Егемкулов нурлыбай аликулович



бет57/102
Дата03.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#64946
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102
Байланысты:
363134 11

Қой .және ешкі қошылығы (МЕСТ-5111-55). Ұсақ қара мал қоңдылығына байланысты үш категорияға бөлінеді: жоғары, орташа жөне орташадан төмен.
Жоғары қоңдылық. Қой және ешкінің бұлшық еттері жақсы дамыған, омыртқаларының омыртқа сабағы шықпайды, ұстап қарағанда тері астында май байлану - белде, аркасында және қабырғаларында байқалады, құйрығы (курдюк) маймен жеткілікті: толтырылған.
Орташа қоңдылық. Арқасында және белінде бұлшық еттің дамуы қанағаттанарлық, омыртқа сабағы көзге көрінердей шығып тұрады, Қойды ұстап қарағанда тері астында май байлану белінде, ал ешкіде белінде және қабырғаларында байқалады, қойдың құйрығы маймен жеткіліксіз толтырылған.
Ортапіа қоңдылықтан төмен. Бұлшық еттері қанағатсыз дамыған, омыртқа сабақтары және қабырғалары шығып тұрады, денесін ұстап Қарағанда тері астында май байлану білінбейді де. Шоқтығы және сербегі едәуір шығып түрады, қойдың құйрығында аздаған ғана май байланған.
Шошқалар қоңдылығы (МЕСТ 1213-74). Тірі салмағына, жасына және шел майының қалыңдығына байланыстырып шошқаны бес категориялы қоңдылыққа бөледі.
Бірінші категорияға жасы 8 айға дейінгі тірі салмағы 80-105 кг (мегежіндерді қоспағанда), әдейіленген шаруашылықта бордақыланған, ақшыл түсті, терісінде ешқандай таңба және өзгерістер жоқ шошқалар енеді. Шел майының қалывдығы 1,5-3,5 см. Еркектері 2 айға жеткізілмей кестірілуі тиіс.
Екінші категориялы қоңцылыққа (мегежіндерді қоспағанда) тірі салмағы 60-130 кг, шел майының қалыңдығы 1,5-4 см шошқалар және де тірі салмағы 20-дан 60 кг-ға дейін, шел майының қалындығы 1 см-ден кем емес марқа торайлар жатады. Егерде бірінші категориялы шошқаның терісінде жара, ісік, ия болмаса басқаша өзгерістер болса, қоңдылығы екінші категориялы қатарына көшіреді.
Үшіші категорияға тірі салмағына қарамай-ақ, шел майының қалыңдығы 4,1 см және оданда жоғары шошқаларды енгізеді.
Төртінші категорияға тірі салмағы 130 кг-нан жоғары, шел майының қалыңдығы 1,5-4 см шамасындағы азбан іпошқаларды және мегежіндер енеді. Екінші, үшінші және төртінші категориялы еркек шошқалар төрт айлық жасына дейін кестірілуі тиіс.
Бесішпі категорияға тірі салмағы 4-8 кг, қабырғалары және арқа омыртқаларының омыртқа сабағы шығып тұрмайтын сүт еметін торайлар кіреді.

Сурет 10 - Қоңдылықты анықтайтын дене бөлшектері 1 мойын; 2- жауырын; 3-шоқтық; 4-6 жөне 7 омыртқалар; 5- арқа; 6-белдеме; 7 - сан; 8 - алдыңғы шап; 9- артқы шап.
Жылқы қоңдылығы (МЕСТ 20079-74). Қоңдылығына байланысты сақа және жас жылқыларды екі категорияға, ал құлындарды тек бірақ категорияға бөледі.
Бірінші категория (төменгі шектер), сақа және жас жылқының дене бітімі дөңгелек жұмыр, бұлшық еттері жақсы дамыған, арқа және бел омыртқаларының омыртқа сабағы шықпайды. Сақа жылқылардың қабырғалары көзге елеусіз, ұстап қарағанда тері астындағы май байлану жал маңайында, мойнында және құйрықтың негізінде байқалады. Жас жылкыларда шонданай төмпегі және сербегі көзге елеулі, май байлану мойнында созылмалы жота түстес.
Екінші категориялы, сақа және жас жылқының дене бітімі біршама бұрыштылау болуымен айрықшыланады. Бұлшық етінің дамуы канағаттанарлык, қабырғалары көзге елеулі, бірақта саусаққа ілікпейді. Арка және бел омыртқаларының омыртқа сабағы, жас малда иық пен жауырын қыйлысы, шонданай төмпегі және сербегі онша шығыңкы емес, жалында және мойнында аздап май байлану байқалады.
Бірінші категориялы құлынның бұлшық еттері қанағатты дамыған, дене бітімі біршама бұрыштылау. Омыртқа сабағы, сербегі және шонданай төмпешігі аздап шығынды, қабырғалары көзге жеңіл елеулі, жалында және мойнында аздап қана май байланған.
Солтүстік бұғы қоңдылығы (РСТ РСФСР-511-75) сақа және жас бұғыны үш категорияға бөледі: жоғары, орташа және орташадан төмен, бұзаулары-бірінші және екінші категориялы болып.
Жоғары қоңдыға сақа және жас (төменгі шектер), дене бітімі дөңгелек шымыр, бұлшық еттері жақсы дамыған бұғылар жатады. Омыртқа сабақтары, сербегі және шонданай төмпегі шықпайды, көз үстіндегі шұңқыры елеусіз, ұстап қарағанда тері астындағы май байлану сақа бұғының құйрығының негізінде, құйымшақта және белде, жас бұғының тек қана құйрығының негізіндё және құйымшағында білінеді.
Орташа қоңдылыща, бұлшық еттері қанағаттанарлықтай дамуы болған, дене бітімі біршама бұрыштылау келген сақа және жас бұғылар енеді. Жауырын және сандары жеткіліксіз толған, арқа және бел омыртқаларының омыртқа сабағы, сербегі және шонданай төмпегі аздап шығыңқы, көз үстіндегі шұңқыры көзге елеулі. Қолмен ұстап қарағанда тері астында май байлану құйрық негізінде және құйымшақта, ал жас бұғыда тек қана қүйрықтың негізінде білінеді.
Қоңдылығы ортадан төмен топқа дене бітімі бүрыштылау, бұлшық етінің дамуы қанағаттанарлық емес бұғылар жатады. Омыртқаларының сабағы, сербегі және шонданай төмпегі шығулы, көз үстіндегі шұңқыры арыған, тері астында май байлану тіптен жоқ.
Бірінші катвгориялы бұғы бұзауының дене бітімі жеткіліксіз дөңгелектеу дамыған, бұлшық еттерінің дамуы қанағаттанарлық, омыртқалар сабағы аздап шығыңқы. Сербегі, шонданай төмпегі және көз үстіндегі шұңқыры көзге елеусіздей, тері астында май байлану құйрық негізінде ғана.
Екінші категориялы бұғы бұзауынның дене бітімі бұрышты келген, бұлшық еттері қанағаттанарлықсыз дамыған. Омыртқалар сабағы, сербегі және шонданай төмпегі шығыңқы, көз үстіндегі шұңқыры елеулі, тері астында май байлану түгелдей жоқ. Талас туған жағдайда, оүғының қоңдылығын бақылау мал сойып, әрі қарай оның ұшасын бағалау жолымен анықтайды.

Қосымша:
"Ет және ет өнімдерін өндіру, сақтау және тасымалдау объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалары


1. Жалпы ереже
2. Аумақты күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
3. Канализация және сумен жабдықтау жүйесіне
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

  1. Жарықтандыруға, желдетуге және жылу беруге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

5. Ғимараттар мен өндірістік үй-жайларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
6. Технологиялық құрал-жабдықтар мен жинап-тазалау керек-жарақтарына
7. Малды соярдан бұрын мал ұсталатын аумаққа (базаға) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
8. Ет және ет өнімдерін өндіруге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
9. Шұжық өнімдерін шығаруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
10. Өндірістік зертханалық бақылау жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын, көлікке қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар
Дәріс №21.
Тақырыбы: Сойыс малдарын алғашқы өндеу.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет