Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Эллиндік мемлекеттер жүйесі. Оларды Римнің жаулап алуы



бет72/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

Эллиндік мемлекеттер жүйесі. Оларды Римнің жаулап алуы

Александр Македонскийдің шығысқа жорығынан бастап, Жерорта теңізінің бірқатар бөлігі мен Египет, Кіші және Алдыңғы Азия және оған жақын аймақтар; Орталық Азияның оңтүстік және орта бөлігінен Инда өзенінің төменгі бөлісіне дейінгі елдердің тарихи дамуында эллинистік даму басталды. Эллинизм – эллиндік (батыстық) және жергілікті (шығыстық) белгілердің саяси, экономикалық, мәдени, идеологиялық саллаларда өзара араласып кетуі. Бұл синтез ежелгі Шығыс территориясын грек-македон жаулап алушылығы барысында қалыптасқан тарихи жағдайда мүмкін болды. Ежелгі грек тарихының эллиндік кезеңі б.д.д. ІV ғасырдың соңғы ширегінен басталып, б.д. І ғасырының соғында аяқталады. Б.д.д. 30-жылы соңғы эллиндік патшалық Птоломейлік Египет, Египеттің қолына өтіп, бұрын эллиндік династия қолындағы территориялар Республикалық Рим мен Парфия мемлекетіне таратылып беріледі. Александр өлгеннен кейін оншақты жыл ішінде ыдырау процесі басталған державаның жеке бөліктеріне иелік ету үшін диадохтар арасындағы үздіксіз соғыс барысында эллиндік мемлекеттер жүйесі қалыптасты. Олардың ішіндегі аса ірісі Македон патшалығы болды, оған Антигонидтер династиясы билік етті. Бұл династияның негізін соқыр Антигон қалады. Ол Александр тұсында Ұлы Фригияның стратегі болған. Александрдың әскербасшысы және оққағараның бірі Селевк – ірі эллиндік орталықтардың бірі – Селеквидтер державасының негізін қалады. Лександрдың келесі қолбасшыларының бірі Птоломей – Птоломей династиясының негізін қалап, Египетті ірі эллиндік мемлекеттердің біріне айналдырды. Атталидтер династиясы Пергам патшалығында билік етті. Бұл патшалықтардан өзге Қара теңіз жағалауында – Вифиния, Понт, Каппадокия; Армения мен шығыста – Грек-Бактрия және Парфия патшалықтары болды. Осы мемлекеттерді ішіндегі ірісі Македон, Селеквид және Птоломей патшалықтарының негізгі тарихи дамуын қарастыруға болады.


Эллиндік кезеңнің басында Македония дағдарысты басынан өткерді. Оның себептерінің бірі – Шығыстағы халықтардың тығыз қоныстануы, шаруалардың кедейленуі, галат тайпаларының шабуылы еді. ІІ Антигон Гонат билігі кезеңінде жағдай біршама тұрақтанды. Б.д.д. 283 жылы греция македондыұтардың қоластында болды, дегенмен, олардың бағыныштылықта ұстау күннен-күнге қиын бола бастады. Бұл уақытқа қарай б.д.д. 370 жылы орталық Грецияның бірқатар полистерін біріктірген Этолий одағы біршама күшейді. Бұл одақ Балқан жартыаралындағы Македония билігіне қарсы айтарлықтай күш болды. Б.д.д. 280 жылы Пелопоннес грек полистерінің тағы бір әскери-саяси одағы – Ахей одағы қалпына келеді. Бұл одақ та македон билігін алаңдатпай қоймады. Хремонид соғысында (б.д.д. 267-261 жж.) Антигон Гонат Македонияның бүкіл Эллададаға үстемдігін тоқтата алды, б.д.д. 228 жылға қарай ол Пелопоннестегі билігін, ал бір жылдан кейін македон гарнизоны Афинадан шығарылады.
Бұл уақытқа қарай Клеомен патшаның реформаларының арқасында Спарта өзінің саяси ықпалы мен әскери потенциалын қалпына келтірді. Одан төнген қауіп Ахей одағын Македониямен келісімге келуге мәжбүрледі. Б.д.д. 221 жылы Селассия шайқасында Спарта күйреуінен кейін македон патшасы Антигон ІІІ Досон гегемониясымен Эллиндік одақ құрылды. Оған Ахей федерациясының грек полистері және Афина мен Этолий одағына кіретіндерден басқа грек полистері кірді.
Македон патшасы Филипп V Одақтастар арасындағы соғыста (б.д.д. 220-217 жж.) Этолий федерациясын бағындыру әрекеті іске аспады. Бұған қарамастан, Римнің Иллириядағы үстемдігінен қауіптенген Филипп V бұл уақытта Екінші Пуни соғысында римдіктерге қарсы соғыс жүргізіп жатқан Карфагенмен б.д.д. 216 жылы одақ құрды. Риммен шиеленістер шарасыз болды. Македондық үш қақтығыста римдіктер Македонияның қарсылығын толық басты. Оның Персей патшаның басшылығында болған армиясы б.д.д. 168 жылы Пидна шайқасында римдіктермен талқандалды. Македония территорияся жеңіске жеткендер арасында төрт бөлікке бөлінді, ал б.д.д. 148 жылы Андриск басшылығымен болған антиримдік көтеріліс басылғаннан кейін Македония, Фессалия және Иллириямен бірге римдік провинцияға айналды. Б.д.д. 146 жылы римдіктер Ахей одағының көтерілісін аяусыз басты. Бұл жағдайлардан кейін Элладаның барлық гректік одақтары таратылды. Греция өзінің еркіндігінен айырылып, кедейшілік пен бос қалушылыққа ұшырады.
Эллинистік әлемнің келесі бір мемлекеті – Селевкидтік патшалықтың саяси тарихы да қызулы оқиғаларға толы. Александр Македонский өлімінен кейін Вавилонды билігіне алған Селевк б.д.д. 312 жылы диадохтардың билікке таласында бұл аймақта өзінің ықпалын нығайтты. Бұл оған шығысқа жорыққа шығуға жол ашып, нәтижесінде ол Иран мен Орталық Азияның көптеген бөлігін иеленді. Александр тұсында жаулап алынған солтүстік-батыс Индияны өз территориясына қосу әрекеті іске асқан жоқ. Бірақ бұл территорияны Маури мемлекетінің негізін қалаған Чандрагуптаға бергені үшін, Селевк 300 әскери пілдер алып, өзінің әскери күшін нығайтты. Б.д.д. 305-304 жылдары өзін патша деп жариялағаннан кейін, ол Солтүстік Сирия мен Кіші Азияның біраз бөлігін жаулап алды.
Өзінің гүлдену дәуірінде Селевкид мемлекеті Александр Македонскийдің Азиядағы бұрынғы иеліктерінің көп бөлігін қамтыды. Бұл үлкен территорияда әртүрлі экономикалық және мәдени даму сатыда болған әртүрлі этникалық және тілдік қатынастағы халықтар қоныстанды. Оларды билігінде ұстау үшін күшті әлеуметтік негіз қажет болды. Бұл негізсіз Селевкид мемлекетінің біртұтастығын ұзақ уақыт сақтауға болмайтын болды. Үстем тап македондықтар мен гректер болды. Селевкілер Александр бастаған қала құрылысы саясатын жалғастырды. Бірақ енді алғашқыда негізі қаланған қалалар мен колониялар және жаңадан салынғандар жаңа полистік мәртебеге ие болды. Бұл сол қалаларда тұрған гректер мен македондықтардың мүддесіне сай болды, себебі әлеуметтік жағдайда олар жаулап алынған жерлерде үстем болды.
Бұл полистер классикалық кезеңдегі грек полистерінен ерекшеленді. Олардың автономиясы арнаулы патша шенеунігі бақылаған тек ішкі істермен шектелді. Жердің жоғарғы меншік иесі патша болды, ал полистік әлеуметтік ұжымы жердің тек шартты иесі ғана болды. Оған қоса жерді иелену құқығына ие болу үшін полис өзінің азаматтарынан құрылған әскери контингентті селевкидтік патшаның әскеріне ұсынуы қажет болды. Жергілікті ауылдық тұрғындар патша билігінің трегі мен одақтасына айналған полис азаматтарымен бақыланып, қаналды. Негізінде Селевкид мемлекетінің территориясында құрылған көптеген полистерді өзіндік қаңқа, сол державаның қаңқасы ретінде қарауға болады.
І Селевк ұлы Антиох І (б.д.д. 280-261) әскесінің державаны нығайтудағы саясатын табысты жалғастырды. Әсіресе ол мемлекеттің шығыс сатраптарына аса көңіл қойды. Бұл жерде жаңа қалалар мен әскери мекендердің негізі қаланып, бұрынғы елді мекендер қалпына келтірілді. Бірақ кейін Селевкидтің саяси негізгі мәселесі батысқа ауысады. Селевкидтер мен Птолемейлер арасында оңтүстік Сирия үшін соғыстар басталады. Шығыс сатраптар селевкидтік патшалар назарынан шығып, бұл сол жердегі грек-македондық сепаратистік жағдайға әкеле бастады. Орталық биліктен құтылу ниеті б.д.д. ІІІ ғасыр ортасында, династиялық өзара соғыстан басталып, кейін Птолемеймен соғысқа жалғасқан кезеңде жүзеге асырылған болатын. Дәл осы уақытта мемлекеттен Бактрия, Согдиана және Парфия сатраптары бөлінеді.
Парфияда қалыптасқан жағдай басында шығыс-иранның Аршакидтер династиясы отырған Парфия патшалығының пайда болуына әскеледі, ал Бактрия мен Согдиана территориясында Грек-Бактриялық патшалық құрылады. Антиох ІІІ Селевкид (б.д.д. 223-187 жж.) Мидия сатрапы Молон мен оның інісі Персия сатрапы Александрдың көтерілісін баса алды. Бұл көтерілістерді басқаннан кейін Антиох ІІІ Шығысқа Индияға дейін үлкен жорық бастайды. Бұл жорықтың мақсаты бұрынғы қол астындағы территоияларға билігін қайта орнату болды. Антиох ІІІ жеңісі формальды сипатта болса да, бұл оның державасының ыдыраушылығын уақытша тоқтатты.
Б.д.д. ІІ ғасырдың басында Рим республикасы Шығыс Жерорта теңізіне белсенді экспансиясын бастайды. Антиох ІІІ Риммен соғысы сәтсіз болды: бұл соғыстағы жеңілісінен кейін Селевкид патшалығын ыдырау үдерісі жалғасты. Антиох IV (б.д.д. 175-163 жж.) та державаның күйреуін тоқтатуға тырысты, бірақ нәтижесіз болды. Б.д.д. ІІ ғасырдың соңына қарай парфиялықтар Персия мен Вавилонияны бағындырады. Б.д.д. І ғасырдың басында Иудея тәуелсіздік алады. Нәтижесінде Селевкид мемлекетінің территориясы Сирия, Финикия және Киликияның жартысына дейін қысқарады. Б.д.д. 64 жылы патшалықтың қалған бөліктері Римге Сирияның провинциясы ретінде кіреді.
Птолемейлік Египет – эллинистік әлемнің үшінші ірі мемлекеті. Патшалықтың орталығы дәстүрлі шектегі Египет болды. Птолемейліктер ежелгі Египет мемлекетіне тән ерекшеліктерді сақтап қалды – патшаның озбырлық билігі, саны көп шенеуніктердің көп салалы аппараты, мемлекеттік биліктің қатаң орталықтандырылуы, оның мемлекеттің шаруашылық өміріне белсенді араласуы. Аталған жағдайлар Птолемей патшалығын Селевкид мемлекетінен ерекшеледі. Бұл жерде грек-македондық тұрғындардан құралған қала-полистерді салу қажет болған жоқ, себебі Птолемейлер бұрыннан толық қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұрынғы жүйесі, жаулап алынған халықтардың моноэтникалық массасының мемлекеттік және әкімшілік басқарылуын қолдарына алды. Басқару жүйеснде барлық басты орындарды алғаннан кейін, олар әртүрлі деңгейдегі барлық шенеуніктерді грек-македондық этностағы өкілдерге ауыстырды. Птолемей мемлекетінде қаржылық мекеме мен күшті әскер маңызды роль атқарды.
Өздерінің мүдделерін орындауда Птолемейлер сыртқы саясатта Селевкид және Македон патшалықтарымен қақтығысты. Оңтүстік Сирия үшін Селевкидтермен соғыс б.д.д. ІІІ ғасыр бойы кезектескен жеңіспен жүріп, Сириялық соғыстарға айналды. Бұл соғыс әрекеттерінде Птолемейлер римдіктердің көмегіне сүйенді. Ал римдіктер болса өз кезегінде бұл эллинистік мемлекеттің саясатына араласып, оларды өздерінің мүддесіне бағындырды. Македония да күшті қарсылас болды. Мұндай ұзақ уақытқа созылған қарсы күш Египеттің әскери-экономикалық потенциалын көп мөлшерде түсірді. Бірақ, Римнің көмегіне сүйене отырып және одақтаса отырып, Египет өзінің қарсыластарына қарағанда әлдеқайда көп уақыт тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүрді. Тек б.д.д. 30 жылы ғана Клеопатра VII билігі кезінде ғана бұл эллинистік мемлекет өзінің тәуелсіздігін жоғалтады. Ымыраға келмейтін күрес кезеңінде Октавиан әскері және оның саяси қарсыласы, Клеопатра VII одақтасы, Марк Антонимен Птолемейлік Египетті жаулап алып, оны Рим державасының провинциясына айналдырады.
Дәл осы б.д.д. 30 жылы Римнің соңғы эллинистік мемлекетті жаулап алуы – эллинистік дәуірдің соңы ретінде саналады. Оның әртүрлі бөліктерінің эллинизациялану деңгейінің әртүрлілігіне, жергілікті және эллиндік бастаулардың өзара сіңісу және араласу деңгейінің әртүрлілігіне қарамастан, бұл уақыт экономикалық өркендеудің, дәстүрлі құлдық қатынастардың алыстағы территорияларға таралудың, эллиндік және ежелгішығыстық әлемнің әртүрлі бөліктерінің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарының даму уақыты болды. Оған қоса бұл уақыт саяси және әлеуметтік қақтығыстардың қызу уақыты және жаулап алудан кейін ашық сипатта болған Шығыстағы әлеуметтік қайшылықтардың өсу уақыты болды. Б.д.д. І ғасырдың 30-жылдарындағы жағдайлар Ежелгі Грецияның тарихын осылай аяқтайды. Бұдан кейн ол тек Ежелгі Рим мәдениетінің тарихи даму мазмұнында ғана қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет