Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері



бет4/5
Дата10.04.2023
өлшемі158,5 Kb.
#80895
1   2   3   4   5
ҚОРЫТЫНДЫ
Ғабит Мүсіреповтің қазақ әдебиетінде қалдырған өрнекті іздері қай заманда да ескірмейтін асыл қазынасы болып табылатындығы қалың қазаққа мәлім. Ғ.Мүсірепов мұра­лары халқымыздың тозбайтын, ес­кір­мейтін рухани қазынасы. Жекелеген шығармала­ры Кеңес заманының тоталитарлық талап­тарына, идеологиялық шарттарына сай жа­з­ылғанымен, жазушының көркемдік асу­лары уақыт сынына төтеп бере алатын, тот баспайтын сөз асылдары екендігі ақиқат. Тіпті жазғандарына жоғары жақтың қырағы көздері жіті үңіліп жатқан қиын заманның өзінде де қаламгер ұлт мүддесіне қатысты ой-пікірлерін жасырмай, ашық айтып, көркем сөз үлгілерін оқырман талғамына ұсына білуден ешқашан тартынған емес. Ғ.Мүсірепов өзінің №344 қойын дәптерінде мынадай жолдарды жазыпты: «...адамның ой-көңіл, ниет портреті жүзінде. Түгел жүзінде. Адамның жүзі сұрланып кететін, қызарып кететін, қоңырайып кететін, бозарып кететін, жадырап кететін кездері болады. Осының себебі неде? – Көңіл құбылысында, ойлау өзгерісінде. Олай болса, адам ойының, ниет-пейілінің дәл осы сәттердегі дәл портреті жүзінде. Адамның бет терісі миы жасалған материалдан жасалса керек. Сондықтан миына (ойына, сезіміне, көңіліне) келгені қолма-қол бетке шыға келеді. Кейбір адамның жүзі қарамен таңбаланып қалады, кетпейді. Сондықтан, мен адам ойының портреті жүзінде дегім келеді» (Ғажайып Ғабең. «ТSТ Соmpany» бас­пасы, 4-б.,2012 ж.). Иә, Ғабең кейіпкерлерін жазбай та­ни­сың. Олар өз заманының, өз уақы­тының көркем бейнесі ретінде қазақ әде­биетінің шоқтығын биіктетіп тұр. Көркем әдебиетіміздің тамаша үлгілері ретінде Ғ.Мүсірепов туындыларының қазақ әде­биетінің алтын қорынан берік орын алғаны халқымыз үшін мақтаныш. Уақыт керуені тоқтамай үздіксіз жылжып жатыр, ал қара сөзбен айшықталған әсем ойлар, көркем көріністер санамызда өшпестей болып нұрланып тұра бермек. Ғабеңнің туындылары ескірмейді, бүгінгі жиырма бірінші ғасырдың оқырмандары үшін де тозаң тимеген алмастай жарқырай береді.
Ғ. Мүсреповтің жетістігі – тілінің көркемдігі. Жазушының бейнелі суреті езуге жеңіл күлкі үйіріп, ащы мысқылға тұнып тұрады. Жоғарыда аталған аналар туралы əңгімелерінің бəрінде де қазақи өмірге, тұрмыс-тіршілікке, түсінікке жақын, ауыл өмірінің небір қырлары, ондағы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, қоғам мен заман тынысы суреттеледі. «Кең көйлектің етегі арт жағынан жел үрген тауықтай түріліп кеткен Жəніш бəйбіше...», «Кебіс табанына ұшып келіп, айран бетіне шаншыла түскен тезек сынығы құйрығын шошайтып, Жəніш бəйбішені нұсқағандай болды» секілді мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Жазушының ана туралы əңгімелерінде қазіргі уақытта да өзінің мазмұндылығын, маңыздылығын жоймаған, қанатты сөздер мол кездеседі.
«Мақтасақ – əйелді мақтайық та, құрметтейік те əйелді. Әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!». «Күнсіз гүл өспейді. Сүюсіз бақыт жоқ. Әйелсіз сүю жоқ. Анасыз ақын да болмайды, батыр да болмайды».Жазушы əңгімелерінен осындай қанатты сөздерді молынан кездестіруге болады.
Қазақ əдебиеті тарихының алтын қорынан ойып орын алатын Ғ. Мүсіреповтің шығармашылығы талай зерттеу еңбектеріне нысан болары сөзсіз. Себебі, əрбір қаламгердің өзіндік стильдік өрнектері, өздері сүйіп қолданатын тəсілдері, жазу машығы болады. Қаламгер сонысымен дара, сонысымен ерекше, сонысымен өзгеше. Ал мұндай даралық Мүсірепов шығармашылығының алтын қазығы.
Ғ.Мүсірепов құрылысшы сияқты әр кірпішті орнына қалай біледі. Зергер жазушы сөзге, сөздің мәнінен үлкен мән береді. Жазушы: «Сөйлем сөзден құралады. Сөйлемнің құрамына кіретін әрбір сөздің өзі тұлғалы болу керек. Сонда сөйлем тұлғалы болып шығады. Көркем әдебиетте сөз тұлғалы болуымен бірге текемелі, әр сөз тұлғалы, әрі бейнелі, көркемдік содан туады».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет