Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Б.д.д. ІІ ғ. Рим республикасындағы экономикалық және әлеуметтік қатынастар. Рим провинцияларындағы жағдай



бет81/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

Б.д.д. ІІ ғ. Рим республикасындағы экономикалық және әлеуметтік қатынастар. Рим провинцияларындағы жағдай

Үздіксіз басып алушылық соғыстар барысында рим мемлекетінде құлдардың саны күрт өсті. Құл санының көп болуы кейінгі Рим республикасының әлеуметтік-саяси өміріне үлкен өзгерістер алып келді. Құл еңбегі жетекші роль атқарды, құл негізгі материалдық байлық өндірушіге айналды. Ерікті өндірушіні біртіндеп шаруашылық өмірден ығыстырып шығарды. Плебстің жерсізденуі басталды, жер ірі құл иеленушілердің қолына шоғырланды.


Б.д.д. ІІ ғасырға дейін италийлік жер шаруашылығында жетекші тұлға орта және ұсақ меншік иесі болған. Кейінгі республика барысында дәл осы категория кедейлене бастады. Бұл процестің бірнеше себебі бар: ең алдымен үздіксіз соғыстар шаруаны жерінен үзді, сондықтан, жер шаруашылығы құлдырап кетті. Келесі себебі, құлдардың басым бөлігімен жерін өңдейтін ірі жер иеленушімен бәсекелестікке түсу аса қиын болды.
Б.д.д. ІІ ғасырда Рим республикасындағы ерікті өндірушілердің натуралды шаруашылығының орнына ірі поместьялық шаруашылықтар келді, 10-20құлы бар виллалар кең орын алды және бұлардың барлығы нарыққа икемделді. Құл иеленушілік шаруашылық тауарлық шаруашылық болды. Құл иеленушілік қолөнерге де ауысты. Қала тұрғындарының санының өсуі ауылшаруашылығы мен қолөнер өніміне нарық қалыптастырды. Ақшаға деген сұраныс пайда болды, бұл өсімқорлыққа алып келді. Экономиканың прогрессивті дамуына байланысты ұсақ және орта жер иеленушілер өз үлестерін жолғалтып, қайыршыларға айналды. Құл еңбегі тиімді жағдайда, олар қажетсіз болып қалды. Көптеген жерсізденген азаматтар қалаға қоныс аударды, сөйтіп люмпен-пролетарийлардың қатарын көбейтті. Рим мемлекетінің алдында күрделі жағдай қалыптасты, енді ірі меншік иелерін құлдардан ғана емес, кедейлерден де қорғау керек болды.
Рим мемлекеттік аппаратындағы консерватизм провинцияларды бақылаудан да көрінді, олар жүйесіз басқарылып, аяусыз жазаланып, қаналып отырды. Б.д.д. І ғасырдың басында Римнің он провинциясы болды, олардың құқықтары әртүрлі болды, жүйелі басқару формасы болған жоқ. Олардың көпшілігі бағынышты болды да, әртүрлі салық төледі. Мемлекет провинцияларын «рим халқының поместьясы» деп есептеді. провинция наместниктерінің құқығын анықтайтын заңдар болмады, олар шексіз билік жүргізді. Бұндай жағдайлар рим мемлекетіне кедейленген провинциалдарды ғана емес, провинциядағы құл иеленушілерді де қарсы қойды. Себебі, провинциядағы құл иеленушілердің құқығы да қорғалмады. Бұрынғы саяси формалар рим құлиеленушілерінің белгілі бір тобының ғана - нобилитет пен сенаторлық олигарцияның мүддесін қорғады. Билікке салт аттылар да ұмтылды. Әсіресе, саудамен қолөнермен айналысатындар үшін билік қызығу объектісі болды. Провинция тұрғындарының басым бөлігі өздерінің материалдық жағдайына наразы болды. Сонымен қатар, люмпен пролетариаттың наразылыққа дайын болуы әлеуметтік-саяси күштердің тұрақтылығын бұзатын еді. Б.д.д. ІІ ғасырда құлдар арасында да бірнеше наразылықтар орын алды. Мысалы, б.д.д. 138-132 жж. Сицилиядағы құлдар көтерілісі, б.д.д. 132-129 жж Пергамдағы құлдар көтеріліс рим мемлекетіндегі дағдарысты анық көрсететін еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет