Ей мейірімділердің ең Мейірімдісі! Ей, тәубелерді қабыл ететін және дұғаларға жауап



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата09.06.2023
өлшемі136,88 Kb.
#99953
  1   2   3


Дұға:
Ей мейірімділердің ең Мейірімдісі! 
Ей, тәубелерді қабыл ететін және дұғаларға жауап 
беретін 
Раббымыз! 
Саған 
қарай 
бұрылдық. 
Пайғамбарымызды шапағатшы ете отырып, қолымызды 
Оның қасиетті қолдарының астына қойып, тілейтін 
нәрселерімізді осылайша сұраймыз. Әй Раббымыз! 
Жасағандарымыз үшін мыңдаған тәубә айтамыз. 
Күнәларымыз көп, бірақ Сенің мейірімің де бәрінен 
астам, бәрін де қамти алады. Мейірімің азабыңнан асып 
түседі. Бізге мейіріміңді төге гөр. Ей, Раббымыз! Кей 
жүздер ағарып, кейбір жүздер қарауытатын күні бізді 
жүздері - ақ, көңілдері - пәк, сүйікті Пайғамбарымыздың 
туының қасында жиналатын бақытты адамдардың 
қатарына қос. Сонымен қоса жәннатқа кіруді, Сенің 
қасиетті сұлулығыңды көруді, Сенің достарыңмен 
(пайғамбар, әулиелермен) көрші болуды және үлкен 
дәреже - Сенің ырзашылығыңа бөленуді нәсіп ет!.. 
Дұға: «Ей, Раббымыз! Мүліктің иесі - Сенсің! Қалаған 
адамыңа дүние мүлік беріп, қалаған адамыңнан оны 
аласың.
Барлық жақсылықтар, қайырлар Сенің қолыңда. Сенің 
барлық нәрсеге күшің жетеді. Жақсылықтарды тарту 
ететін Сенсің! Бізге бұл дүниеде және ақыретте 
жақсылық 
бер. 
Ей, 
Раббымыз! 
Біздің 
және 
балаларымыздың жүрегіне Ислам нұрын, Құранның түзу 
жолын тарту ет! Барлық туған-туысқандарымызды 
Исламға және Құранға мойынбұрған адамдардың 
қатарына қос. Бәрімізге мұсылман болып өмір сүруді 
нәсіп ет. Ей, Раббымыз! Сенің сүйікті құлың Мұхаммед 
Мұстафаның 
(С.А.С) 
құрметіне 
мұсылмандардың 
жүрегіндегі барлық бөлінушілік тұқымын жой. Бізді бір 


бірімізге сахабалар сияқты дос және бір бірі үшін өмір 
сүретін тұлғаларға айналдыр. 
Дұға: «Ей, Раббымыз! Сенің бір есімің - Сәлем. Есендік 
тек қана сенде! Мұхаммед Мұстафа мырзамызға 
рақымдылығыңды төк. Сол рақымдылығыңмен бізді 
барлық бәлелер мен қорқыныштардан құтқар. Барлық 
мұқтаждықтарымызды қамтамасыз ет, күнәларымыздан 
бізді тазарт, бізді ең жоғары дәрежелерге жеткіз. Сол 
рақымдылығыңның құрметіне бізді бұл өмірде де, 
өлгеннен кейін де жақсылықтардың ең шыңына шығар. 
Ей, Раббымыз! Ұрпақтарымызға жәрдем ет, бізге де 
оларға жәрдем етуді нәсіп ет. Жүрегі мен көңілі жаралы 
жандардың, мұқтаждардың жәрдеміне келуді бізге нәсіп 
ет. Бізге бір бірімізді жақсы көргізіп, адам ретінде өмір 
сүруді нәсіп ет. Жүрегімізді, аяғымызды тура жолдан 
тайдырма.» 
Дүға: 
«Ей, Раббымыз! Бізге Сенен кешірім сұрап, саған қайта-
қайта жалбарынатын, саған деген құрметі аса зор болған 
және Сенің жолыңа қарай бет бұрған көңіл беруіңді, 
сондай жүрек беруіңді сұраймыз. Нәпсімізге тақуалық 
нәсіп етіп, оны күнәдан тазарт. Ей, Раббымыз! 
Қателіктерімізді қармен жаңбырмен жу. Жүрегімізді ақ 
көйлектің кірден тазарғанындай етіп тазала және күнәміз 
бен біздің арамызды шығыс пен батыстың арасын 
бөлгеніңдей етіп бөл. Ей, Раббымыз! Сенен бұл дүние 
мен ақыретте есендік және жамандықтардан аулақ 
болуды тілейміз. Мұсылман әлемін және барлық 
адамзатты жер мен аспан, яғни табиғат апаттарынан 
сақта. Ей, Раббымыз! Күшіміздің әлсіздігін, шарамыздың 
аздығын, адам баласы ретінде мән берілмейтіндігімізді 
саған арызданамыз. Бізге өз көз алдымызда кішкентай, 


бірақ басқа адамдардың көз алдында алып болуды нәсіп 
ет.» 
Дұға: 
«Ей, Раббымыз! Сенен рақымдылығыңа бөлену үшін 
соған себеп болатын нәрселерді, кешіріміңді әр түрлі 
күнәлардан сақтануды, әр түрлі жақсылыққа қол 
жеткізуді, жәннат пен жәннатта Сені көру бақытына қол 
жеткізуді, тозақтан құтылуды бізге нәсіп етуіңді 
сұраймыз. Ей, Раббымыз! Біліп тұрып және білместікпен 
жасаған күнәларымызды кешір. Бізді тура жолға түсір. 
Нәпсіміздің жамандықтарынан саған сыйынамыз. Ей, 
Раббымыз! Біздің дәрежемізді көтер, кемшіліктерімізден 
арылт, бізге рызық бер. Бізге салиқалы амал жасауды, 
жақсы мінез құлыққа қол жеткізуді нәсіп ет. Себебі 
жақсылыққа жеткізетін тек қана Сенсің, жамандықтардан 
сақтайтын да тек қана Сенсің!» 
Дұға: 
«Ей, Раббымыз! Байсалдылығымызды да, әзіл айтқан 
кезімізді де, біреуге жамандық жасағанымызды да, 
біреудің ақысын жеген кезімізді де, қатемізді де, әдейі 
жасағандарымызды да кешір. Біз мойындаймыз, бұл 
кемшіліктердің бәрі де біздің бойымызда бар. Бізге сыйға 
тартқан нығметтеріңнің берекетінен бізді мақұрым етпе. 
Мақұрым еткен нәрселеріңмен де бізді емтихан етпе. Ей, 
Раббымыз, бізді Саған көп шүкірлік айтатын, Сенен 
қатты қорқатын, Сені көп зікір ететін, Саған қатты 
бағынатын, Сенің алдында құрметпен тағзым ететін, 
саған қайта қайта дұға етіп жалбарынатын, үнемі тек қана 
Саған қарай ұмтылатын, Саған қарай жүретін 
құлдарыңның қатарына қос!» 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет