Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Римнің Шығыс және Батыс Жерорта теңізіндегі жаулап алушылықтары



бет80/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Римнің Шығыс және Батыс Жерорта теңізіндегі жаулап алушылықтары

Б.д.д. IV ғасырдың соңы – ІІІ ғасырдың басында Жерорта теңізінің шығысында эллиндік мемлекеттер қалыптасты. Олардың ең маңыздылары Македония, Птолемейлік Египет және Селевкидтердің патшалығы болды. Б.д.д. ІІІ ғасырда эллиндік мемлекеттер ішкі және сыртқы талас-тартыс пен өзара бәсекелестіктің салдарынан өздерінің бұрынғы құдіретінен айырыла бастады. Бұндай жағдайлар Римнің Шығыс жерорта теңізіндегі мемлекеттердің ісіне араласуға мүмкіндік берді.


Римдіктердің шығысқа енуінің алғашқы ұмтылыстары б.д.д. ІІ ғасырда болды. Бұл кезде Рим Македонияға қарсы жаулап алу соғыстарын бастаған еді. Фессалиядағы Киноскефал деп аталатын елді мекен түбінде римдік легион жеңілмейтін даңқты иемденген Филипп V македондық фалангасын талқандады. Бейбіт келісім жасалғаннан кейін, жоғарғы әскербасшы Тит Квинкций Фламинин Римнің Грециядағы позициясын бекітті. Б.д.д. 196 жылы ол грек полистерінің македон билігінен азат екендігін жариялады.
Рим Апеннин түбегінде үстемдік орнату үшін 12 бөліктен тұратын италия жеріне жаулап алушылық соғыстар жүргізді. Римдіктер Оңтүстік Италиядағы грек қалаларына қауіп төндірген кезде, Италия жеріндегі ең үлкен Торент қаласының ақсүйектері Эпир мемлекетінің патшасы Прииден көмек сұрайды. Пирр өз әскерімен оларды қорғау үшін б.д.д. 280 жылы Италияға келеді. Соғыс барысында оның іскері шығынға ұшырайды, Пирр қалған әскерімен Грекияға кетті. Рим бүкіл Италияға өз үстемдігін орнатты. Италиядан кейін римдіктер Сицилия мен металы көп Испания жері үшін жаңа жорыққа әзірленді. Бұған карфагендіктер қарсы болды.
Карфаген қала мемлекет еді. Римдіктер карфагендіктерді пунндар деп атаған. Пуни соғысы деп аталуы осымен байланысты. Бірінші Пуни соғысы б.д.д. 264 жылы басталып, б.д.д. 241 жылы Римнің жеңісімен аяқталды. Сицилияға Рим үстемдігі орнап, оны Рим тағайындаған әкім басқарды. Сицилия теңіздің арғы бетіндегі Римнің алғашқы провинциясы болды. Рим өкілі Римге астық жеткіздіріп, салық жинады. Рим Сицилиядағы грек қалаларын азат етіп, оларды салықтан босатты. Карфагендіктерді бұл жеңіліс мұқата алмады. Карфаген әскерін басқару талантты қолбасшы Ганнибалға жүктелді. Ол өз әскерін Альпі таулары арқылы 15 күннің ішінде Италияға алып барды. Асу кезінде 38 пілдің 12-сі қалды. Б.д.д. 218 жылы екінші пуни соғысы басталған кезде, Ганнибал әскері Римнің 50 мың әскерін қырып салды. Римдіктер тез арада күш жинап, шешуші соғысқа әзірленді. Б.д.д. 202 жылы Зама жазығында римдіктер Ганнибал әскерін жеңеді. Б.д.д. 201 жылы Екінші пуни соғысы аяқталды. Соғыс нәтижесінде карфагендіктер Римге 50 жыл ақша төлеп, теңіз кемелері мен пілдерін берді. Бүкіл Сицилия мен Испанияның күміске бай кен орындары Рим провинциясына айналды, Рим Жерорта теңізінің қожасына айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет