Вульвит – сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы. Біріншілік және екіншілік вульвитті ажыратады.
Вульвит – сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы. Біріншілік және екіншілік вульвитті ажыратады.
Біріншілік вульвит жарақаттанған аймақтың инфицирленуінен болады. Сыртқы жыныс мүшелеренің жарақаттануы қант диабетінде, гельминтозда, әртүрлі тері ауруларында пайда болады.
Екіншілік вульвит сыртқы жыныс мүшелерінің патогенді микроорганизмдерімен инфекцияланғанда, яғни кольпит, цервицит, эндометрит кезінде қынап арқылы бөліністердің ағу нәтижесінде болады.
Клиника. Жедел және созылмалы вульвитті ажыратады. Жедель вульвитте сыртқы жыныс мүшелеренің жайылмалы қызаруы және ісінуі, сонымен қатар іріңді бөліністер, шап қыртыстар аймағындағы ісінулер, кейде шап лимфа түйіндерінің ұлғаюы, жиі жағдайда сыртқы жыныс мүшелерінің айналасындағы қышынуға, ашуға жиі жалпы әлсіздікке шағымданады. Созылмалы ағымда бұл белгілер жасырын түрде болып, тек қышыну, ашу, қызару болады.