Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет61/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

Архайкалық кезеңдегі Аттика

Орталығы Афина болған ежелгі Грецияның аймағы Аттикадағы грек полисінің қалыптасуы тарихи деректерден айқын көрінеді. Деректердің мәліметі бойынша, архайкалық кезеңде аттикадағы шаруалардың жағдайы күрт төмендеп кеткен. Бұндай процестер қолөнердің дамуы, қаланың саяси және экономикалық орталық ретінде қалыптасуы, темір ақшаның шығуымен қатар жүрді.


Қоғамды дамыту процесінің белсенді қатысушысы жер иеленуші аристократия – евпатридтер (шыққан тегі жағынан ақсүйектер) – Аттиканың ежелгі рулық ақсүйектерінің өкілдері болды. Гомер кезеңінде қарапайым шаруадан өзгешелігі болмаған бұндай ақсүйектер, байлықтың дәмін татып, жағдайды өз мүддесіне өзгертуге тырысты. Аристократия өкілдері отарлау процесі мен теңіздің арғы жағындағы саудаға белсене араласты. Архайкалық дәуірдің басқы сатысында, ішкі және халықаралық айырбастың құралы тек сән-салтанат заттары болса, б.д.д. VІІ ғасырларда мата, жүн, металл, керамика сияқты заттар да тауар айырбасында көрініс ала бастады. Ауылшаруашылығының өнімдері де осы уақытта айырбас құралына айналды.
Греция мен Аттика ауылшаруашылығының өнімдерін молайтудың мүмкіндіктері аз еді. Өндіріс күшін молайтудың мүмкіндіктері шектеулі, өңдеуге қажетті жерлер аз еді. Ауылшаруашылығы өнімінің көлемін арттырудың жалғыз жолы шаруалардың азық-түлігінен түсетін салықтың мөлшерін молайту болды. Аттикада шаруаларды бағыныштылыққа түсірудің жалғыз жолы – пелат және қарызы арқылы бағыныштылыққа түсіру еді. Евпатридтердің қолында саяси, экономикалық және соттық биліктің болуы бұл процесті жылдамдатты. Уақыт өте келе, ареопаг – биліктің жоғарғы органы тек евпатридтер қатарынан қалыптастырылды. Қауымдық халық жиналысы жоғарыда отырғандардың шешімімен шақырылып, тұрақсыз жиналды. Ол шешуші саяси күш болған жоқ.


Солон мен Клисфеннің реформаторлық қызметі. Афинада полистік демократияның қалыптасуы

Б.д.д. VІІ ғ. екінші жартысынан бастап, Аттикада әлеуметтік-саяси қатынас ушыға бастады. Б.д.д. VІІ ғ. Афина аристократы Килонның тирандық құрылысты қалыптастыру ұмтылысы сәтсіз аяқталды. Бұл евпатридтер сословиясында бірліктің жоқтығын және дәстүрлі тәртіптің жойылғандығын көрсетті.


Б.д.д. 621 жылы архонт Драконт жаздырған ауызша заңды қағазға түсіру кезінде демос пен аристократия арасындағы қайшылық тағы да ушықты. Қағазға түсірілмеген заң негізінде даулы мәселелерді өз мүддесіне шешіп жүрген аристократтардың билігін бұл жағдай біршама әлсіретті. Драконт заңдары «қанды кек» құқығына тиым салып, жазалау функциясы ареопагтың қолына берілді. Ареопаг әлі де эвпатридтердің қолында еді. Драконт заңдары аса қатал болды. Дегенмен, заңның кейбір тұстары Афинаның экономикалық өміріне жаңалықтар әкелер еді. Ұрлық жасау қатал жазаланды, бұл жеке меншікті қорғауға деген ұмтылыс еді.
Б.д.д. VІ ғ. басында Афинадағы жалпы жағдай азамат соғысына жақын еді. Қоғамның жерсіз тобының афина демосымен қақтығысы Солон заңы арқылы шешілді. Б.д.д. 594 жылдан бастап Аттиканың жағдайын түпкілікті өзгерткен бірқатар реформалар жүргізілді. Ең маңызды заң «сейсахфия» - қарызы үшін жерінен айырылған афиналықтарды міндеткерліктен босату. Сейсахфия заңының нәтижесінде жерсіз шаруалардың саны күрт азайып, ақсүйектер шаруашылығымен бәсекелестікке түсе бастады. Солон жеке басын тігу арқылы қарыз алуға тиым салды. Бұдан былай қарызгер өз қарыз берушісінің алдында тек мүлкімен есептесті. Осылайша, қарыз арқылы құлдыққа түсіру жойылды. Бұрындары қарызы бойынша құлдыққа түскендер азат етілді. Сырт жаққа құлдыққа сатылғандарың бостандығын қоғамдық ақша арқылы сатып алып кері қайтарды. Солонның жүргізген осындай шараларының нәтижесінде қалыптасып келе жатқан Афина полисінің азаматтық ұжымының саяси тұрғыда бірігуіне мүмкіндік туды да, құлдық шет елдіктер есебінен дамыды.
Афиналықтардың шаруашылығын дамытуды көздеген бірқатар реформалар жасалды. Афина ақшасы грек көпестерінің сауда айналымынды бәсекелестік сипатқа ие болды, өлшем мен салмақ бірлігі үшін жүргізілген реформа афина саудагерлерінің қызметін жеңілдетті. Солон Аттикадан астықты шығаруға тиым салып, зәйтүн майы мен шараптың экспортына қолайлы жағдай туғызды. «Мұраға қалдыру» туралы жаңа заң рулық байланыстарға соққы берді, себебі, енді жеке жанұяларды экономикалық жағынан күшейту мүмкіндігі пайда болды. Жер иелену өлшемі заңдық тұрғыда шектелді, қарыз беру пайызы анықталды.
Келесі бірқатар реформалар әлеуметтік салада іске асырылды. Солон Аттиканың барлық ерікті тұрғындарын шаруашылығынан түсетін табыстың көлеміне орай төрт топқа бөлді. Солон реформасына дейін жер евпатридтердің және рулық кландардың қолына шоғырланған болатын. Бұл саяси өмірде аристократтардың билігін күшейтті. Солон реформасынан кейін ауқатты азаматтардың билігі күшейгенімен, олардың азаматтық ұжым алдындағы міндеткерлігі де өсті. Топқа бөлу түсетін табыспен тікелей байланысты болғандықтан, жерді өңдеудің рационалды жолдары іздестірілді. Енді қоғамдағы орын шыққан тегіне емес, түскен пайдасына тікелей байланысты болды.
Тұрғындардың бірінші тобының (пентакосиомед) жылдық табысы 500 медим, екінші тобы (салт аттылар) 300 медим, үшінші тобы (зевгиттер) 200 медим, төртінші топ (фет) 200 медимге дейін деген өлшем қалыптастырылды. Ақша айналымы күшейген кезде, топтық разрядқа жату ақша көлемі арқылы анықталды. Аттика азаматтарының саяси құқығы да табысына байланысты болды. Пентакосиомедтер мен салт аттылардың толық қанды құқығы болса, зевгиттердің архонт болуға және ареопагқа сайлану құқығы болмады. Феттердің халық жиналысы мен сот жұмысына қатысу құқығы сақталды. Әлеуметтік реформаларға орай, афина жауынгерлерінің құрамы да өзгерді. Әскер бірлігінің негізгі құрамы зевгиттер арасынан алынған, ауыр қаруланған гоплиттерден құралды. Аристократтардың арасынан қалыптастырылатын салт аттылардың орны жойылды. Феттер жеңіл қаруланған әскер ретінде, немесе кемеде қарапайым матростар ретінде соғысты. Пентакосиомедтер соғыс уақыты мен бейбіт кезеңде де қоғам пайдасына ақша беріп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет