
    Еттің және ішкі мүшелердің шығымы қоянның жасына, тұқымына және басқа да факторларға байланысты. Ет өңдеу өндірістерінде, жаңа сойылған қояндардың сойыс шығымы төмендегідей орташа нормамен бекітілген:
    бірінші категориялы қоңдылықта Украйна, Молдава және Балтық жағалау республикалары үшін-52 %, Тәжікстан және Түркмен-50%, басқа республикаларға-51 %.
    Екінші категориялы ет шығымы: Литва республикасына-49%, Латвия республикасына-50,3, Тәжікстанға-49,4, Түркменге-46,1, Эстонияға-49,5 және басқа республикалар үшін -48,2 %.Тері шығымы қоянның тірі салмағына 12%-дай болады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет