Егер тапсырма дұрыс орындалса, торды жасыл түспен, ал



Pdf көрінісі
Дата12.02.2017
өлшемі77,05 Kb.
#3950

8

Егер  тапсырма  дұрыс  орындалса,  торды  жасыл  түспен,  ал 

түзетілген  болса  сары  түспен,  тапсырманы  орындауда  қате 

жіберген болса, қызыл түспен бояйды. Қатемен жұмыс жүргі­

зіледі.

Мұғалім  балаларға  1–2­сыныптан  таныс  өзін­өзі  бағалау 



жұмысын  пайдалануды  ұсынады.  Мұнда  жалпы  жұмыс 

емес,  әрбір  тапсырма  бағаланады.  Осылайша  оқушылар  және 

олардың  ата­аналары  белгілі  бір  математикалық  қызмет 

түріндегі олқылықты байқай алады. 



Демонстрациялық материалдар. Бұл оқу құралы жаңа ма­

териалды меңгеру, ауызша есеп немесе сабақтағы ойын кезең­

дері бойынша жалпы сынып жұмысын жүргізуге көмектеседі. 

Мұғалім  көптеген  кестелерді  сандар  жазылған  карточка­

лар  мен  магниттер  пайдалана  отырып,  статикалық  түрден 

динамикалық түрге айналдыра алады. Қиып алынған серіппелі 

жинақ плакат магнитті тақтаға ілінеді. Мұғалім сандар, сағат 

және  минут  тілі  бар  карточкаларды  алып,  жоғарғы  жағына 

қыстырады. Бұл оқу құралынан алынған плакатты пайдалану 

жиілігін арттырады. 

Оқу­әдістемелік  кешен  құралдары  –  бақылау  және  тексе ру  

жұмыстары дәптерлері, демонстрациялық кестелер, «Қы зық ты  

математика»  біздің  оқу­әдістемелік  кешенге  арнап  жазылға­

нымен,  оларды  Қазақстан  Республикасының  оқу  бағдар лама­

ларына сәйкес келетін өзге оқу­әдістемелік кешенімен жұмыс 

кезінде де пайдалануға болады. 

Бағдарлама  мазмұны  оқулықта  және  оқу­әдістемелік  ке­

шен нің  өзге  құралдарында  нақты  берілген,  алайда  материал­

ды  үйрену  тәсілдері  мен  кезеңінде  өзгешелік  бар.  «Жаңа 

буын»  математика  курсының  жоспарлануын  біздікімен  са­

лыстыру  бірінші  және  екінші  тоқсан  соңында  оқушылардың 

дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптарға  сәйкес  келетінін 

көрсетеді.  Бағдарлама  материалын  оқыту  кезеңінде  негізгі 

ерекшеліктерге  тоқталайық.  Сағаттарды  тақырыптар  бойын­

ша бөлуді ұсынамыз. 


9

3-сыныпқа арналған математика курсының  

құрылысы мен мазмұнының ерекшеліктері

3­сыныпқа  арналған  математика  курсының  мазмұны  мен 

құрылысы Ә.Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева, В.В. Буровованың 1­ші 

және  2­сыныптағы  математика  курсының  жалғасы  болып  та­

былады.  Математика  курсы  мемлекеттік  стандарттар  мен  ма­

тематика пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес құрылған. 

Алайда «жаңа буын» оқулықтарынан айырмашылықтары бар. 

Математика сабағы аптасына бес рет өткізіледі. Оқу жылы­

на 170 cағат бөлінген.

Әдетте  бастауыш  мектептегі  әрбір  сыныптың  математика 

курсы  алдыңғы  сыныпта  өткен  материалды  қайталау  және 

қорытындылаудан  басталады.  Осы  мақсатқа  арнап  бағдарла­

мада  барлығы  4  cағат  берілген.  Біз  2­cынып  тақырыптарын 

қайталау  кезінде  бірінші  тоқсан  басында  екі  сағат  артық 

бөлуді ұсынып отырмыз. Бұл бағдарламада қаралған төртінші 

қайталау  сабағынан  кейін  мұғалімнің  материалды  меңгеру 

деңгейін анықтау және қатемен жұмыс жүргізу үшін бақылау 

жұмысын жүргізуі тиіс екендігімен байланысты.



Есептеу  дағдыларын  қалыптастыру  бастауыш  мектептің 

математика курсында маңызды орын алады. 

0­ден  1000­ға  дейінгі  сандардың  нумерациясы  2­сынып­

тың  аяғына  қарай  оқытылды,  сондықтан  3­cыныпта  матема­

тиканың  алғашқы  сабақтарындағы  тапсырмалардың  бірі  – 

1000­ға  дейінгі  сандар  нумерациясы  туралы  білімді  бекіту 

және  қорытындылау  болады.  Үш  таңбалы  сандарды  жазу­

да  цифрлардың  орнының  мәні,  сандарды  разрядтық  қосыл­

ғыш тардың  қосындысы  түрінде  көрсете  алу  сияқты  білімдер 

балаларға бұрын өткен арифметикалық амалдар мен олардың 

қасиеттерін,  есептеу  жолдарын  қиналмай  еске  түсіруге 

көмектеседі. Атап айтар болсақ:

•  1000 көлемінде ауызша қосу және азайту;

•  есептеудің ауызша тәсілдері;

•   cандардың ондық құрамы негізінде қосу және азайту;

•  100 көлеміндегі амалдардың терімділік жағдайындағы қосу

және азайту.


20

мының және нәтижелердің өзара байланысы негізінде, жай 

және құрылысы күрделірек теңдеулерді шешу;

–  төрт  арифметикалық  амалдан  және  жақшадан  тұратын 

өрнектердегі  амалдар  тәртібін  анықтау,  өрнектердің  мәнін 

табу.


Тақырыптық-күнтізбелік үлгі жоспар

Аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат

Сабақтың тақырыбы



Бақылау

1-тоқсан (45 сағат)

2-сыныпта өткенді қайталау

1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту

1

2



3

1. Оқу, жазу, топтау, сандарды салыстыру. 1000 көлеміндегі 

сандар нумерациясын қайталау. Кестелік қосу және азайту. 

Ауызша қосу және азайту

2. Қосу және азайтудың ауызша тәсілдері

3. Қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері

4. Теңдеулер шешу. Теңдік пен теңсіздікті құрастыру

5. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру

№1 ө.ж.

6. Қатемен жұмыс. Білімдерін пысықтау



Көбейту және бөлу

7. Көбейту түсінігін енгізу. Көбейтудің компоненттері мен 

нәтижесінің атауы, өрнекті оқу және жазу

8. Көбейту амалының мән­мағынасын ашатын есептер. 

Көбейтіндіні табуға арналған жай есептерді шешу

9. Пысықтау

10. Бөлу амалының мән­мағынасы (тең бөлікке бөлу, 

мазмұнына қарай бөлу). Бөлудің компонеттері мен 

нәтижелерінің атауы. Өрнекті оқу және жазу

11. Бөлу амалының мән­мағынасын ашатын тапсырмалар

12. Өткен материалды пысықтау

13. Өткен материалды пысықтау

14. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті

15. Көбейту мен бөлу амалдарының байланысы. Көбейту мен 

бөлуді тексеру


21

1

2



3

16. Көбейтінді мен бөліндіні табуға арналған жай есептерді 

шығару (кері есептер). Белгісіз қосылғышты табуға арналған 

есептер. Белгісіз бөлгішті, бөлінгішті табуға арналған есептер

17. Көбейтінді мен бөліндіні табуға арналған жай есептерді 

шығару (кері есептер)

18. 1­ге көбейту және бөлу

19. Пысықтау

20. 0­ге көбейту және бөлу, 0­ге бөлудің мүмкін еместігі

21. Білімді пысықтау

22. Өткенді пысықтау

23. №1 бақылау жұмысы

№1 б.ж.

Кестелік көбейту және бөлу

24. 2­ге көбейту және бөлу кестелерін құрастыру

25. 2­ге көбейту және бөлу кестесін пысықтау

26. Белгісіз көбейткіш, бөлгіш, бөлінгіші бар теңдеулер

27. Төрт арифметикалық амал мен жақшалардан тұратын 

өрнек тердегі амалдар тәртібі

28. Көбейту және бөлуге байланысты құрама есептерді шешу

29. Өткенді пысықтау

30. 3­ке көбейту және бөлу кестелерін құрастыру

31. 3­ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау 

32. Өткен сабақты пысықтау

33. Фигураларды өлшеміне қарай салыстыру

34. Бірнеше есе артық немесе кем санды табуға арналған 

есептерді шығару. Еселік салыстыруға арналған есептерді 

шығару

35. Көбейту мен бөлуге берілген кері есептер (еселік салыстыру 



және бірнеше есе арттыру, кеміту) №2 өздік жұмыс (2­ге, 3­ке 

көбейту кестесі)

№2 ө.ж.

36. Кері есептер шығару



37. 4­ке бөлу және көбейту кестесін құрастыру

38. 4­ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау

39. Қайталау

40. 5­ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру



32

–   мына сандардың тек бірліктерін ғана қосыңдар: 

11 

46 


42 

12 


98 

63 


97

–  Мына сандардың тек ондықтарын ғана қосыңдар: 

49 

25 


14 

63 


61 

35 


17 

29

–  Ең кіші санды ата; ең үлкен санды ата; ол сан ең кіші саннан



неше артық? Әр санды ондықтар мен бірліктерге жікте.

Көркем  жазу  минутына  мына  сандарды  өсу  ретімен  жазу 

ұсынылады: 

920 


901 

415 


798 

642 


538 

126 


514

Ауызша  есептеу  дағдыларын  арттыру  үшін  №1  тапсырма 

берілген. 

«Компьютер» дидактикалық ойыны түрінде ауызша есепте­

туге болады. 

Ойынның  мақсаты:  оқушылардың  есептеу  дағдыларын 

жетілдіру.

Мұғалім ойынның екі нұсқасын ұсынады: а) тақтаға мысал­

дар тізбегі жазылған, балалар соңғы нәтижесін тауып, алынған 

жауапты карточкалар арқылы көрсетеді; ә) мұғалім мысалдар

тізбегін оқиды, оқушылар ауызша есептеп, жауабын көрсетеді 

немесе бірнеше адам дауыстап айтады, содан соң тексеріледі.

32 + 8 – 5 + 7 – 12 + 6 – 18 + 50

75 – 14 + 9 – 20 + 5 + 26 – 9 + 20

80 – 20 + 5 – 25 + 3 – 17 + 41 – 5

3. Өткен материалды қайталау.

№2  және  №3­тапсырмаларды  орындау  кезінде  оқушылар­

дың  есептеу  тәсілдерін  түсіндіргені  жөн.  Бұл  тапсырмалар­

ды  түсіндіре  отырып  тақтада  орындауға  болады  немесе  өздік 

жұмыс ретінде беріп, соңынан тексеру керек.

№2  тапсырманы  орындамас  бұрын  амалдарды  тексеру  ере­

же сін, яғни қосуды азайтумен, азайтуды қосумен тексеруге бо­

латынын  еске  түсіру.  Ол  үшін  мынадай  жалпылама  сұрақтар 

қойылады: «Қосу амалын қандай амалмен тексереміз? Азайту 

амалын  ше?  Азайту  амалын  азайту  амалымен  тексеруге  бола 

ма?» Содан кейін 3­жаттығу орындалады.

№4  (а)  жаттығудың  шешуі  орындалады.  Есепте  не  белгілі 

және  нені  білу  керек  екені  анықталған  соң,  мұғалім  сұраққа 

бірден жауап беруге бола ма, егер жоқ болса неге, алдымен нені 



33

білу керек екенін сұрайды. Қандай амалмен орындалатындығы 

анықталады. 

Оқушылар 

есептің 

қысқаша 


жазылуын 

құрастырып,  тақтада  шығарады.  Содан  соң  оқушылар  №4  (б) 

жаттығуды  орындайды:  алдымен  тапсырманы  толықтырып, 

оны өз беттерінше шешеді.

№5  жаттығудың  бір  бөлігі  (1  баған)  түсіндіріле  отырып 

тақтада  орындалады.  Өздік  жұмыс  ретінде  қалған  өрнектерді 

беруге болады. 

№7  жаттығу  көбейтудің  нақты  мағынасын  үйретуге 

дайындық болып табылады. Сондықтан балаларға тағы осын­

дай бірнеше тапсырма беруге болады.

№8 логикалық тапсырманы өз беттерінше орындатуға бола­

ды, содан кейін тексеру жүргізіп, моншақтың суретін салуды 

ұсыну керек. Жауап: 5 қызыл, 15 ақ моншақ.

4. Өздік жұмыс.

Өздік жұмыс ретінде №6 жаттығуды беріп, соңынан тексе­

руге болады.

5. Сабақты қорытындылау

Cабақтың  қорытындысын  шығару  үшін  бірнеше  оқушы 

«бақылаушы»  рөлін  атқарады.  Оларға  сыныптың  және  жеке 

оқушылардың жұмысына талдау жасау тапсырылады. 

Үй жұмысы ретінде №4 (ә) тапсырма беріледі. 

Өздік жұмыс ұйымдастыру үшін қосымша материал.

1. Кестені толтыр:

Сан

Жүздіктер Ондықтар



Бірліктер

Разрядтық қосылғыштар 

қосындысы 

326


3

2

6



300 + 20 + 6

785


82

548


303

698


358

40

Міне,  сондықтан  да  осыдан  сегіз  мың  жылдан  астам 

уақыт  бұрын  ежелгі  бақташылар  әрбір  қой  басына  арнап  саз 

балшықтан бір­бір кружкадан жасаған. Қораға кіргізген кезде 

қойды  түгендеу  үшін  бір  қой  кірген  сайын  бір  кружканы  жа­

нына қойып отырған. Осылай қойды түгендеген соң көңілі ор­

нына түсіп, ұйықтауға жататын. Оның отарында қоймен қатар 

сиырлар да, ешкілер де болған. Сондықтан оған саз балшықтан 

басқа да фигуралар жасауға тура келген. Ал диқандар бал шық­

тан  соғылған  фигуралардың  көмегімен  жиналған  астықтың, 

алынған  зәйтүн  майының,  т.б.  есебін  жүргізіп  отырған.  Бақ­

ташы  егер  қой  төлдесе,  кружкаларына  жаңадан  кружкалар 

жасап қосқан, ал қойдың біразы етке сойылса, сонша кружка­

ны  алып  тастап  отырған.  Санауды  білмесе  де  ежелгі  адамдар 

арифметикамен айналысқан. 

5-сабақ. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру

Сабақтың  мақсаты:  1000  көлемінде  есеп  жүргізу,  ауызша 

және жазбаша есептеу, өрнектерді салыстыру, құрама есептерді 

шешу, теңдеу шешу дағдыларын тексеру.

Бұл  сабақ  баланың  2­сыныпта  өткен  материал  бойын­

ша  білім,  білік,  дағдыларын  тексеруге  арналған.  Тексеру 

үшін  балаларға  2­сыныпты  қорытындылауда  жүргізілгендей 

бақылау  жұмысын  ұсыну  қажет.  Оның  қорытындысын 

2­сыныптағы бақылау қорытындысымен салыстыру мұғалімге 

өткенді  қайталаудың  тиімділігі  қандай  болды,  қай  матери­

ал  жеткіліксіз  игерілді,  келесі  сабақтарда  неге  көңіл  бөлу 

керектігін тұжырымдауға көмектеседі.

Бақылау жұмысы

1. Есепте

821 – 793  321 + 564  280 + 20 – 40

1000 – 547  786 + 127  790 –130 + 70)

1. Есепте.

842 – 329  213 + 524  570 + 30 – 20

1000 – 325  356 + 478  620 – (180 + 20)

2. Есепті шығар:

Дүкенде  390  велосипед  бар.  Оның 

140­ы  ерлерге,  100­і  әйелдерге,  ал 

қалғандары  балаларға  арналған. 

Қоймада  балаларға  арналған  неше 

велосипед бар?

2. Есепті шығар:

Театр кассасында үш күн ішінде 490 

билет сатылды. Бірінші күні 150 би­

лет, екінші күні 140 билет сатылды. 

Үшінші күні неше билет сатылды?



41

3. Теңдеуді шеш:

800 – х = 240 + 160 

х – 300 = 260 + 50

3. Теңдеуді шеш:



х – 200 = 480 + 50 

800 – х = 1000 – 300

4. Қабырғалары 2 см және 7 см бола­

тын  тіктөртбұрыш  сал,  периметрін 

тап.

4. Қабырғалары 4 см және 8 см бола­



тын  тіктөртбұрыш  сал,  периметрін 

тап.


5. Баған түрінде шығар:

275 + 468 

1000 – 137 

394 + 555 

1000 – 456

5. Баған түрінде шығар:

215 + 648 

1000 – 713

345 + 655 

1000 – 645

6.*  Дүкенге  алма,  алмұрт,  жүзім 

әкелінді. Алма 250 кг, жүзім 430 кг. 

Алма мен алмұртты қосқанда қанша 

болса,  сонша  жүзім  әкелінді.  Сонда 

дүкенге  қанша  килограмм  алмұрт 

әкелінді?

6.*  Вафли  мен  прәндікті  қосқанда 

қанша  болса,  сонша  печенье  дайын­

далды. Вафли 120 кг, печенье 310 кг. 

Сонда  қанша  килограмм  прәндік  да­

й ын далды?

6-сабақ. Қатемен жұмыс. Білімдерін пысықтау

Сабақтың  мақсаты:  бақылау  жұмысында  жіберілген 

қателерді  талдау;  «1000  көлеміндегі  қосу  және  азайту»

тақырыбы бойынша алған білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Сабақ  мұғалімнің  қалауы  бойынша  бақылау  жұмысында 

жіберілген қателерді есепке ала отырып құрылады. № 1,7,8 тап­

сырмалар  ауызша  жұмыс  және  өздік  жұмыс  ретінде  беріледі. 

№2,3,4  тапсырмаларды  мұғалімнің  жетекшілігімен  немесе  өз 

беттерінше орындайды. 

№5, 6 тапсырмаларды орындағанда бақылау жұмысында тап­ 

 сырманың  шешуін  дұрыс  таппаған  балаларды  тақтаға  шыға­

руға болады.

Үйге әр оқушының жіберген қателеріне қарай жеке тапсыр­

малар  беріледі.  Сонымен  қатар  «Құрастыру»  ойыны  дайында­

лады. Келесі сабақты қараңыз.



КөБЕйТу жәнЕ Бөлу

7-сабақ. Көбейту

Сабақтың  мақсаты:  балаларды  көбейту  амалымен  және 

көбейту  кезінде  компоненттердің  аталуымен  таныстыру;




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет