Ей мейірімділердің ең Мейірімдісі! Ей, тәубелерді қабыл ететін және дұғаларға жауап



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата09.06.2023
өлшемі136,88 Kb.
#99953
1   2   3
 
Дұға: 
Ей, Раббымыз! Дұшпандарымыздың және бізді 
өздеріне дұшпан санайтындардың ауызбіршілігін жой. 
Олардың топтарын талқанда, іштеріне бөлінушілік 
тұқымын ек. Оларда бір-біріне деген жеккөрушілік 
сезімін оят, бізге арнап қазып жатқан орларына өздерін 
түсір. Ислам дінінің дұшпандарын, бізді дұшпан деп 
жариялағандарды, Сенің дұшпандарыңды, Құранның 
дұшпандарын көр-соқыр, керең және меңіреу ет.
Ей, Раббымыз! Бізді алдағандарды және алдамақ 
болғандарды, бізге тұзақ құрғандарды және құрмақ 


болғандарды, дұшпандық еткендерді және дұшпандықты 
ойластырып жатқандарды, алдағандарды, арамдық 
ойлағандарды Өзіңе тапсырдық. 
Дұға:
Ей, Раббымыз! Біздің және иман мен Құран 
жолында қызмет етіп жүрген бауырларымыздың қалаған 
және қаламаған, білетін және білмейтін бүкіл 
мұқтаждықтарымызды қамтамасыз ете гөр және 
төбемізге төніп тұрған барлық бәле-бетерді басымыздан 
сейілт. Әлемнің түкпір-түкпірінде Сенің ризалығың үшін 
қызмет етіп жүрген бауырларымызбен бірге бізге де 
нағыз ықыласты нәсіп ет. 
Дұға:
Ей, Раббымыз! Бүкіл күнәларымызды: үлкенін-
кішісін, алдыңғысын-кейінгісін, жария болғанын-жария 
болмағанын кешіре гөр. Бізге рақымшылық жаса, кем-
кетігімізді қалпына келтір және бізді абыройлы ет.
Ей, 
Раббымыз! 
Кемшіліктерімізді 
кешір, 
біздің 
құлдығымызды қабыл ал, аманатыңды қайтып алғанға 
дейін бізге аманатыңды сақтауға көмектес. Бізді 
жәннатыңды және жәннатта Сенімен жүздесуді нәсіп ет. 
Ей, Раббымыз! Мұхаммед үмметі ретінде біздің 
ауызбіршілігімізді, бірлігімізді күшейт. Бір-бірімізге 
деген 
бауырмашылдық 
сезімдерімізді 
ұлғайт. 
Жамандықтар мен бәле-бетерден бізді аулақ қыл.
Ей, Раббымыз бізді басқарып отырғандарға тура жолды 
нәсіп ет, Отанымыз үшін, халқымыз үшін жасамақ болған 
қайырлы істерінде жәрдемшісі бол. 
Дұға: 
Ей, Раббымыз! Өміріміздің ең қайырлы сәті – 
соңғы деміміз, амалдарымыздың ең қайырлысы – соңғы 


амалымыз, күндеріміздің ең қайырлысы – Саған 
қауышқан күн болсын. Осыны бізге нәсіп ет!
Ей, Раббымыз! Бізге Сенің ризашылығыңа қол 
жеткізетін амалдарды жасауды нәсіп ет. 
Ей, 
Раббымыз! 
Надандықтан, 
күпірліктен, 
пасықтықтан, Саған қарсы келіп дұшпан болудан, 
басқалары көрсін-білсін деп адамдардың көзіне түсу 
мақсатымен амалдар жасаудан сақтанып Саған сиынамыз 

Дұға: 
Ей, 
Раббымыз! 
Кереңдіктен, 
мылқаулықтан, 
жынданып кетуден, алапестіктен және де басқа жаман 
аурулардан, нығметіңнің кесілуінен, тыныштықтың 
бұзылуынан, азабыңның аяқ астынан басымызға келуінен 
бізді сақтай гөр.
Ей, Раббымыз! Пайдасы жоқ бос білімнен, Сенен 
қорықпайтын жүректен, тойымсыз нәпсіден және жауап 
берілмейтін дұғадан сақтанып, Саған сиынамыз.
Ей, 
Раббымыз! 
Жасаған-жасамаған 
барлық 
амалдарымыздың 
кәрінен, 
білетін-білмейтін 
нәрселеріміздің жамандықтарынан бізді сақтай гөр. 
Дұға: 
Ей, Раббымыз! Жер сілкініп, қираған үйдің астында 
қалып кетуден, жоғарыдан құлап кетуден, суға батып 
кетуден, өрттің ішінде қалып кетуден, дол апаттарынан, 
әр түрлі қауіп-қатерден, жылан, қарақұрт және басқа да 
улы жәндіктердің шағуымен өлуден және өлім сәтінде 
шайтанның арбауынан сақтай гөр. 
Ей, Раббымыз! Мінез-құлықтың, амалдардың, 
арман-тілектердің жаманынан, дұшпанның бізден үстем 


болуынан, 
басқалардың 
басымызға 
келген 
жамандықтарға қуануынан бізді сақтай гөр. 
Дұға: 
Ей, Раббымыз! Қайғы-мұңнан, қиянаттан сақтай 
гөр. Нағыз өз болмысымызды табуға көмектес, бізді 
нәпсіміздің жамандықтарынан сақта.
Ей, Раббымыз! Бізді әйел затының фитнасынан сақта. 
Ей, 
Раббымыз! 
Егер 
ұмытып 
кетіп 
немесе 
жаңылыстықпен қателікке ұрынсақ бізді сол әрекетіміз 
үшін жауапқа тартпа. Көтере алмайтын жүкті берме, бізді 
кешір, рақымдылық танытып біздің кемшіліктерімізді 
кеш. Бізге мейіріміңді төк. Кәпірлерге қарсы бізге 
жәрдемші бол. Біздің жәрдемшіміз Сенсің.
Ей, Раббымыз! Бізді дін және дүние фитналарынан, 
ақырзаман фитнасынан, Мәсіх Тажалдың, Суфианның 
фитнасынан, 
дінсіздердің 
зорлық-зомбылығынан, 
мұнапық-екі жүзділердің, пасықтардың фитнасынан 
сақта. 
Дұға: 
Ей, Раббымыз! Бізді бұрыс жолдан, бидғаттардан, бәле-
бәтерден, жамандыққа жетелейтін нәпсінің кәрінен сақта. 
Бізді бір сәтке болса да нәпсімізбен жападан жалғыз 
қалдырма. Ей, Раббымыз! Бізді қабір азабынан, қиямет 
күнгі азаптан, тозақ азабынан және Сенің қаһарыңның 
азабынан сақта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет