70-80% инфицирленген адамдарда хламидияның симптомсыз түрінің болатыны анықталған.
70-80% инфицирленген адамдарда хламидияның симптомсыз түрінің болатыны анықталған.
Инфекция жыныстық жолмен беріледі. Инкубационды кезең 5-7 күн.
Хламидиялық инфекция кезінде босану мерзімінен бұрын босанумен, босануға дейін қағанақ қабының жарылуымен, ҚІҰДК (құрсақішілік ұрық амуы кідіруі), ФПЖ дамуымен асқынады.
Хламидиялық инфекция кезінде эхографиялық ұрықтың құрсақішілік жұқтыруына күмәндануымыз керек егер де бала жолдасының мерзімінен бұрын жетілуі, суаздық, жіңішке бала жодасы анықталса.
50-60% жағдайда генитальды хламидиоз жүкті әйелдерде босану кезінде баласына жұғады. Жаңа туған нәрестелерде іріңді-кілегейлі конъюктивит дамиды(20% жағдайда), немесе пневмония (10% жағдайда). Сонымен қоса хламидиялық назофарингиттер, гастроэнтериттер сипатталған.
Қарапайым герпес вирусы
Қарапайым герпес вирусы
Генитальды герпес жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың ішінде ең жиі таралғаны және гениталийдің жаралық зақымдануының жиі себебі. Жиілігі: Европада 10-20% жүктілер серопозитивті ВПГ-2-ге, Ресейде – 31%, АҚШ-та – 2,4-20,0 1000 жүктілікке серопозитивті ВПГ-2-ге және 1,8 1000 жүктіге ВПГ-1-ге.
Генитальды герпес – емделмейтін вирусты инфекция, қоздырғышы 2 типті қарапайым герпес вирусы, кейде 1 типті (яғни лабиальды герпес). Көбінесе біріншлік зақымдану жүктілік кезінде болады. Қауіптілігі: жүктілік кезінде ұрыққа құғуқаупі және АИВ инфицирленуге жоғары қауіп.
Инфицирлену жолдары: жыныстық жол арқылы. Вирус ағзаға зақымдалған тері мен кілегей қабат арқылы енеді. Жүйке талшықтары арқылы жүйке ганглийлеріне енеді, ол жерде өмір бойы латенция жағдайына өтеді. Периодты түрде рецидивтер болады. Рецидивтер көбінесе ВПГ-2 кезінде байқалады, ВПГ 1-ге қарағанда. Рецидивтер бөртпемен және бөртпесіз болуы мүмкін.
Клиника: Инкубационды кезең - 2-10 күн. Көбінесе генитальды герпес атипиялық түрде өтеді, сондықтан 5 науқастың 4-уі өзінде инфекция барын білмейді. Генитальды герпестің атипиялық ағымына вульводиния, вульвовагиниттер, эндометриттер, сальпингоофорит, проктит, уретрит, цистит, қышу, ісіну, сыртқы гениталий және перианальды аймақтың жарылуы жатады. Генитальды герпестің атипиялық түріне нейропатия, тазовый ганглионеврит жатады. Біріншілік зақымдану жыныс еріндері, қынап және жатыр мойны аймағында ауырсынатын, қышитын көпіршіктер және жаралар түрінде білінуі мүмкін. Дизуриямен, қынаптан бөліністермен, шаптық лимфоаденитпен сипатталады.