Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет82/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

Ағайынды Гракхтар қызметі

Рим республикасының тұрақтылығына төнген дағдарыс жағдайында, нобилитеттің кейбір өкілдері өзгеріс қажеттілігін түсінді. Қоғамды біріктіріп, рим әскерінің күшін жандандыру аса маңызды болды. Рим әскерінің негізгі құрамы жерсіздену жағдайынан жапа шегіп отырған шаруалар еді. Өзгерістерді көздегендердің қатарында ағайынды Тиберий және Гай Гракх болды. Олар ауқатты плебей тобынан шыққан.


Үшінші Пуний соғысының қатысушысы Тиберий Гракх б.д.д. 133 жылы халық тирбуны болып сайланды. Рим әскерінің негізі болып табылатын ұсақ жер иеленушілікті сақтау үшін аграрлық реформа туралы ой туындап жатқан еді. Бұл реформа ең алдымен селолық плебске қажет болды. Сондықтан, Тиберий Гракх б.д.д. 367 жылғы "қоғамдық жерлерді басып алуды шектеуге арналған" Лициния-Секстия заңына сүйеніп, аграрлық реформаның жобасын жариялады. Тиберийдің ұсынысы бойынша жанұя қоғамдық жерден тек 500 югер ғана жер ала алады. екі үлкен ұлына қосымша 250 югер жер беруге болады. Осылайша, бір жанұяның жер үлесі 1000 югерден аспау керек.
Бұрынғы иелерінен тартып алынған жерлер мемлекеттік қорға өткізіліп, жерсіздерге 30 югерден жер беретін болды. Жерді иелену заңы бойынша оны сатуға, сыйға беруге болмайтын, тек мұраға қалдырылатын және мемлекетке салық төленетін. Осы шараларды іске асыру үшін Тиберий Гракх үш адамнан тұратын комиссия құруды ұсынды. Тиберийдің жобасы нобилитеттің наразылығын тудырды. Сенаторлардың басым бөлігі Тиберийге қарсы шықты. Плебс керісінше оларды қолдады. Халық жиналысына сүйене огтырып, Тиберий Гракх шешімді түрде қимылдады. Трибуттық комициялар заң жобасын қолдады. осымен ұатар, жер үлесін бөлу туралы комиссия құрылды. Оның мүшелігіне Тиберийдің өзі, ағасы Гай және олардың жақтаушысы Клавдий кірді. Комиссия реформаны іске асыруды бастады.
Б.д.д. 132 жылы Тиберий Гракх өз кандидатурасын халық трибуны қызметіне екінші рет ұсынды. Оның қарсыластары оған мүмкіндік бермеу үшін, оны билікті жаулап алды деп айыптады. Өзінің жақтастарымен бірге Тиберий өлтірілді. Реформа кері қайтарылған жоқ, оның маңызын көпшілік түсінді. Жер үлесін беру жалғаса берді, саяси күрес те өршіді.
Қарсыласушы екі жақтың күштері екі саяси топқа бөлінді. Олар оптиматтар және популярлар деп аталды. Оптиматтар нобилитеттің, сенаторлық топтың мүддесін қорғады да, сенат пен магистрлердің билігінің қол сұғылмаушылығын талап етті. популярлар қалалық және селолық плебстің мүддесін қолдады, халық жиналысының күшіне сүйенді. екі топтың арасындағы күрес біртіндеп күшейіп, негізгі мәселе аграрлық мәселе мен Рим мемлекетін демократияландыру мәселесі болды.
Популярлардың басшысы, Гай гракх аграрлық өзгерістердің тұрақты жалғастырушысы болды. Б.д.д. 123 жылы халық трибуны болып сайланды. Оның өкілеттілігі келесі жылы да созылды. Аграрлық комиссияның село плебсі үшін жүргізген шаралары жалғаса берді. Қала плебсінің жағдайы да өзгертілді: нанды қала плебсіне арзан бағамен сату туралы заң қабылданды.
Атты әскер сословиясының мүддесі үшін, атты әскерден қалыптастырылатын соттық комиссия құрылып, биліктің асыра сілтеушілігі мен провинциядағы рим наместникиерінің коррупциясы қарастырылды. Гай Гракх осындай шаралары арқылы атты әскер тобының да қолдауын көрді. Әскер де ұмыт қалдырылған жоқ. Әскерде ұызмет ету мерзімі мен қару-жарақты ақысыз беру мәселесі шешілді.
Рим мемлекетінде демократиялық бастамаларды күшейту үшін, бірнеше тұрақты соттық комиссиялар құрылды, қаржы мәселесіне қатысты кейбір сұрақтар сенаттан халық жиналысына берілді. Халық трибунының құқығы кеңейтілді. Италиктерге рим азаматтыңын беру мәселесі шешілмей қалды.
Гракх реформаларының сенаторларға қарсы бағыты болды. Әлеуметтік құрамы мен экономикалық-саяси мүддесі бойынша сенат құрамы әртүрлі болды. Атты әскер тобы да, плебс те италиктерге рим азаматтығын беру мәселесін қолдаған жоқ. Біртіндеп, Гракх реформасынан атты әскер де, плебс те алшақтай бастады. Оптиматтар Гай Гракхке қарсы айдап салып отырды. Күрес Рим көшелеріндегі ашық күреске ұласып кетті. Нәтижесінде Гай Гракх пен оның жақтастары өлтірілді. Дегенмен, бұл реформалар ізсіз кеткен жоқ, плебс жер бөліктерін алды. Атты әскерлер де бірқатар артықшылықтар иеленіп алды. Б.д.д. 111 жылы аграрлық шаралар жоққа шығарылды. Осы жылы қабылданған заң бойынша жеке адамдар басып алған жер бөліктері олардың жеке меншігіне өтті. Гракх реформасының барысында алынған жер бөліктері сатылып кетті де плебстің жерсізденуі жалғаса берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет