Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет87/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
annotation15107 2

Ерте Рим империясы (І-ІІ ғғ.)


Рим империясы (латынша Imperium Romanum, Рим республикасы (Res publica Romana), грекше (Βασιλεία Ῥωμαίων) - ежелгi римдiк постреспубликалық фазасының өркениет дамуындағы ерекше белгiлер, басқарудын автократиялық формасы және Еуропадағы үлкен аймақтық иелiктерi мен Жерорта теңiзi. Римдiк империяның хронологиялық шеңбері Август бiрiншi императорының басқаруынан бастап, екi бөлiкке бөлуiне дейiн қамтиды, яғни б.з.д. 27 жылдан 476 жылдар аралығы. Римдiк империя тарихының кезеңдерінің өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, біріншіден, мемлекеттiк құрылымның республикалық және монархиялық формалары, екіншіден, б.з.д. I ғасырд мен б.з. III ғасыры.
Ежелгі Рим мәдениеті. Рим мәдениеті көне дәуір мәдениетінің қорытындылаушы кезеңі болды. Ежелгі Рим мәдениетінің қалыптасу кезеңінде (б.з.д. VІІІ— ІV ғғ.) этрусклердің сәулет өнері үлгілерін бойына сіңірді. Ежелгі ғибадатханалар - Римдегі Капитолийлік Юпитер ғибадатханасы, кескіндеме үлгілері мен сән және қосалқы өнері этруск өнері үлгілерін бойына сіңірді. Б.з.д. ІІ ғасыр мен І ғасырдың бірінші жартысында базиликалар мен термалар салына бастады. Б.з.д. ІІІ—І ғасырлардағы бейнелеу өнерінде портреттік мүсін ескерткіштер мен сыралғылар кең тарады. Республика дәуірінде мүсін өнерінен эллиндік бағыт орын алып, грек ескерткіштерінен жаппай көшіру дәстүрге айналды. Монументтік сәндік кескіндеме жоғары сатыға көтерілді, мозаика мен глиптика өнері қанат жайды. Сәулет өнері империяның гүлдену кезеңінде (б.з.д. І ғасырдың 20-жылдары — б.з. ІІ ғасыр) шарықтау биігіне көтерілді. Осы тұста арка мен ордердің, ғимаратты қабырға өрнек және мүсін ескерткіштерімен, мәрмәрмен безендірудің рөлі артты. Сәулет өнері бірте-бірте император мен империяның ұлылығын дәріптеу құралына айналды. Ежелгі Римдегі ең ірі амфитеатр — Колизей, Рим қаласындағы форумдар, Адриан кезіндегі ежелгі замандағы күмбезді құрылыстардың ең ірісі — Пантеон ірге көтерді. Рим театры ән, музыка, бидің басын қосты. Б.з.д. 300 жылы комедия - маска киген төрт кейіпкер дүниеге келді. Осы кезеңде трагедия (претекста) мен комедияның (паллиата) жаңа түрлері пайда болды. Алғашында ойын-сауықтар ғибадатханалар жанында қойылды. Тұңғыш театр ғимаратын б.з.д. 55 — 52 жылы сәулетші Помпей тастан тұрғызды. Шамамен б.з.д. ІV ғасырда масканың пайда болуы актерлік өнердің дамуына кең жол ашты. Әйелдер рөлін ерлер орындады. Империя дәуірінде цирк ойындары, әсіресе ежелгі амфитеатрлар мен Колизейде қойылған гладиаторлар сайысы, аңшының қауіпті аңмен айқасын көрсету өріс алды. Рим театры, драматургиясы дүниежүзілік театр өнерінің дамуында үлкен рөл атқарды. Эллиндік мәдениет әсерімен дамыған Рим музыкасында тұрмыстық музыкалық-поэтикалық жанрлар (жеңіс, үйлену, дастарқан басы, қазаға байланысты әндер) қалыптасты. Поэзия мен музыка тығыз қарым-қатынаста дамыды. Классикалық музыканы орындауда кифара және авлоспен бірге арфа іспетті аспаптар да қолданылды. Хор мен оркестр сүйемелімен орындалатын пантомималардың музыкасын дамытудағы рөлі ерекше. Әскери легиондарда үрлемелі оркестрлер жұмыс істеді. Рим цирктері мен театрларында көп адам қатысқан хор ансамбльдері, көбіне оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Жалпы Рим мәдениетінің бүкіл Еуропа мемлекеттері мәдениетінің қалыптасуы мен дамуында маңызы зор болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет