Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



бет20/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   122
Байланысты:
Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáèåò³ áåñ êåçå?íåí ò?ðàäû

АҢЫЗ ӘҢГІМЕЛЕР
Аңыз - фольклорлық проза жанры. Онда елдің, тайпа, рудың шыққан тегі,
кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар - хан,
батырлар, би, шешендер жайындағы, сондай-ақ нақтылы бір жер-су, сол
жерде өткен оқиғалар турасындағы тарихи шындыққа негізделген,
халықтың тарихи жадында сақталған, әйтсе де уақыт өте өңделіп,
көркемдік сипат алған оқиғалар баяндалады. Қазақ аңыздарына алғаш
назар аударғандар - Ш. Уәлиханов пен Г. Потанин. Дербес жанр ретінде
М. Әуезовтің еңбектерінде ғана қарастырыла бастады. Кейіпкерлері: Алдар
көсе, Қожанасыр, Қорқыт, Асан қайғы, Жиренше шешен мен Қарашаш т. б.


Аңыздың өзіндік ерекшеліктері:
1) Тарихи шындықтан туады;
2) Аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде айтылатын жердің аты, белгілі қайраткердің есімі, оқиғаның болған кезеңі өзінде бар деректер болады;
3) Аңызда да ойдан қосылған күшейткіш қоспалар қолданылады, бірақ ол ертегілердегідей қиял емес.
Аңыздың түрлері:
Тарихи аңыздар - тарихи оқиғалар, тарихи адамдар туралы;
Топонимикалық аңыздар - жер-су атаулары (белгілі бір тарихи оқиғаға
байланысты айтылуы шарт);
Күй аңыздары.
• Аңыз әңгіменің өзіне тән ерекшелігі: (Аңызда тарихи шындық пен қиял
араласып жүреді)
• Тарихта болған белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туатын, шындық оқиға мен қиял-ғажайып араласып келетін ауыз әдебиетінің түрі: (Аңыз әңгімелер)
• Жер-су және мекендерге байланысты аңыздар: (Топонимикалық аңыздар)
• Қазақ аңызында кездесетіндер: (Асан қайғы , Жиренше мен Қарашаш, Алдар көсе, Қорқыт, Қожанасыр, т. б)
• Қазақ аңызының кейіпкері Жошы хан: (Шыңғыс ханның үлкен ұлы)
•Аңыздың прозалық түрлері: (*Тарихи аңыздар; *Топонимикалық аныздар)
•Аңыз кейіпкерлері: (*Қорқыт, Қарашаш; *Алдар көсе, Қожанасыр;*Асан, Жиренше)
Даналықты, шешендік пен тапқырлықты танытқан аңыз кейіпкері: (Жиренше шешен)
• Қазақ аңыздарындағы қарапайым адамдар бейнесіндегі кейіпкер: (Жиренше шешен)
• Жәнібек ханның "Бұл дүниеде не өлмейді"" деген сұрағына жауап берген шешен адам: (Жиренше шешен)
• Аңызда «Дүниеде не өлмейді?» деген хан сұрағына Жиренше шешеннің берген жауабы: (Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді)
• Жиренше шешеннің сүйген жары әрі ақылшы серігі: (Қарашаш)
• Жиренше туралы аңыздарда аты аталатын ақылды әйелдің есімі: (Қарашаш)
• Отынына шапанын шауып, ығына өзі отырып, жауында су болмаған аңыз кейіпкері: (Қарашаш)
•«Ауыл сыртында тезек теріп жүрген бір топ қыз қаптарын арқалап ауылға қарай жүгіре жөнелді. Тек бір қыз сырт киімін қапқа жауып отыра қалады», Үзіндідегі сипатталған кейіпкердің Жиренше шешенге ерекше әсер еткен касиеті: (Ақылдылығы мен тапқырлығы)
"Қорықпа! Сиырларды аңы құдықтың басына айдап барып, жалғыздап суар да, суарганыңды сол жерде айналдырып қуа бер, әуелі ішінең қармауы кетер, онан кейін жын аралас су кетер, ең соңында қара судың өзі кетер. " ("Жиреншенің хан сынағына түскені") - деп айтқан: (Қарашаш)

  • "Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу" аңызындағы Жиреншенің

жолдас жігітке айтқан(дар)ы: (Мынау бір бейбастан үйдің жұрты екен; "Ағаш қазан қайнатайық)

  • Үзінді кімнің сөзі?

"Жалғыз атты әсолаушы,
Аулың менен көш көп жерге.
Құрбыңды іздеп тауып ал,
Жас қыз сөзіңді естірме? (*Қарашаш)
• Жиреншеге Қарашаштың қазасы жайлы естірту айтатын хан: (Әз Жәнібек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет