Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет51/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

3. Кіші (Кейінгі) Хань әулеті
«Қызылқастылар» қозғалысы жеңісінің нәтижесінде 25 жылы билікке келген Юсь Хань Лю әулетінің билігін қалпына келтірді. Бастапқы кезеңде таққа талас орын алғанынан қарамастан қалпына келтірілген Хань әулеті, Кейінгі немесе Шығыс Хань деген атпен, 220 жылға дейін өмір сүрді. Бұрынғы астана көтеріліс жылдары қаңырап бос қалғандықтан императорлар оны қалпына келтіргеннен гөрі Лоянға көшуді ұйғарды. Астанада 68 жылы Қытайдағы алғашқы буддистік храм – Баймасының іргесі қаланды.
Кейінгі Хань империясының бастапқы дәуірінде мемлекеттің күшейгені соншалық көшпелілердің ойсырата жеңіп, Орта Азияда орнығуға бар күшін салды. 97 жылы Бань Чао бастаған 70-мыңдық Хань армиясы Ұлы Жібек жолы бойындағы саудаға кедергі келтірді деген сылтаумен көшпелілерге соққы беріп, Тянь Шань асуы арқылы Орта Азияға өтіп, Мервке дейінгі аралықта Орта Азияны ойрандады. Бань Чаоның жауынгерлері Каспий теңізіне дейін жетті. Қытай әскерлері Тан дәуіріне дейін батысқа осылайша терең енбеген болатын. Қытайға Жерорта теңізі елдерінен елшіліктер келіп, Гань Ин бастаған барлау тобы Қосөзенге дейін жетті.
Шығыс Ханның он екі императорының сегізі таққа бала кезінде отырды, мұның өзі іс жүзіндегі биліктің император аналарының немесе басқа да туыстарының қолында болуына алып келді. Хэ-дидің билігі уақытынан бастап әулеттің құлдырауы дәуірін бастауға болады. Мемлекетті басқару тетігі қайтадан әтектердің қолына көшті, олар императорларды өз қалауынша тағайындап немесе тақтан тайдырып отырды.
184 жылы елде сары орамалдылар көтерілісі бұрқ ете түсті. Көтерілісті басуға үкіметтің күші жетпеді, сондықтан да армия құрумен ең бір қуатты деген ақсүйек шонжарлар айналысты. Көтеріліс басылғаннан кейін іс жүзіндегі билік осы армиялардың басшыларының қолына тиіп, ал олар тақ үшін күресті бастап кетті. 196 жылы қолбасшылардың бірі Цао Цао император Сянь-диді қирап қалған Лояннан Инчуандағы өз астанасы – Сюйге көшуге көндірді. Осыдан кейін Хань әулеті билігі сақталғанымен, Цао Цао іс жүзінде Қытайдың билеушісіне айналды. 220 жылы Цао Цао қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Цао Пэй император Сянь-диді тақтан бас тартуға көндіріп, оған Шаньянь гуны титулын берді. Осылайша Цао Пи Вэй әулетінің негізін қалайды, бұл әулеттің билігінен Қытай тарихындағы Үшпатшалық дәуірі басталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет