Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері


Ғ. Мүсірепов әңгімелеріндегі аналар бейнесі



бет3/5
Дата10.04.2023
өлшемі158,5 Kb.
#80895
1   2   3   4   5
2. Ғ. Мүсірепов әңгімелеріндегі аналар бейнесі


Қазақ әдебиетінің кемеңгері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов ана бейнесін ашуда үлкен үлес қосты. Әйел-Ана тұлғасын сомдауда бүкіләлемдік аналар галереясын байыта түсті. Сонымен қатар сөз өнеріне де тақырыптық-идеялық сипатта зор үлес қосты. Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегіне үлгі болған Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқты орыс классиктері және батыс классиктері болды. Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салады. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ақлима», «Ананың анасы», «Әмина», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ана жыры», «Ер ана», «Атақты әнші Майра», «Айгүл қойшының күндері», «Айжан қойшының түндері» атты әңгімелерін жазады.
Ғабит әңгімелеріндегі қазақ әйелдерінің өршіл де өжет, қажырлы да сабырлы, пайымды да ақылды қасиеттері барынша жарқын суреттелген. Жазушы әңгімелерінің көркем идеясы, сюжеттік құрылымымен тамаша сабақтасқан озық туындылар ретінде бағаланады. Әңгімелерінің бір ерекшелігі - адам психологиясына терең бойлататын қайсарлық, өжеттік, адалдық қасиеттерді ішкі күрделі көңіл-күймен шебер танытады.
Қаламгер әңгімелерін мазмұны мен пішіні, тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы, көркемділік ерекшелігі, тілі мен стилі, жанрлық ерекшелігі, образдар жүйесін жан жақты түрлі тәсілдермен талдаулар арқылы шығармаларының мән-мағынасын терең де толық қамти аламыз. Жазушының ана тақырыбына жазған әңгімелерінде ананы ардақтау, оның ұлылығы алдында бас ию басым болып келеді. Жазушы суреттеген әйелдер өз балаларының ғана емес, жалпы адамзаттың асыл анасы ретінде асқақ ардақталады. Өйткені, ол – адамға өмір сыйлаушы, қоғамдық өмірдің тірегі, қайнар көзіндей мәңгілік махаббаттың иесі. Жазушының ана әңгімелері оқырмандарын адамгершілікке үндейді, үлкенді сыйлауға, адамға мейірбан болуға тәрбиелейтін танымдық-тәлімдік, тәрбиелік маңызы жоғары туындылар.
Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен Украина, Ресей жерлерінен келген орыс, неміс, шешен, ингуш, татар балаларын қазақтардың асырап алуы көп болған. Ал қол-аяғы бірдей шөрке боп қалған жауынгер жігітті туған анасындай болып күту гуманистік ұлы жүректің ғана қолынан келетін қасиетті іс-әрекет еді. Жазушы осы арқылы ана жүрегінің кеңдігін, махаббатының молдығын асқан суреткерлікпен бейнелейді. Ана туралы новеллалары тақырыптық жағынан ұқсастығының үстіне идеялық бағыты, пафосы жағынан да бірін-бірі толықтырып отырады. Олардағы ортақ типтік бейне – шындық үшін, әділет үшін өмірдің небір қиындығына да қарсы тұрып, кедергілерді жеңе білетін, әлемге өмір тарататын, сол өмір үшін өліммен айқасатын, қауіптің алдында қорқып иілмейтін, өзінің ұлылығын сезінетін, әрі мейірбан, әрі айбатты күрескер, өршіл, өжет ананың образы. Осы образ қазақ әдебиетіне өзінің үлкен сонылығын, жаңа сипатын, әсерлі күшін алып келді. Алайда тақырыптық ұқсастық пен идеялық үндестігін біріктірген осы новеллалардың жазылу тәсілдері мен мәнерлері түрлі-түрлі.
Ғ. Мүсіреповтің әңгімелеріндегі Қапия, Нағима, Наталья, Ақлима секілді аналар өздерінің тәлім-тәрбиелік қуаты мен epлігi жағынан үлкен күрескер адамдармен бapa-баp тұрады. Ғ.Mүcipeпoвтің әңгімелері мен новеллаларында, очерктерінде жасалған адамдар бейнесін аналардың өшпес тұлғалары байыта түседі. Мүсірепов әдебиетіміздегі ана тақырыбын ең мол, ең өнімді, ең сұлу жырлаушылардың бipi екенін кейінгі шығармаларымен тағы да тиянақтай түсті. Бiзгe жазушының творчествосының алғашқы беттерінен-ақ таныс ана, әйел бейнелері соңғы жылдар сыйы ретіндегі шығармаларда өзгеше бip тосын, өзгеше биік қырларымен кайтадан ыстық көрінiп кетті. Мәселен, «Екі дүние, eкі әйел», «Ана жыры» және 1981 жылы «Қазақ әдебиеті газетінде жарияланған «Атақты әнші Майра» деген әңгімелері — жазушы өзінің сол бip cүйiктi тақырыбын әлі де жаңғырта, жаңарта түскенiне, інжу - маржандай құлпырта түскеніне толық айғақ. Бұлардағы ана бeйнелері Ғабеннің бұрынғы туындыларындағы әйелдер бейнесімен үндесіп жатқанымен, мүлдем тың образдар, мүлдем ерекше оқиғалар үстінде көрсетіледі. Табиғат күшіммен арпалысып, халық игілігін қорғап қалған қазақ әйелі және үлде мен бүлдеге оранған, шетелдік ақсаусақ әйелдің сол табиғаттың алапат күші алдындағы дәрменсіз қалпы қатар суреттелгенде бipiнe cүйciне жаның жадыраса, екіншісіне көңілің қалып, аянышпен ыза ceзіміне тең беленіп отырасын. Характерлер ара-жігі ашық. Бұлардан автордың уакыт, заман алдындағы азаматтық борышын айқын ceзiніп, суреткерлік позициясы бepiк екенiнe тәнті боламыз.
Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбында жазған әңгімелердің бірі- «Ананың арашасы». Мұнда ол әйел ерлігін тағы да бір қырынан көрсетеді. Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған екі новелла ана туралы шығармалардың тікелей жалғасы. «Ер ана», «Ақлима» новеллалары соғыс өмірінің бір-бір көріністерінен сыр ашады. Мұндағы аналар жазушының бұрынғы әңгімелеріндегі Қапияға немесе Нағимаға әрі ұқсас та әрі олардан бөлек те. Бұларды жақындастыратын нәрсе-тағы да ананың күрескер биік тұлғасы. Ал бөлек болатын себебі –айтылып отырған оқиға да, уақыт та өзгеше.
«Ақлима» атты новеллада жазушы кешегі Ұлы Отан соғысының халықтың есінен шықпастай ауыр зардаптарын көркемдікпен бейнелей алған әскерден балам келеді баламнан, хабар келеді деп үмітін үзбей ұдайы күткен Ақлима апайдың тағдырында жүрек терберлік астар бар. Ананың қиыншылыққа шыдамдылығы деген, таршылыққа төзімділігі деген, балаға деген махаббаты қандай зор болса оның сол балаға деген үмітінен айырылып қалу қасіреті де зор трагедия ғой. Ғ.Мүсіреповтің әдебиетіміздегі ана тақырыбын ең мол, ең өнімді, ең сұлу жырлаушылардың бірі екенін кейінгі шығармалармен тағы да тиянақтай түсті. Бізге жазушының творчествосының алғашқы беттерінен –ақ таныс ана, әйел бейнелері соңғы жылдар сыйы ретіндегі шығармаларды өзгеше биік қырларымен қайтадан ыстық көрініп кетті. Мәселен, «Екі дүние, екі әйел», «ана жыры» және 1981 жылы «Қазақ әдебиеті газетінде жарияланған «Атақты әнші Майра» деген әңгімелері –жазушы өзінің сол бір сүйікті тақырыбын әлі де жаңғырта жаңарта түскеніне інжу-маржандай құлпырта түскеніне толық айғақ. Бұлардағы аналар бейнелері Ғабиттің бұрынғы туындыларындағы әйелдер бейнесімен үндесіп жатқанымен мүлдем тың образдар, мүлдем ерекше оқиғалар үстінде көрсетіледі. Қорыта айтқанда жазушы Ғ.Мүсіреповтің ана туралы әңгімелері қазақ әдебиетін тақырыптық жағынан байытқан жазу мәнері жағынан өзгеше шығармалар.
Ғ.Мүсірепов ешкімге ұқсамайтын стилист қаламгер. Әрбір туындысын үлкен баппен, үлкен талғаммен қараған өнегесі бар. Қазақ прозасында соның ішінде оның кіші жанрнда әдебиетші қауымда оқырман қауым да әбден мойындаған алдына жан салмаған нағыз шебер. Оның творчествосына суреткер қауымның жасы болсын жасамасы болсын тәлім-тәрбие алар, тәжірибе жинақтар сан-салалы ізденістерге бастар мектеп.
Жазушы сомдаған Аналар бейнесінің әрқайсысының өзіндік орны бөлек, бітімі басқа. Ал, сол аналардың бәрінде ортақ бір құдірет бар. Ол-Ана табиғатына ғана тән, ұрпағы үшін қандай қауіп –қатерге де тайсалмай қарсы тұратын таңғажайып қуат күшінің құдіреті. Баласының жолында өз өмірін құрбандыққа шалуға даяр Ана алдында кез –келген дүлей күш дәрменсіз. Адам баласы үшін ең аяулы да, ең қастерлі де, ең қадірлі де –ана. Сәби дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы баласына сүйіспеншілігін, мейірімділік пен махаббатын береді. Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды.

2.1. «Ананың анасы» әңгімесін мектепте оқыту (7 сынып)


Сабақтың мақсаты: Білімділік. Ғ. Мүсірепов өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің мазмұнын меңгерту, тақырыбын, идеясын ашу, аңыз туралы әдеби - теориялық ұғымдарын кеңейту; Дамытушылық. Дүниетанымын, қабылдауын, қиялын, образды ойлауын дамыту. Тәрбиелік. Аналарды сыйлауға, құрметтеуге, аталы сөзге тоқтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс – тәсілі: баяндау, талдау, проблемалы ізденіс
Көрнекілігі: слайд, мақал - мәтелдер
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабаққа назар аударту.
2. Жаңа сабақ.
Негізгі бөлім.
Мәтін мазмұнымен таныстыру. Көркем тілмен баяндау.
«Ананың анасы» әңгімесінің тақырыбы - бүкіл тіршіліктің иесі ананың алдында бас ию. Идеясы - аналарды қадірлеу, құрметтеу.
«Ананың анасы» әңгімесінің композициясы:
Шығарманың экспозициясы. Оқиға ақ бас, соқыр қарт Әйтілестің: «Оқыңдар, шулап!» деп қойып, іркіт сабасындай іркілдеген молда мен саудагер Рамазанға ертеде өткен оқиғаны жаңғыртып айтатын әңгімесінен басталады.
Байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы, қалың жылқыны барымталауы, тезек теріп келе жатқан жас қызды олжалауы.
Шиеленісу: Іздеп келіп қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, артынан қуып келген қыз анасының барымташылардың алдын орап алуы.
Шарықтау шегі: Әумесер Кейкінің үкімі - қызды шешесімен бірге ат жалына өңгертіп, күңдікке алып кету.
Оқиғаның шешімі: Сөзден жеңіліп, ойға шомып, тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық беруі.
Әдеби - теориялық ұғымдарға тоқталу.
Шығарманың арқауы дегеніміз – оқиға желісі, оның дамуы.
Сюжетті шығармалар дегеніміз - батырлар жыры ертегілер, әңгіме, хикаят, романдар. Сюжетсіз шығармалар - көңіл күйге байланысты өлең.
Аңыз. Эпостың көне түрлерінің бірі - аңыз. Бұл да миф секілді, әсіресе, қиял араласқан фантастикалық хикая. Бірақ мифтен өзгешелігі - аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті, өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. әр халықтың тарихындағы әлдебір абзал адамдар, аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған.
Ғ. Мүсіреповтың бұл әңгімесінің аңыз деп айтылуының бір себебіӘйтілестің аңызға айналған адамдардың басынан өткен уақиғаны әңгімелеуі.
Түсінгенін тексеру.
Жалпақ батырға, анаға үлгі бойынша образдық талдау жасау.
1. Кейіпкердің портреті.
2. Кейіпкердің мінезі.
3. Ұнамды немесе ұнамсыз іс - әрекеті.
4. Мақсаты.
Проблемалық ой тастау.
1. Оқушылар, әңгімеден тарихи шындыққа лайық салт - дәстүрлердің қандай түрлерін кездестірдіңдер?
2. Жалпақ балуанның орнында өзіңіз болсаңыз, не істер едіңіз?
3. Шығармада қай эпизод сізге ерекше әсер етті?
Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі тірек сөздерді жазып шығу.
Ана туралы қандай мақал - мәтелдерді білеміз?
Ана тақырыбындағы бір ән шырқайық.
6. Білімді бекіту.
«Сөйлемді жалғастыр» ойыны
1. Ғабит Мүсірепов –
2. Ғ. Мүсірепов шығармаларын...
3. «Ананың анасы» әңгімесі -
4. Аңыз дегеніміз –
5. Шығарманың тарихпен байланысу себебі -
6. Шығарма кейіпкерлері –
7. Бағалау.
Кері байланыстың болуы.
8. Үй тапсырмасы.
а) Әңгімені оқып, мазмұндау.
ә) 150 сөзден тұратын «Ана махаббаты» тақырыбында ойтолғау жазу.

2.2. Ғ.Мүсіреповтің сөз шеберлігі


Ғабит Мүсіреповтің сөз шеберлігі – қазақ әдебиетінің тарихында, әдебиеттану ғылымында мойындалған. Қаламгер үшін көркемдік үлгінің басты өлшемі тақырып емес, сол тақырыпқа лайық ой мен сөзді кестешінің бізіндей әсемдеп, орынды қолдана білуінде. Жазушының шығармаларын қай жағынан алып қарасаң да, жалтылдап тұрған сөз асылдары. Ойланып-толғанып, бейнені бедерлегенде өзіне керекті сөздерді бір-біріне үйлестіріп, маржандай тізіп өлшемдік табады. Ғабитке жетер сөз зергері кемде-кем?! Қазақ қызының тағдыры жайлы хикая шертетін «Тулаған толқында» повесінен бастау алған прозалық шығармаларының тізбегі «Қос Шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Алғашқы адымдар» сияқты туындыларға жалғасты да, ары қарай қазақ әдебиетінің тарихында нық орын алған көркемдігі биік көлемді туындыларға ұласты. Бұлардың қай-қайсысы да назар аудармай өтуге болмайтын, өз дәуіріндегі өмірдің қарқынды өзгерістерін, кеңестік заманның шындығын бейнеледі. Қазақ даласындағы таптық күрестің қан­шалықты қиындықпен, түрлі кедергілер­мен өтіп жатқандығын уақытқа тән болып келетін оқиғалар арасында қызықты етіп көрсете білді. Ғабит шығармаларында алдымен көзге түсетін тек қана оқиғалар емес, характерлер қақтығысы, кейіпкердің ішкі әлеміндегі қайшылықтар, шиеленіс пен көркемдік өлшемімен ерекшеленіп отырады. Шеберлік деп осыны айт! Прозадағы алғашқы туындыларымен болашағынан үміт күттірген Ғ.Мүсірепов жасы отыздың үстіне шыққан кезден бастап-ақ Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің айтулы өкілдерінің қатарына қосылды. Қосылып қойған жоқ, даралық сипатымен топтың алдына шықты. Сол кезеңдегі негізгі кейіпкерлері халықтың бостандығы үшін күрескен азатшыл жандар, бейнетқор еңбеккерлер мен аузы дуалы шешендер болды. Жазушының суреттеуінше сол замандардағы қазақ кедейлерінің өзіндік қалыптасқан типтік сипаттары жинақталды. Олар, негізінен, еңбекқор, қайсар болып көрінгендерімен, біреудің ала жібін аттай қоймайтын адал да жуас адамдар. Айталық, «Тулаған толқындағы» балықшы Біржан, «Көк үйдегі көршілердегі» Сәрсен, «Талпақ танаудағы» Есен, міне, осындай бейнетқор, қоғамның кішкентай адамдары. Осы арада айта кеткен жөн, «Талпақ танаудағы» оқиға колхозға келген шошқа малын қалай бағу керектігі турасында өрбісе, «Шұғыла» әңгімесінде қазақ даласында 1932-1933 жылдары орын алған алапат ашаршылық суреттері бар. Жазылу уақыты шамалас болғанымен, бұл әңгімелердің көтеретін мәселесі, рухани өзегі ең алдымен екі түрлі бағытта көрінеді. Біріншісінде, қазақ өзіне бұрын жат санайтын, харам деп есептейтін шошқа түлігін қалай бағып-қағу керектігі жайлы мәселе қозғалса, екіншісінде осы уақыттардағы халықтық трагедияға айналған үлкен қасірет ашаршылық көріністері орын алады. Бірінші туындыда Ғабеңнің қаламына тән юмор, сарказм нышаны көрініс беріп, ішінара оқырманын езу тарттырып отырса, екіншісінде, ұлттық трагедияның болмысы бар. Осы арада айта кетуіміз керек, айтуға, жазуға қатаң тыйым салынған осы тақырыпты, ашаршылықтың қорқынышты суреттерін Ғабең қалайша тайсалмай жазған деген сұрақ туындайды. Шын суреткер ғана шындықтан алыстай алмайды. Ғабеңнің Ғабеңдігі де осында. Назар аударатын жағдай – жазушы екі әңгімесінде де сол замандағы өмір шындығын өзі іріктеп алған детальдар арқылы ашық суреттейді. Бұл кезінде Чер­нышевский айтқан «өнердің эстетикалық қалпының шындыққа жанасуында» деген тұжырымына сәйкес келеді. Бұл шы­ғармалардың мазмұнына қарап отырсаң, айтылатын көркемдік тұжырымдары бір-біріне қарама-қарсы, бірінде шошқаны жатсынбайық деген емеурін байқалса, екіншісінде қазақтардың жаппай қырылуы қоғамның тарих алдындағы жауапкершілікті екендігін аңғартатын астарлы ой бар. Сөйтіп, қазақ даласына келген өзгерістердің барлығы оңды шешім таба бермегенін, ке­рісінше, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин басшылығы кезіндегі «Кіші Қазан» төңкерісі деп аталатын шұғыл өзгерістердің байырғы халыққа мейлінше ауыр тигенін осындай көркемдік тәсілмен көрсетеді. Бұл сезімтал, сергек, заман ағымын аңғара білетін қаламгердің қолынан ғана келетін шеберлік еді. Ғ.Мүсіреповтің прозадағы шығармашы­лығына оның Максим Горькийдің ана тура­лы әңгімелерін қазақшаға аударуы соны леп әкелді. Аналар тақырыбына жазған циклдік әңгімелер шоғыры да осы жылдары жалт ете түсті. Ғабең Горькийдің екі әңгімесін қазақшалады. Олар – «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты әңгімелері. Жазушы әңгімелерді түпнұсқадағы рухты сақтай отырып, қазақи ұғымға бейімдеп, аса көркем түрде еркін аударған болатын. Өзі тәржімалаған шығармалардың маз­мұны Ғабеңе қатты әсер еткені сондай, ол аналар тақырыбына арналған әңгімелер топтамасын жазды. Атап айтқанда, олар – «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» сияқты туындылары. Бұл шығармалардың қай-қайсысының да көркем әдебиеттің басты талаптарына сәйкес жазылған сәтті дүниелер екендігін әдебиеттанушы ғалымдар кезінде атап айтқан болатын. Осы шығармаларда әр қырынан алынып жазылған аналар бейнесі қазақ әдебиетінің үлкен табысы болып саналады. Әңгімелердің басты кейіпкерлері Қапия, Нағима, Ақлима қай-қайсысы да ерлік жасауға даяр тұратын ер аналар. Жазушы бұл кейіпкерлер тағдырын мейілінше қызық штрихтармен бейнелей отырып, қайсар, қайтпас рух иелері етіп көр­сетеді. Бұлардың бәрі де нәзік жандылар болғанымен, рухы күшті, күрескер әйелдер. Жазушы асқақ ана бейнелерін қиын тар­тыстар үстінде көрсете отырып, қоғамдағы алатын орнын, рухтарының мықтылығы мен анаға тән тамаша қасиеттерін қызғылықты оқиғалар үстінде әсем бейнелейді. Мысалы, «Ананың арашасындағы» Нағиманы алайық. Өз басына қауіп төніп тұрғанына қарамастан, жаралы болып жатқан қызыл әскерді жау қолына түсірмей, алып шығады. Өз баласы болса бір сәрі, бөтен әскер. Бөтен болса да халықтың азаттығы үшін күресіп жүрген боздақ екендігін сезіне отырып, азаматты аман алып қалу үшін өзі де басын бәйгеге тігеді. Бұл шығармаларда адамның асқақ ру­хын көрсетумен бірге лапылдаған роман­тизм нышандары да бар. Оқиғалардың өтетін ортасы, қатысушы кейіпкерлердің болмысындағы ерекшеліктер, жағдайдың күрделілігі, бәрі тоғыса келіп, романтикалық сипатқа алып келеді. Кейіпкерлердің басы­нан өткен оқиғалар образ ашуға ұтымды қызмет етіп тұрған көркем әдістер. Ғ.Мүсіреповтің аналар тақырыбына арналған әңгімелері жайлы академик Серік Қирабаев: «Жазушының ана туралы әңгімелері осы дәуірдегі үлкен жаңалық болып табылады. Оларда Ғабит М.Горькийдің әсерімен, ананы ардақтау, ананы қадірлеу идеясын көтеріп, оны романтикалық пафоспен жырлай білді. Ол Горькийден «Өлімді жеңген ана», «Адамның анасы» әңгімелерін еркін аударып, қазақ өмірінің шындығы негізінде «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ананың анасы» тәрізді әңгімелер жазды. Бұлардың қай-қайсысы болсын, өмір иесі – ананың парасатын, күш-қайратын, асқақ сезімін паш етті» деп өте орынды тұжырым жасайды (Қирабаев С. Көп­томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2007. Т.1. – 456-б.). Ғабең әңгіме жанрының көркемдік деңгейін өсірді. Шағын жанрдың мүм­кіндігін мейлінше ыңғайлы түрде пайда­ланды, жазған туындылары шетінен кесек туындылар десек, артық айтқандық емес. Мәселен, «Автобиографиялық әңгіме», «Этнографиялық әңгіме», «Сөз жоқ, соның іздері», «Өмір жорығы», «Қас­қырды атқан қайсысы?», «Боранды түнде», «Сілекеевтердің кенжесі» сияқты ірілі-ұсақты әңгімелері осындай мығым дүниелер. Олардың әрқайсысы Ғабеңнің өзінің қаламына тән шеберлікпен мей­лінше көркем жазылған. Әңгімелерде қызықты оқиғалар да, бір оқығаннан-ақ есте қалып қоятын ұтқыр характерлер де, философиялық түйіндеулер де бар. Шығарманы өмірге келтіру үстінде осынау қажетті факторларды автор бір-біріне ше­бер үйлестіріп, қабыстырып, шендестіріп отырады. Осының бәрі Ғабең шеберлігінің шыңы. 
«Қазақ әдебиеті тарихының» 8-томында Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығы жайында: «Ғабең шығармалары – ерекше әсем эстетикалық құдіретімен, тіл ажарымен әрқашан көрермен мен оқырмандарды айрықша әсерлендіретін ұлттық мұраға кіреді. Оны талдап түсіну, әсіресе егемен елдің ой-санасы мен рухын көтеруге қызмет етеді» деген тұжырым жасалған. Бұл Ғ.Мүсі­репов шығармашылығына берілген әділ баға (Қазақ әдебиетінің тарихы, Т.8 Алматы: Қазақпарат, 2004. 519-б.). Осы ретте оқырман қауымға, 1953 жылдың 21 қаңтарында Қазақ ССР Ғылым академиясының Президиумы өткізген бес күндік пікірталастың стенограммасымен та­ныстыра кеткен жөн болар деп ойлаймын. Өйткені Ғабит Мүсірепов жай ғана жазушы емес, ол қайраткер, халық қалаулысы да болды. Бірақ бүкіл өмір сүруі мен ұстанған бағыты Абай бабамыз айтқан «толық адам» концепциясымен үйлесіп жатыр. Қазақстан Компартиясы Орталық ко­митетінің «Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институты қызметіндегі өрес­кен саяси қателіктер туралы» қаулысының орындалу барысына арналған жоғарыдағы пікірталаста Ғ.Мүсіреповтің салмақты да салиқалы пікір ұстанып, азаматтық танытқанын көп адам біле бермейді. Сол пікірталаста Кеңестер Одағының Батыры, филология ғылымдарының кандидаты Мәлік Ғабдуллин баяндама жасап, қазақ эпостарына қатысты Ғ.Мүсірепов атына да сын айтады. – Мен әдебиет зерттеушісі де, фольклортанушы да емеспін, – дейді Мүсірепов. – Мен шағын сөзімді қазақ совет жазушылары мен халық эпостары арасындағы қатынасқа арнамақпын. Ғабит Мүсірепов баяндамасы шын мә­нінде терең ойлы, дүниені қоғам дамуы­нан тыс қарамай, тарихи оқиғалармен санас­пай, халық эпостарына дұрыс баға беруге болмайтынын талдап, саралап жеткізеді.
Академик Мырзатай Жолдасбековтің жазушы еңбегін талдай отырып айтқан нағыз бағасын білсек: «Ғабең ол өзін де, өзгені де қайталамаған жазушы. Әрбір шығармасы әдебиетіміздің асу-асу белдерін, шоқтықты кезеңдерін айқындап отырған жазушы. Мүсіреповтың қай туындысы да қазақ әдебиетінің мерейін асқақтатып, мәртебесін ылғи көтеріп отырды. Ғабит Мүсіреповтың азаматтық бейнесі де сан ұрпаққа үлгі боларлық тұлға еді. Шығармаларындағы кіршіксіз тазалық ол кісінің өз бойына да тән болатын. Сонау бір ел ағасыз, тон жағасыз қалып жатқан зар заманда да Мүсірепов арын аттамаған, ұлттың тағдыры, ұлттың намысы үшін басын бәйгеге тіккен азамат екенін жұртшылық жақсы біледі. Осының бәрін оймен таразылаған сәтте Мүсірепов тұлғасының одан сайын сомдала, күрделене түсетінін аңғарамыз. Соңғы кезде алыптар тобы деген тіркесті жиі-жиі қолданып жүрміз. Осы тіркесті алғаш рет қолданған әрі ойлап тапқан Ғабит Мүсірепов екенін екінің бірі біле бермейді-ау деп ойлаймын. Ғабең ол кезде алыптар тобына Сәкен мен Бейімбетті, Ілияс пен Мұхтарды, Сәбитті қосқан болатын. Ал кейінгі жылдары бұл тізімге Жүсіпбек, Мағжан, Ахмет, Міржақып, Ахмет секілді аяулы ағаларымыз келіп қосылды. Сөз жоқ осынау алыптардың бел ортасында Ғабеңнің өзі тұр. Әрі сол топтағы Ғабеңнің орны халыққа да, елге де ерекше.Шоқтығы биігі, сәулесі жарығы деп білеміз. Заманынан озып туған Ғабит Мүсірепов қазақтың қара сөзінен мәңгі өлмейтін ескерткіш орнатып кетті. Сондықтан да ол бүкіл әлемдегі цивилизацияны көркейтуші ретінде туған халқымен мәңгі жасай бермек...»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет