Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Ахейлік (микендік) өркениет б.д.д. ІІ мың жылдығына дейін



бет55/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

Ахейлік (микендік) өркениет б.д.д. ІІ мың жылдығына дейін. Б.д.д. ІІІ-ІІ мың жылдықтың шегіндегі Балкан жартыаралының гректерге дейінгі алғашқы мемлекеттілігінің қалыптасуын грек тілінде сөйлейтін – ахей тайпаларының келуі тоқтатты. Осы уақытты Ежелгі Греция тарихындағы грек халықтарының қалыптасу уақыты деп есептеуге болады.
Алдыңғы дәуірмен салыстырғанда б.д.д. ХХ-ХVІІ ғғ. ахейліктердің мәдениетінің даму деңгейі төмен болды. Бұл жаулап алушы ахейліктердің қоғамдық даму деңгейінің төмендігімен және рулық-тайпалық қатынастар сатысында тұрғандығымен байланысты. Б.д.д. ХVІІ-ХVІ ғғ. жағдай өзгере бастады: Пелопоннес жартыаралында, Орта Грецияда ахейлік өркениеттің орталығы пайда болды. Мемлекеттік бірлестіктердің қарапайым түрлері Микен, Тиринф, Пилос, Охромене, Фивада қалыптасты. Алғашқы кезде крит-минойлықтардың ықпалымен пайда болған өркениет, негізінен ахейлік Греция мәдениетінің негізінде қалыптасты. Бұл мәдениеттің нағыз қалыптастырушылары – грек-ахейліктер болды.
Ахейлік өркениеттің белгілі орталығы – Микен. Сондықтан да бұл өркениетті микен өркениеті деп те атайды. Ахей мәдениетінің өзге ошақтары сияқты экономикалық, саяси, мәдени өмірдің орталығы монументальді сарайлар жиынтығы болды. Сарай – әкімшілік биліктің, материалдық қорды жинау мен бөлудің, сауда мен қолөнердің, айырбастың орталығы еді. Ахей мемлекеттік бірлестіктерінде, сарай – идеология мен қорғаныс орталығы қызметін де атқарды. Бекіністік деңгейі төмен Крит сарайларымен салыстырғанда, ахейлік құрылымдар мықты қорғанған цитадель сипатында болды. Ахейлік Грецияның әрбір сарайы мемлекеттік бірлестіктің орталығы болды және сарайдың қорғаныстық сатысын арттырып отыру үшін үнемі жұмыс атқарылды.
Ежелгі ахейліктер мемлекеттілігінің гүлдену сатысында, негізгі белгілері минойлықтардан алынған жазу болды. Бұл жазуды «сызықтық жазу Б» деп атайды (минойлықтардың жазуы «сызықтық жазу А» деп аталған). «Сызықтық жазу Б» құпиясы ашылған, сөздердің мағынасы грек тілінде берілгендігі дәлелденген. Бұл жазумен бізге жеткен құжаттар негізінен шаруашылық сипаттағы құжаттар болып табылады.
Ахейлік қоғамның экономикалық құрылымының негізі – сарай шаруашылығы болды. Негізгі өндірушілер ахей билеушілерінің бюрократиялық аппаратының бақылауында болды. Саяси сипаты жағынан бұл теократиялық билік болды. Ахей мемлекеттері өзара жауласушылық сипатта болғанымен, сырттан қауіп төнген кезде бірігіп қарсылық көрсеткен кездері де болған. Бұған мысал ретінде ХІІІ ғ. екінші жартысындағы Троияны жаулап алуға ұмтылысты айтуға болады. Б.д.д. шамамен 1240-1230 жылдары болған Троя соғысы Гомердің «Илиада» және «Одиссея» атты эпикалық шығармаларында көрініс алған. Бұл оқиға Микендік Греция тарихының кейінгі кезеңін сипаттайтын ахейліктердің жаулап алушылық қозғалысының бір көрінісі ғана. Ахейлік тұрақтар Кіші Азия жағалауларында, Крит, Кипр, Родос, Сицилияда табылған. Сонымен қатар, ежелгі Шығыс елдеріндегі жағдайға б.д.д. ІІ мың жылдықта ахей тайпаларының да ықпалы болды.
Б.д.д. ІІ мың жылдықта ахей өркениетінің бұдан былайғы дамуына сыртқы күштердің қысымы әсер ете бастады. Жаңа бекіністер салынды, сарай бекіністері күшейтілді. Орта Грециядан Пелопоннеске өтетін Истмийск бұғазында қорғаныс қабырғасы тұрғызылды. Крит-микен өркениетінің түбіне жеткен солтүстік балкан тайпаларының, соның ішінде грек-дорийліктердің қоныс аударып келуі болды. Дорийліктер темір қаруды білді, ал бұл кезде ахейліктер тек қоланы ғана пайдаланатын. Дорийліктермен бірге Грецияға темір келді. Ал жалпы дамуында Балкандық Греция дорийліктердің келуімен рулық қатынастар деңгейіне артқа шегінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет