Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



бет8/16
Дата06.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#13464
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Ежелгі д-уір -дебиеті бес кезе-нен т-рады

обыланды батыр"

"Қобыланды батыр" жырын жинап, хатқа түсіру XIХ ғасырда қолға алынды. Жырдың бізге жеткен 29 нұсқасы бар. Қобыланды жөніндегі аңыз-әңгімені алғаш баспа бетіне түсірген - В. Радлов. 1860 жылы Ы. Алтынсарин Марабай жыраудан жазып алған "Тайбурылдың шабысы" деген тармағын "Қазақ хрестоматиясына" енгізді. Жырдың Марабай нұсқасын 1922 жылы

Ә Диваев Ташкентте жеке кітап етіп бастырды. Академик М. Әуезов бұл

жырға "эпопея дерлік жыр" деп баға берді. Ғалым М.Ғабдуллин жырдың 15

түрлі нұсқасын жариялады.

Қарақыпшақ Қобыландының әкесі - Тоқтарбай, анасы - Аналық,

қарындасы - Қарлығаш, сүйген жары - Құртқа (Көктім Аймақ ханның

қызы), тұлпары -Тайбурыл, жайлауы - Көздікөл, қыстауы - Қараспан.

Естеміс -Тоқтарбайдың тоқсан құлының бастығы, Қобыландыны

баулыған ер, Сейілдің ұлы Қараман - Қобыландының жолдасы, Қазанға

қарсы шыққан батыр. Орақ - Қобыландыға көмекке келген жас батыр,

Қамқа - Орақтың анасы;

Көбікті - хан; Қобыландыға ғашық болған қыз Көбіктінің қызы - Қарлыға,

(оның мінген аты - Ақмоншақ). Алшағыр - қалмақ ханы, Көктем Аймақ

хан- Қызылбас елінің ханы, Қызыл ер, Қазан - Қызылбас елінің

батырлары. Қара қасқа ат - Қазанның тұлпары;

Қазанның тартып алғаны - Ноғайлының жері, Қырлы қама (оған бектерін

орналастырған) және Сырлы қала (оған жендеттерін орналастырған).

М. Әуезов "Қарақытшақ Қобыланды" пьесасын жазған.

Таным дерек

Қарақыпшақ Қобыланды (шамамен XV ғ.) - батыр, тарихи қайраткер. Көшпелі

өзбек мемлекетінің негізін қалаушы Әбілхайыр ханның бас батыры болған. Қазақ

шежіресінде Қобыландыны Қарақыпшақтан тарайтын Тоқтарбайдан туғызады.

Қобыландыдан Беркімбай. Беркімбайдан бес таңбалы Қыпшақ ұрпақтары өрбиді.

Қобыланды батыр ру аралық қақтығыстардың бірінде Арғын тайпасының билеушісі

Қотан бидің ұлы Дайырқожа батырды (Акжол) өлтірген. Қазақ ауыз әдебиетінде

осы оқиға жөнінде Қотан бидің "Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!"

деген жоқтауы сақталып қалған. Қазақ халқы арасында Қобыланды батырдың

қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғыстарын баяндайтын "Қобыланды батыр"

эпосы кең тараған. ("Қазақстан" ұлттық энциклопедия, 5-том, 695-бет).

• Қобыланды батырдың әкесі: (Тоқтарбай)

• Қобыландының анасы: (Аналық)

• Аналық пен Тоқтарбай - қай батырдың ата-анасы? (Қобыланды)

• "Қобыланды батыр" жырының кейіпкерлер тізбегі: (Тоқта)бай, Естеміс,

Аймақ хан)

• Арыстан туған Қобыланды неше жаста қазынадан қамқа киген? (6 жасында)

"Ай астына аспанға

Құрды бақан қақтырып,

Алтын теңге аттырып,

Теңгені атып түсірген …- батыр қай сұлуды алады? (Құртқаны сұлу сол алар)

•Қобыланды батырдың тұлпары: (Тайбурыл)

• Қобыланды батырға лайық тұлпардың келген жолы: (Құртқаның көрегендігімен қалап алды)

•"Қобыланды батыр" жырындағы Тайбурылды ерекше күтімге алған ару қыз, батырдың жары: (Құртқа)

•"Қобыланды батыр" жырындағы Бурылдың тұяғын жерге тигізбей, алтын тонға орап баптаған адам: (Құртқа)

•"Қобыланды батыр" жырындағы Құртқа сұлудың әкесі: (Көктім Аймақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет