Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



Pdf көрінісі
бет14/36
Дата01.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#121338
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
(Сырым биге)
"Ел баласы" деген сөздің мағынасы: (Көптің қамын ойлайтын бала) 
"Кісі болар баланың кісіменен ісі бар
Кісі болмас баланың кісіменен несі бар?" 
(Шешендік нақыл) 
деген Малайсарының сөзі. 
"Киңнің алдында төбе болса, ерттеулі атпен тең. 
ауылыңда ақылғый қарт болса, жазып қойған хатпен тең, " 
Малайсарының сөзі: (Шешендік нақыл) 
деген 
• "Байдалы шешеннің Уәлидің ханымы Айғанымға айтқаны" атты шешенді 
сөздері: (Шешендік арнауға жатады) 
• Соқыр Абыздың Жәнібек батырға айтқан батасы шешендіктің қай түріне 
жатады? (Шешендік арнауға) 
• Шешендік дау түрлері: (Жер дауы, жесір дауы, күн дауы, ар дауы) 
• Мұса Шормановтың бес ауыз жұмбағын шешкен шешен: (Қанжығалы 
Саққұлақ); (Жұмбағы: Ағат деген немене? Сағат деген немене? Қанат деген 
немене? Жанат деген немене? Ханым деген немене?) 
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би өмір сүрген кезең: (XVIII ғасыр) 
"Қарлығаш әулие", "Қарлығаш би" атанған би: (Төле би) 
"Жаңбыр жаумаса жер жетім, 
Басшысы болмаса ел жетім, 
Уқпасқа айтқан сөз жетім…" - деген сөздің авторы: (Төле би) 
Әйелің жақсы болса, 
Бірінші - иманың, 
Екінші - жиғаның, 
Үшінші - ырысыңның тұрағы … деген: (Төле би) 
"Атадан ұл туса игі, 
Ата жолын қуса игі. 
Өзіне келер ұятын 
Өзі біліп тұрса игі, " - деген би: (Төле би) 
Тәуке ханның атақты "Жеті жарғысын" жасасқан би: (Төле би) 
Төле бидің: 
"Ағайын ала болғанда, 
Ауыздағы ас кетер. 
Аңдыған дұшпан көбейіп, 
Жау қолында бас кетер, " - деген сөзінің мағынасы: (Ел бірлігі) 
Төле бидің баласына келіні Данагүлді өзі таңдап әперу себебі: (Ердің 
бақытын келтіретін де, кетіретін де әйел екенін білгендіктен) 


"Құлдық ұрсаң дұшпанға, арылмайтын сорың бар, " - деген сөздерді (Төле би 
Күлтөбенің басында үлкен жнында айтқан) 
Жоңғар мен қазақты бітістіру мақсатында дипломатиялық қызмет атқарған 
шешен: (Қаз дауысты Қазыбек би) 
Қалмақ ханына (қоңтажыға) елшілікке барғандағы Қазыбектің жасы: (14- 
те) 
"Біз қазақ деген мал баққан елміз.Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз…" 
деген сөздің авторы: (Қазыбек би) 
Он үш жасында қалмақ ханы Қоңтажыға: 
"Қазақ қалмақ баласы, 
Табысқалы келгенмін. 
Табысуға канбесең, 
Тұрысатын жеріңді айт!" - деген би: (Қазыбек би) 
Қартайған шағында Қазыбек биге бірден онға дейін санның мағынасын 
айтып беруді сұраған жырау: (Бұқар жырау) 
Қаз дауысты Қазыбек бидің " … сен қабылан болсан, мен - арыстан, алысқан, 
келгенбіз, жаңа үйреткен жас тұлпар - жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары 
иселіммін, жабысқалы келгенбіз" шешендік сөзіндегі қолданылған көркемдік 
тәсіл: (Метафора) 
Өркенім өссін десең. 
Кекшіл болма - кесапаты тиер еліңе. 
Елім өссін десең 
Өршіл болма - 
Өскеніңді өшірерсің. Үзінді қай бидің толғауынан? (Қазыбек би) 
Әйтеке бидің шын есімі: (Айтык) 
"Қасқакөл дауында" ел мүддесін көздеп сөйлеудің асқан үлгісін көрсеткен 
би: (Әйтеке би) 
"Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген жігіт - жақсы 
жігіт, " - деп айтқан: (Әйтеке би) 
Төле би, Ер Қазыбек, тілді Әйтеке
Асқар тау - Қазығұрттай білімді еді. 
Бірі - күн, бірі туған айдай болып, 
Заманға сәйкесімен келіп еді, - деп, үш биге бата берген хан: (Тәуке хан) 
*** Шешендік толғауға жататындар: (*Нақыл сөздер; "Көркем бейнелі 
сөздер; *Шешендік жұмбақтар) 
*** Шешендік сөздердің мазмұнына қарай түрлері: (*Шешендік толғау; 
*Шешендік дау; *Шешендік арнау) 
*** "Сырым мен Малайсары" шешендік әңгімесінде кездесетін мақал- 
мәтел(дер): (*"Қырықтың бірі - Қыдыр"; 
***Асыл тастан, ақыл 
жастан") 
*** Байдалы шешеннің Айғаным ханымға көңіл айтуға келген де айтқан 
сөздері: (*Ер қартайды, мал тайды, Екеуледі, ей, ханым… " Жылау деген азап 
бар, қуартып отқа жандырар. Мен қайғынды қозғағалы келгем жок. 
қайратыңды қолдағалы келдім) 


*** Қазыбек пен Бұқар жыраудың шешендік сөздерінде кездеспейтін 
сөйлем(дер): (*Бес дегеніміз - бірлесе білмеген халық жаман; *Үш дегеніңіз - 
үш жүзіміз біріге алмаса, сол жаман; *Жеті дегеніміз - жылай беретін балан 
жаман); (Дұрыс және толық нұсқасы: Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман, 
Ев 
дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман, Үш дегеніңіз - үш бұтақты шідерден 
шошыған ат 
жаман, Төрт дегеніңіз - төскейге шыға алмаған кәрілік жаман, Бес дегеніңіз 
білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман. Алты дегеніңіз - аймағын билек 
алмаған хан жаман, Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған 
жаман 
Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман, Тоғыз дегеніңіз - 
толғанғаныңыз, Он 
дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз). 
Шешендік туралы жазған Аристотельдің кітабы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет