Клиника. Жедел және созылмалы вульвитті ажыратады. Жедель вульвитте сыртқы жыныс мүшелеренің жайылмалы қызаруы және ісінуі, сонымен қатар іріңді бөліністер, шап қыртыстар аймағындағы ісінулер, кейде шап лимфа түйіндерінің ұлғаюы, жиі жағдайда сыртқы жыныс мүшелерінің айналасындағы қышынуға, ашуға жиі жалпы әлсіздікке шағымданады. Созылмалы ағымда бұл белгілер жасырын түрде болып, тек қышыну, ашу, қызару болады.
Диагностикасы:
анамнезі бойынша
гинекологиялық зерттеу нәтижелері бойынша
вульвадағы бөліністі бактериологиялық, бактериоскопиялық зерттеу
кольпоскопия
Емі.
Емі.
төсек режимін сақтау
жыныстық қатынастан сақтану
күніне 2-3 рет сыртқы жыныс мүшелерін ромашка тұнбасымен, калий перманганатының жылы ерітіндісімен жуыну, бор қышқылының 2-3% бор ерітіндісімен де жуынуға да болады.
бактериальды, саңырауқұлақты, паразитарлы вульвитте – полижинакс, тержинан бір таблеткадан ұйықтар алдында қынапқа енгізу. Емнің ұзақтығы 10 күн.
егер екіншілік вульвиттің қоздырғышы кандида болса, гинопеварил, микогал – 1 балауыздан (150 мг) түнге, з күн бойы, рецидиате 1 балауыздан күніне 2 рет 7 күн бойы, және де сыртқы жыныс мұшелеріне крем түрін жағу. Жоғарғы нәтижелі емді орунгалды 100 мг-нан 2 рет күніне 6-7 күн бойы, сосын 3-6 еттеккір бойы циклдің бірінші күндері 1 капсуладан қабылдағанда кқруге болады.
вульваның қатты қышуы болса 5% анестезин майын қолдануға болады.
Бартолинит – қынап кіреберісінің үлкен бездерінің қабынуы.
Бартолинит – қынап кіреберісінің үлкен бездерінің қабынуы.
Қоздырғыштары: жиі стафилококк, стрептококк, ішек таяқшасы, протей, сирек жағдайда – гонококк, трихоманада және т.б. микроорганизмдер
Клиникасы:микробтар бездердің шығарушы өзегін зақымдайды (каналикулит), сонымен қоса безді. Каналикулитте науқастың жалпы жағдайы өзгермейді. Бездің шығарушы өзегінің айналасы ісініп, қызарып, үстінен басқанда өзектен іріңді тамшылар шығады. Өзек бітелген кезде бездің псевдоабсцессі дамиды. Псевдоабсцесс дамыса, науқастар жалпы әлсіздікке, сыртқы жыныс мүшесі айналасындағы жағымсыз сезімге шағымданады. Дене қызуы субфебрильді болады.
Үлкен жыныс мүшелерінің ортаңғы және төменгі үштен бір бөліміндегі ісіну мен қызару болады, пальпация кезінде ауырсыну, жергілікті температура жоғарылауы, жұмсақ тіндер ісінуі байқалады.Псевдоабсцесс үлкен жыныс ернінің ішкі және сыртқы жаққа томпайып, кіші жыныс ерніне тарап, қынап кіреберісін бітейді. Жыныс ерінінің ішкі беткейіндегі шығарушы өзекте ақшыл қызыл түсті дақ пайда болады. Микробтардың бездің паренхимасы мен жұмсақ клетчаткаға тарауы шынайы абсцесстің дамуына алып келеді. Науқас жағдайы күрт нашарлайды. Қарағанда ауырсынатын, ісік тәріздес түзіліс анықталады, ірің көп мөлшерде жинақталса флюктуация дамиды.