Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады


(7-8 буынды, 2 бунақты егіз ұйқас)



бет33/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122
Байланысты:
Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáèåò³ áåñ êåçå?íåí ò?ðàäû

(7-8 буынды, 2 бунақты егіз ұйқас)

  • От орнындай тұяқтан

Оймақтайы қалыпты.
Етектейін еріннің
Екі елісі қалыпты, - деген жыр жолдарындағы тәсіл: (Кішірейту (литота)
• Т.Әлімқұлұлы "Қараойға ертеде ат шалдырыпты-мыс," – деп Махамбеттен басқа кімді атайды? (Ер Тарғынды)

  • «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесі: (*Өлімнен тайсалмай, сертінде тұрады; *Үлкенді сыйлап құрметтейді; *Нағыз батыр, намысты ер)



"ҚАМБАР БАТЫР"
Қазақ халқы арасына көп тараған жырдың бірі, 19 нұсқасы белгілі. Соның бірі "Қисса-н-Қамбар" 1888 жылы Қазан университетінде жарияланған. 1903 жылы Қазанда жырдың алғашқы нұсқалары "Тоқсан үйлі тобыр деген атпен жарық көреді. Ә. Диваев 1902 жылы жырдың толық нұсқасын ел арасынан жазып алып, 1922 жылы Ташкентте бастырады. 30-жылдары С. Сейфуллин, С. Мұқанов, М.Әуезов тер жариялаған. Жырдағы көптеген ономастикалық атауларға қарап Ә.Қоңыр амбар батыр" сюжетінің кейбір нұсқалары Сыр бойында туған" деген тұжырым айтады. Жырдың басты тақырыбы - жер мен ел намысын қорғау. Жырдың мазмұны - қалмақ басқыншыларына қарсы күрес. Жырдың негізгі идеясы - елдіктің, бірліктің туын жоғары ұстау, ноғайлы елін қалмақ басқыншыларынан азат ету арманы. Жырдың мақсаты - ертеде өткен ерлердің ісін кейінгілерге үлгі ету. Қамбар - ел сүйген батыр, жалғыз атты кедей жігіт, Әлімбай -Қамбар батырдың әкесі, Назым - Қамбарға ғашық жан, Әзімбайдың жалғыз қызы, Әзімбай - Назымның әкесі, атағы жер жарған бай; Қайыршақ, Қарымсақ, Сарымсақ, Қораз, Дараз, Алшыораз - Назымның ағалары, Жәдігер -Әзімбайдың Қамбарға жіберген хабаршысы, Қара қасқа ат – Қамбардың тұлпары, Қараман - қалмақ ханы, батыр, Керейұлы Келмембет Қараманның елшісі, Күлбадам - Қараманның тұлпары.
• Қамбар батырдың әкесі: (Әлімбай)
• Жырдың басында батыр туралы айтылмай, бір байдың қисапсыз мол байлығы, алты ұлы мен сұлу қызының көркі, сән-салтанаты туралы жырланатын батырлар жыры: ("Қамбар батыр")
• Жырда тоқсан үйлі тобырын (қара халқын) аң аулап асыраған батыр: (Қамбар батыр)
• Қамбар батырдың тойға келмей қалуы арқылы жыраудың аңғартқысы келген ойы: (Қамбардың қатардағы қарапайым кісі еместігін аңғартады)
• Адамгершіліктің ең жоғары қасиеттерін бойына жинаған халық арманынан туған образ: (Назым)_•_Қамбар_батырдың_ғашығы_әрі_сүйген_жары:_(Назым)'>(Қамбар)
• Қамбардың даңкына сырттай ғашық болатын сұлу: (Назым)
• Қамбар батырдың ғашығы әрі сүйген жары: (Назым)
• Батырлар жырында болашақ жарын өзі таңдаған ақылы көркіне сай ару: (Назым)
• Назымның қазақ эпостарындағы қыздар бейнелерінің биігі бола алатын себебі: (Ел мәселесін саналы түрде ашық айтатын қыз)
• "Қамбар батыр" жырындағы қай кейіпкердің сөзі?
Бөтен туған бала едің,
Жұртқа тұлға болғандай.
Сол себепті сені тежеймін. (Назымның)
• "Қыз Назым шықты бұраңдап,
Он сегіз толған жасына,
Кәмшат бөрік келісіп,
Бриллиант қойды басына…"- деген үзінді қай жырдан? ("Қамбар батыр")
• Қамбар батырдың тұлпары: (Қара қасқа ат)
• Тарлан ат қандай эпостық кейіпкерлердікі? (Ер Тарғын, Көбікті)
• "Қамбар батыр" жырында қалмақ ханы Қараманнаң қалың қолымен келіп қамап жатқанын Ноғайлы елі Қамбарға кім арқылы хабар береді? (Жәдігер арқылы)
• "Қамбар батыр" жырында Назымның ағаларынан Қамбар батырды жақтаған кейіпкер: (Алшыораз)
• Қыз Назымға жаушы гып,
Жиырма жігіт жіберді
Қалмақтың ханы жұртынан "Қамбар батыр" жырынан алынған үзіндіде берілген қалмақ ханы: (Қараман)

  • Жеті атасы орынды,

Алатаудай айбаты,
Рүстем-Дастан форымды.
Ерегессең онымен,
Құртады әбден сорыңды.
Сәулеті мен дәулеті
Құп өзіне қонымды. "Қамбар батыр" жырынан алынған Келмембеттің сөзінде кімнің бейнесі берілген? (Қараманның)
• "Қамбар батыр" жырында жекпе-жекке шыққан Қараманның Қамбардан жеңіліп қалуының себебі: (Елін қорғаған Қамбар ерлігінің тендессіз екендігі)
• "Қамбар батыр" жырының тілдік ерекшелігі: (Юмордың, әзілдің ұтымды қолданылуы)
• Жәдігердің Қараман ханның ауыр қолмен келіп, ноғайлы елін қамап жатқанын:
Ойда жоқ жерден от шығып, Қонысымыз тарылды… - деп жеткізудегі тәсіл: (Символ); (Жауды өрт бейнесінде сездірді); (Еркін ұйқас)
• Қараманның Қамбарға: "Неге кешігіп келдің?" дегеніне Қамбардың:
…Сұңқардың йғен қазына
Бір қарақұс таласыт,
Жатыр екен өшігіп… - деп жауап беруі: (Символмен берілген)
• "Қамбар батыр" жырындағы символдар: (Сұнқар, қаз, қарақұс, құмай, тазы, аққу, төбет)
• "Қамбар батыр" жырында көп байқалатын тәсіл: (Шегініс жасау тәсілі)
• "Қамбар батыр" жырының өзіндік ерекшелігі: (Аңшылық өмірді суреттеу, аңшылықты ерлік етіп дәріптеу)
• "Қамбар батыр" жырындағы оқиға қалай өрбіді?
1. Қамбардың аңшылығы.
2. Қамбар мен Назымның қосылуы.
3. Қараман ханды Қамбардың жекпе-жекке шақыруы.
4. Қараман ханның Назымды күштеп жар етпек болуы.
5. Назымның жар таңдау тойы.
6. Әзімбай ауылына қалмақ елінен елші келуі. (5,1,6,4,3,2)

  • "Қамбар батыр" жырының негізгі идеясы: (*Ноғайлы елін қалмақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет