Ежелгі дәуір, географиялық зерттеулер, географиялық ашулар, саяхатшылар, ғылым, «ақ таңдақтар», ғасыр



Дата10.12.2023
өлшемі18,99 Kb.
#136236
Байланысты:
гео.7 кл


Тақырыптық сөздер: ежелгі дәуір, географиялық зерттеулер, географиялық ашулар, саяхатшылар, ғылым, «ақ таңдақтар», ғасыр.
Функционалды етістіктер: жауап беру, салу, сақтау, бағалау, сипаттау.


Тапсырма №1. Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Географиялық зерттеулер қандай кезеңдерге бөлінеді?

  2. География ғылымының дамуына қомақты үлес қосқан ғалымдарды атап шығыңыз. Олардың үлесін бағалаңыз.

  3. Орта ғасырдағы географиялық ашуларға баға беріңіз.

  4. Ұлы географиялық ашулар кезеңі саяхатшыларын атап шығыңыз.

  5. Ұлы географиялық ашулардын болу себептері қандай?

  6. XIX ғасырдағы географиялық ашулардың басты мақсаты қандай?

  7. Қазіргі заманда географиялық зерттеулердің мақсаты қандай? Себебі неде?

Басты сұрақтар:
1. География ғылым ретінде қалай пайда болған?
2. География ғылымы үшін аса маңызды ашуларды атап шығып, жауапты негіздеңіз.
Саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының
дамуына қосқан үлесі
География ғылымы адамзаттың тарихы мен мәдениетінің дамуымен, тұрмыс - тіршілігімен және қоршаған мекен ортасын танып-білуімен тығыз байланысты. Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен – ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, сондықтан географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

  1. Ежелгі дәуір.

  2. Орта ғасырдағы географиялық ашулар.

  3. Ұлы географиялық ашулар.

  4. XIX ғасырдағы басты географиялық жаңалықтар.

  5. XX ғасырдағы ірі географиялық жаңалықтар.

  6. Ежелгі дәуір.

Ежелгі дәуірде Месопотамияда, Парсы жерінде, Мысырда, Ежелгі Грек, Рим елдерінде географиялық деректер жинақтала басталды. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады. Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық «Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген. Мұнда тұңғыш рет табиғат жағдайларының алуан-түрлілігі географиялық ендікке байланысты түсіндіріледі. Ежелгі грек ғалымы Аристотель Жер - шар тәрізді деген түсігін дамытады. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді. Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салды. Эратосфен «Географика» деп аталатын еңбегін шығарған және «география» ұғымын ғылымға енгізген. Сондықтан грек ғалымы Эратосфенді «География ғылымының атасы» деп атайды.
Орта ғасырдағы географиялық ашулар
Орта ғасырдағы географиялық ашуларды бастаған арабтар Үнді мұхиты арқылы Африка жағалауынан Зонд аралдарын дейін жүзіп барды, Қытай мен Үнді жерлеріне саяхат жасады, математикалық географияның дамуына зор үлес қосты. Жер туралы мәліметтер ХІІІ ғасырда Марко Полоның Азияға жасаған саяхаты нәтижесінде Памир табиғаты, Үндістан мен Қытай жерлері туралы жаңалықтарымен толықтырылды. Еуропалық саяхатшылар Плано Карпини мен Вильгельм де Рубрук ХІІІ ғасырда Орталық Азияға саяхат жасау барысында қазақ жерінде де болып, құнды географиялық деректер жинақтаған. XV ғасырда тверлік көпес Афанасий Никитин Парсы жерін басып өтіп, Арабия теңізі арқылы Үндістанға саяхат жасаған соң, «Үш теніздің ар жағына саяхат» атты еңбек жазып қалдырған.
Ұлы географиялық ашулар
Ұлы географиялық ашулар кезеңі XVI-XVIII ғасырлар аралағындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихындағы аса маңызды жаңалықтарымен сипатталады. Географиялық ашулардың барлығы феодализмнің ыдырау кезеңінде жаңа жерлерді басып алып, өте қуатты капиталистік мемлекеттердің қалыптасуымен тығыз байланысты болды. Осы кезеңде Х. Колумб, Васка да Гама, Ф. Магеллан, С. Дежнев, Дж. Кук, Ф. Беллинсгаузен мен Ю. Лазарев саяхат жасап, жаңа жерлерді ашып және көп географиялық ғылыми деректер жинаған.
XIX ғасырдағы басты географиялық жаңалықтар
Осы кезең «ақ таңдақтарды» жоюмен, яғни бұрын зерттелмеген жаңа жерлерді ашумен байланысты. П.П.Семенов Тянь-Шанский мен Н.М.Пржевальский экспедициялары Орталық Азия мен Тибеттің тылсым табиғатын зерттеді. Орталық Азияны зерттеушілер қатарында қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов та бар. А.Гумбольдт Оңтүстік Америка мен Азияның, Д.Ливингстон мен Р.Стенли Африка табиғатының көптеген құпияларын ашты.
XX ғасырдағы ірі географиялық жаңалықтар.
Антарктика материгінің табиғатымен, оның мұз жамылғысы және мұз астындағы жер бедерінің сипатымен байланысты болды. Әсіресе, дәйекті зерттеулер 1957-1958 жылдар аралығындағы Халықаралық геофизикалық жыл бағдарламасы негізінде жүргізілді. Ол жұмыстардың нәтижесінде Антарктиканы толық сипаттайтын екі томдық атлас даярланды. Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың сонғы жетістіктері: ғарыштық және аэрокескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу кеңінен пайдаланады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдалану, мұхит табиғаты жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау үшін зерттеулер жүргізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет