Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады


ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ (1911-1955)



бет78/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   122
Байланысты:
Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáèåò³ áåñ êåçå?íåí ò?ðàäû

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ (1911-1955)
Туған әсері: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы.
Тұңғыш кітабы: "Өмір сыры" (1938 ж.)
Шыгармалары: Көптеген өлендері және поэмалары: "Ақын өлімі туралы аңыз"
(1943), "Қытай қызы", "Құпия қыз", "Бикеш", "Естай Корлығайын" т. б.
"Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасын Ғ. Мүсірепов "қазақ поэмасындагы жаңа
бетбұрыс" деп бағалады. "… қазақ поэзиясының інжу-маржаны," (Н.Тихонов)
• Қ. Аманжоловтың туған жылы мен туған жері: (1911 жылы Қарағанды
облысы Қарқаралы ауданы)
• Қ. Аманжолов 1935-1936 жылдары қайда қызмет атқарған? (Оралда
ашылған Қазақ театрында)
• Қ. Аманжолов 1930 жылдың басында қандай қызмет атқарды? («Лениншіл
жас» газетінде)
• Қасым Аманжолов қызмет атқарған газет: ("Лениншіл жас", қазіргі "Жас
Алаш" газеті)
• Қ. Аманжоловқа қамқорлық көрсетіп, Семейге оқуға алып келген: (Ағасы
Ахметжан)
• Сөз өнерінің төрінде «өртке тиген дауылдай" жырларымен мәңгі орын
тепкен, 1911 жылы Қарқаралыдағы Қызыл деген жерде дүниеге келген
ақын: (Қ. Аманжолов)
• Қ Аманжоловтың тұңғыш өлеңдер жинағы: ("Өмір сыры")
• "Нұрлы дүние" жинағының авторы: (Қасым Аманжолов)
"Хантәңірі", "Күлемін де жылаймын" өлеңдерінің авторы: (Қасым Аманжолов)
• Қасым Аманжоловтың Мұқағали Мақатаев шығармасымен аттас өлеңі;
("Хантәңірі")
Қ.Аманжоловтың Қазақстандағы ең биік шыңның өр тұлғасын … келбетін
суреттеген өлеңі: ("Хантәңірі")
• Қ. Аманжоловтың "Мұхтар аға" өлеңі арналған: (М. Әуезовке)
• Қасым Аманжолов қай қаламгерге арнап өлең шығарған? (С. Мұқановқа)
• Қасым Аманжолов қай қаламгерге арнап өлең шығарған? (Ш.Руставелиге)
• Қ. Аманжоловтың 1937 жылы 16 буынмен жазған өлеңі: ("Руставели
Шотаға"); ("Ақынның ескерткішіне", "Отан үшін жан пида" өлеңдері 15 буынмен
жазылған)
Қ. Аманжоловтың Пушкиннің қайтыс болуына 100 жыл толуына арналған
өлеңі: («Ақынның ескерткішіне» 1937 ж.)
• Қ. Аманжоловтың Отанды, туған жерді сүюге, қастеріеуге үндейтін
өлеңдерінің бірі: («Мен - табиғат бөбегі»)
"Бұл күнге лайық алыпсың!
Ол күнге қайтіп
сыйғансың?
Бір өзің бүкіл халықсың,
Қалдырмай бәрін м
танисың." - деп Қасым айтып отырған алып: (Абай)
• Қасым Аманжоловтың Абайдың "Сегіз аяқ" өлеңіне еліктеп жазған
шығармасы: ("Шықтым өмір шыңына"))
"Уа, дариға, алтын бесік туған жер"деп жырлаған: (Қ. Аманжолов)
"Шықиtы тауға, қарашы кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсен,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?" Өлеңнің авторы: (Қ. Аманжолов)
• Әнімен айтылатын Қ. Аманжоловтың өлеңі. ("Туған жер")
"Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай тасың болсам мен егер, " - деген жолдардың авторы:
(Қ. Аманжолов)
• Ақын Қ. Аманжолов "Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім" деген сөздерді
кімге арнаған? (Туған жеріне)
• Қ. Аманжоловтың "Болдым ғашық, туған дала, мен саған" деген өлең
жолдары бар шығармасы: ("Туған жер")
"Япырай! Тудым неге ойшыл болып?
Кеудем толып барады, кеудем толып,
Түгім қалмай жарылып аспанға ұшып,
Неге гана атпаймын фонтан болып?!" - деген үзінді авторы: (Қ. Аманжолов)
"Суреттеп жеткізе алман қанша мақтап,
Келеді Көкше сұлукөп сыр сақтап.
"Өзгемнен осым қымбат" дегендей-ақ,
Көкшетау Бурабайын түр құшақтап, " - деген үзінді авторы: (Қ. Аманжолов)
• Қасым Аманжоловтың туған елдің өсу жолын, жаңаруын шабытпен
жырлаған өлеңі: ("Жиырма бес")
"Мектеп - кеме, білім - теңіз" - кімнің өлеңі? (Қ.Аманжолов)
***Қ. Аманжоловтың соғыстың алдында жазған өлеңдері: (*"Нартәуекел";
*«Өз елім»; *«Дауыл»); (және "Талғар")
*** Қ. Аманжоловтың майданға аттанып бара жатқан жолда жазған
өлеңдері: (*«Сарыарқа»; *Ертіс»; *«Орал»)
*** Қ. Аманжоловтың соғыстың ауыр шындығын, солдаттың көңіл-күйін
суреттеген өлендері: (*«Қапанға»)
• Қасымның соғыс жағдайындағы қиыншылық пен жауынгер ерлігін
суреттейтін өлеңі: ("Елге хат")
Қ. Аманжоловтың өзі өмір сүрген кездің талабы мен талғамына лайықтап
1944 жылы жазған өлеңі: ("ғалиға жауап")
"Қазақтың әні мен өлеңін
Найзадай көтеріп келемін.
Шығыстың аласа аспанын,
Түндіктей түріп бір тастадым, " - деген кім?? (Қ. Аманжолов)
"Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Қағып-соғып шығар ма,
Оңайлықпен мені өлім?" - шумағы алынған: (Қ.Аманжоловтан)
"Міне, менің алдымда жатыр Еділ
Ер орыстың ежелден бесігі бұл.
Рухындай аруақты ата-бабалардың,
Ойшыл бұлттар аспанда шомылып жүр…" - Қ.Аманжоловтың осы шумақтан
басталатын өлеңі: ("Ұлы Отан соғысы туралы жыр")
• Өзін 26 шумақ өлеңмен таныстырған ақын: (Қ. Аманжолов)
Өзінің "Жас дәурен", "Өзім туралы" өлеңдеріне ән жазған сан қырлы
дарын иесі: (Қ. Аманжолов)
*** Қ. Аманжоловтың әндері: (*«Туған жер»; *«Жас дәурен»; *«Өзім
туралы»)
• Қасымның өзі туралы жазған өлеңі: ("Өзім туралы")
• Өзге емес, өзі туралы жырлаған ақын: (Қ. Аманжолов)
• Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп, күніне мың ойланып, жүз толғанған
ақын: (Қ. Аманжолов)
Қасым Аманжоловтың өзі "Сыр" деп те атап, жас ұрпақпен ашық сөйлесіп,
мақсат-мүддесін, қуаныш-сүйінішін, сенімі мен дүдәмәлін ортаға салып
сырласқан өлеңі: ("Өзім туралы")
• Қасым Аманжоловтың іштей ойлану, толғану сыры сияқты, кейінге
қалдырған аманат сөзіне ұқсайтын шығармасы: ("Өзім туралы")
Қасым Аманжоловтың өз өмірін ой елегінен өткізіп, өткенін таразылап,
болашаққа үміт артқан шығармасы: ("Өзім туралы")
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім, жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп, тулатып бір қалайын да… Өзі жайлы тебірене жыр жазған ақын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет