Созылмалы сальпингоофарит емі әйелдер кеңесінде жүргізіледі. Антибактериальды ем бұл сатыда жүргізілмейді.
Трихомониоз– қынаптың трихомонадпен қоздырылатын инфекциялық ауруы. Адамда трихомонадтың тек үш түрі кездеседі қынаптық, ішектік, ауыз қуысындағы. Жыныс мүшелері мен зәр шығару жолдары тек қынаптық трихомонадтермен зақымдалады. Трихомониаз жыныс қатынасы арқылы беріледі. Асептика ережелерін сақтамаған кезде медициналық қызметкер қолы арқылы және жеке бас гигиенасының заттары арқылы жұғуы мүмкін. Қыздарға жұғуы – ұрықтық, яғни инфекцияланған босану жолдары арқылы шыққанда, сонымен қатар контактілік жол арқылы ауру анасының жыныс жолдарындағы белгісінің енуінен, егер қызымен бір төсекте ұйықтаса.
Трихомониоз – қынаптың трихомонадпен қоздырылатын инфекциялық ауруы. Адамда трихомонадтың тек үш түрі кездеседі қынаптық, ішектік, ауыз қуысындағы. Жыныс мүшелері мен зәр шығару жолдары тек қынаптық трихомонадтермен зақымдалады. Трихомониаз жыныс қатынасы арқылы беріледі. Асептика ережелерін сақтамаған кезде медициналық қызметкер қолы арқылы және жеке бас гигиенасының заттары арқылы жұғуы мүмкін. Қыздарға жұғуы – ұрықтық, яғни инфекцияланған босану жолдары арқылы шыққанда, сонымен қатар контактілік жол арқылы ауру анасының жыныс жолдарындағы белгісінің енуінен, егер қызымен бір төсекте ұйықтаса.
Клиника. Жедел, жеделдеу, және торпидті (азсимптомды) түрін, созылмалы тромониоз (ауру ұзақтығы 2 жылдан көп) және симптомсыз трихомониоз (тұрақты және транзиторлы трихомонадотасымалдаушылық) ажыратады. Инкубациялық кезеңі 3-5 күннен 20-30 күнге созылады. Аурудың негізгі белгісі сыртқы жыныс мүшелерінде қышу мен сұр-сарғыш түсті көп мөлшердегі сұйық көпіршікті бөліністер.Қараған кезде қынап пен вульва кілегейі ісінген, қызарған, сұйық іріңді бөліністермен, ұсақнүктелік қанкетулермен жабылған.