Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



бет5/14
Дата27.09.2022
өлшемі0,56 Mb.
#40507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáèåò³ áåñ êåçå?íåí ò?ðàäû

Аңыз әңгімелер
Аңыз - фольклорлық проза жанры. Онда елдің, тайпа, рудың шыққан тегі,
кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар - хан,
батырлар, би, шешендер жайындағы, сондай-ақ нақтылы бір жер-су, сол
жерде өткен оқиғалар турасындағы тарихи шындыққа негізделген,
халықтың тарихи жадында сақталған, әйтсе де уақыт өте өңделіп,
көркемдік сипат алған оқиғалар баяндалады. Қазақ аңыздарына алғаш
назар аударғандар - Ш. Уәлиханов пен Г. Потанин. Дербес жанр ретінде
М. Әуезовтің еңбектерінде ғана қарастырыла бастады. .ейіпкерлері: Алдар
көсе, Қожанасыр, Қорқыт, Асан қайғы, Жиренше шешен мен Қарашаш т. б.


Аңыздың өзіндік ерекшеліктері:
1) Тарихи шындықтан туады;
2) Аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде айтылатын жердің аты,
белгілі қайраткердің есімі, оқиғаның болған кезеңі өзінде бар деректер
болады;
3) Аңызда да ойдан қосылған күшейткіш қоспалар қолданылады, бірақ ол
ертегілердегідей қиял емес.
Аңыздың түрлері:
Тарихи аңыздар - тарихи оқиғалар, тарихи адамдар туралы;
Топонимикалық аңыздар - жер-су атаулары (белгілі бір тарихи оқиғаға
байланысты айтылуы шарт);
Күй аңыздары.
• Аңыз әңгіменің өзіне тән ерекшелігі: (Аңызда тарихи шындық пен қиял
араласып жүреді)
• Тарихта болған белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты
туатын, шындық оқиға мен қиял-ғажайып араласып келетін ауыз
әдебиетінің түрі: (Аңыз әңгімелер)
• Жер-су және мекендерге байланысты аңыздар: (Топонимикалық
аңыздар)
• Қазақ аңызында кездесетіндер: (Асан қайғы , Жиренше мен Қарашаш,
Алдар көсе, Қорқыт, Қожанасыр, т. б)
• Қазақ аңызының кейіпкері Жошы хан: (Шыңғыс ханның үлкен ұлы)
•*** Аңыздың прозалық түрлері: (*Тарихи аңыздар; *Топонимикалық
аныздар)
•Аңыз кейіпкерлері: (*Қорқыт, Қарашаш; *Алдар көсе, Қожанасыр;
*Асан, Жиренше)
• Даналықты, шешендік пен тапқырлықты танытқан аңыз кейіпкері:
(Жиренше шешен)
• Қазақ аңыздарындағы қарапайым адамдар бейнесіндегі кейіпкер:
(Жиренше шешен)
• Жәнібек ханның "Бұл дүниеде не өлмейді"" деген сұрағына жауап берген
шешен адам: (Жиренше шешен)
• Аңызда «Дүниеде не өлмейді?» деген хан сұрағына Жиренше шешеннің
берген жауабы: (Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді)
• Жиренше шешеннің сүйген жары әрі ақылшы серігі: (Қарашаш)
• Жиренше туралы аңыздарда аты аталатын ақылды әйелдің есімі:
(Қарашаш)
• Отынына шапанын шауып, ығына өзі отырып, жауында су болмаған аңыз
кейіпкері: (Қарашаш)
•«Ауыл сыртында тезек теріп жүрген бір топ қыз қаптарын арқалап ауылға қарай жүгіре жөнелді. Тек бір қыз сырт киімін қапқа жауып отыра қалады», Үзіндідегі сипатталған кейіпкердің Жиренше шешенге ерекше әсер еткен касиеті: (Ақылдылығы мен тапқырлығы)
"Қорықпа! Сиырларды аңы құдықтың басына айдап барып, жалғыздап суар да, суарганыңды сол жерде айналдырып қуа бер, әуелі ішінең қармауы кетер, онан кейін жын аралас су кетер, ең соңында қара судың өзі кетер. " ("Жиреншенің хан сынағына түскені") - деп айтқан: (Қарашаш)
* *** "Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу" аңызындағы Жиреншенің
жолдас жігітке айтқан(дар)ы: (****Мынау бір бейбастан үйдің жұрты
екен; "Ағаш қазан қайнатайық)
*** Үзінді кімнің сөзі?
"Жалғыз атты әсолаушы,
Аулың менен көш көп жерге.
Құрбыңды іздеп тауып ал,
Жас қыз сөзіңді естірме? (*Қарашаш)
• Жиреншеге Қарашаштың қазасы жайлы естірту айтатын хан: (Әз Жәнібек
хан)
• Жиреншеге қандай жаманат хабарға байланысты естірту айтылады?
(Әйеліне уақыт жеткенде (Қарашаш дүниеден өткенде)
• "Жиренше шешенге Қарашаш сұлудың өлгенін Жәнібек ханның естіртуі" -
естіртудің қандай түріне жатады? (Қара сөз түріндегі естірту)
Жәнібектің:
- Інісі өлген қандай екен ? - деген сұрағына Жиренше: - Сол қанатың
қайырылғаны.
- Ағасы өлген қандай екен? - дегеніне: - Оң қанатың қайырылғаны, - деп жауап берген екен.
•"Қатын өлді қамшының сабы сынды, " - деген сөз ел аңызы бойынша кімге байланысты айтылған? (Жиреншеге)
•Аңыздағы: "Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?" - деген жолдар:(Жиреншенікі)
• Жиренше: "Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?" - деген сөзді
кімнің атынан айтты? (Қаңбақтың атынан)
• Қаңғырған қаңбақпен сөйлесіп, ханның қателігін бетіне басқан аңыз
кейіпкері: (Жиренше)
• "Қайран менің өз үйім, кең сарайым - боз үйім" деген аңыз кейіпкері:
(Жиренше)
• Хан сынағына "жолмен де, жолсызбен де жүрмей" тапқырлық танытқан
шешен: (Жиренше)
• Аңыз әңгіме: ("Жиреншенің хан сынағына түскені")
• Еркек қойды "қоздатып", хан сынағынан мүдірмей өткен аңыз кейіпкері:
(Жиренше)
• "Алдар көсе" аңызының ерекшелігі: (Сюжетінде)
• Алдар көсе қай жанрдың кейіпкері? (Аңыз әңгіменің)
Халықтың әділетсіз байларды масқаралау, келеке ету тілегінен туған
ұнамды, күлдіргі образ: (Алдар көсе)
Аңыз әңгіме: ("Алдар мен шайтан"))
• "Алдар көсенің шайтанды алдауы" деген аңыздағы шайтандардың аттары:
(Құлан мен Түлен)
• «Алдар көсенің шайтанды алдауы» деген аңыз әңгіме сюжетінің аяқталуы:
(Алдар көсенің ала қаптағы алтынды алып кетуі)
• Алдар көсенің шайтанды алдауына арналған аңыздарды сюжеті мен
құрылымы жағынан күлдіргі әңгімеге жатқызуға болады.
• Алдар көсенің алдаудағы мақсаты: (Қарны ток, ақылы жоқтарға тұсау)
• Шығайбай, Бізбикеш деген бейнелер кай аңыз кейіпкеріне қатысты?
(Алдар көсеге)
• "Алдар көсе" аңызындағы бай қызының аты: (Бізбикеш)
• "Алдар көсе" аңызында: "Отырайын он ай," - деп төрге шығатын кейіпкер:
(Алдар көсе)
• "Алдар көсе" аңызында: - Естіген өтірік, көрген шындық, - деп айтатын: (Бай)
"Өтірік болса, сақалым жұлынсын,
Қыз астындағы тырнадай.
Бәрін де осының көріп келдім,
Асыңды асшы ұрламай," - деген жолды айтқан: (Алдар көсе)
• Сараңдықтың жиынтығын беретін аңыз әңгіме кейіпкері: (Шығайбай)
"Алдар көсе" аңызында: "Шық, әй!" - деп үйіне адам қондырмас кейіпкер: (Шығайбай)
"....үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен, заманының сараң байы екен үш не кісі келсе, оның жауабы: Шық, әй! - екен. Осыдан жұрт оны … деп атап кеткен екен". Көп нүктенің орнына сай келетің жауап: ("Шықбермес Шығайбай")
"Шықбермес Шығайбайды мырза байға айналдырмасам, … деген атым құрысын!деп сапарға аттанған аңыз кейіпкері: (Алдар көсе)
"Алдардың Шығайбай үйінде болғаны" әңгімесінде: "Қазы орнына шандыр
бердің, май орнына тезек бердің!" - деп айтушы: (Шығайбай)
• "Алдар көсе" аңызында Алдар көсе майдың орнына тезек салады.
• Алдар көсе туралы аңызда Алдар қазанға еттің орныңа не салады? (Тулақ)
• "Ұрының әйелі өзіне лайық, "-- деген сөздің авторы: (Халык)
• Алдар көсенің мінген аты: (Қасқа ат)
• "Алдар көсе" аңызында байдың өлтірген аты: (Өзінің аты)
• "Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай" аңыз әңгімесінің аяқталуы:
(Алдар байдың қызы Бізбикешті алдап алып кетеді)
• Аңыз әңгімеде: "Алдады деген - осы. әкем моласының қасы, " - дегенді айтқан
аңыз кейіпкері: (Алдар Жиреншеге айтты)
• Халық аңызындағы Алдар көсе бейнесіне тән қасиет: (Тапқырлық)
• Аңыз кейіпкерлері: (Жошы хан, Жиренше)
• "Баламды өлді деп естірткен адамның құлағына қорғасын құямын, " - деп жарлық
қылған аңыз кейіпкері: (Жошы хан)
• Жошы ханға бала өлімін қандай күй арқылы естірткен? ("Ақсақ құлан")
• Аңыз кейіпкеріне айналған жырау: (Асан қайғы)
• Желмаясымен "жер жәннатын" іздеген жырау: (Асан қайғы)
• Мерке жеріндегі Аспараны көргенде: "Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе
суың жетер!" - деген аңыз кейіпкері: (Асан қайғы)
• Жетісуды көргенде: "Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен,
шаруаға жақсы қоныс екен, " - деген аңыз кейіпкері, (Асан қайғы)
• Асан қайғының "Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен.
Тоқты қысыр қалмайтын жер екен, " - деген сыны қай жерге қатысты?
(Қызылтауға)
• Түркі тілдес халықтарға ортақ аңыз кейіпкері: (Қожанасың)
• Қожанасыр бейнесі … ауыз әдебиетіне ортақ кейіпкер: (Қазақ, қырғыз,
түрік); (Әлемнің 24 халқының ауыз әдебиетінде кездеседі. Арабия, Грекия,
Румыния, Сербия, Солтүстік Кавказ т.б.)
•*** Қожанасыр туралы әңгімелер кездесетін елдер: (*Румыния; *Солтүстік Кавказ; *Арабия)
•Имам отбасында туған, ескіше білім алған адам. Ол ел аралап диуана, күлдіргі және бақсы-балғерлікпен айналысып, әкесі сияқты имам да болған… - деп айтылған аңыз кейіпкері: (Қожанасыр)
• Қожанасырға тән нұсқа: (Тапқырлық пен ақылдылық танытады)
• "Қиянатқа шабуыл жасап, әлсіздерге қуат беріп, халық мұратын іздеген сегіз қырлы, сексен сипатты шын Қожанасырды көреміз". Пікір авторы: (С. Бегалин)
• Ы. Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясына" енген аңыз-әңгіме: ("Лұқпан хакім")




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет