«Алаш» қозғалысыжәне ұлттық мемлекет идеясы Түркі-мұсылман халықтарының зияткерлік элитасы мен Ресей империясының өзара байланыстары. Ресей империясындағы мұсылман қозғалысының қалыптасуы. Бүкілресейлік мұсылман съездеріне қазақ элитасы өкілдерінің қатысуы. Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысының қалыптасуындағы «Иттифак-эл-муслимин» (мұсылмандар Одағы) рөлі. Орыс түркітану ілімі және оның қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына әсері. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары және олардың қызметі. Меценаттықтың пайда болуы мен дамуы. Маркстік, либералдық-демократиялық, кадеттік топтар мен ағымдардың қалыптасуы.
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Революциялық өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ саяси элитасының қазақ комитеттерін құруға шақыруы. Облыстық қазақ съездері және олардың маңызы. Уақытша үкімет органдарындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметі. 1917 жылғы жаздағы саяси дағдарыс. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы мен Алаш партиясы депутаттарын сайлау. Қазақ зиялыларының саяси, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеудегі жаңа тәсілдер.
КАЗАҚСТАН КЕҢЕСТІК ӘКІМШІЛ-ӘМІРШІЛ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМЫНДА Азаматтық-саяси қайшылықтар Қазақстан Қазан төңкерісі және кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір.Кеңес өкіметінің орнауы. Ресейдің Халықтар құқығы декларациясының жариялануы (1917 ж. 15-қазан).
Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері. Алаш және Қоқан автономиясы билік органдарының жойылуы. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы. Алаш Орда үкіметінің қазақ ұлттық әскерінің іс-қимылдары. Қазақ аумағында әскери іс-қимылдардың тарауы. «Соғыс коммунизмі» саясаты. Алаш Орда үкіметіне амнистия жариялануы. А.Байтұрсынұлының В.И.Ленинге жазған хаттарында большевиктік идеяларын сынауы. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы. Қырғыз (Қазақ) АССР-інің аумақтық шекарасы мәселелерінің әкімшілік-әміршілдік тұрғыда шешілуі. ҚазАССР және Түркістан Республикасы. Мұсылман бюросы және Түрккомиссия: саяси билік үшін күрес. Біртұтас Түркістан идеясының жеңілуі. Т.Рысқұлов пен М.Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы. Әнуар паша және А.З.Валидов. Қазақстанда большевиктік режимнің қалыптасуы. Қазақстандағы жер-су реформасы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (НЭП). НЭП мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. 1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық.Қазақ зиялыларының ашаршылыққа қарсы күресі. Қазақ өлкелік партия комитетінің «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі. Түркістан республикаларының ұлттық-мемлекеттік межеленуі – біртұтас Түркістан идеясының күйреуі. Қазақ жерлерінің Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына қосылуы.