Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Ерте Рим республикасының саяси құрылымы



бет77/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Ерте Рим республикасының саяси құрылымы

Римдіктер өз қауымын цивитас деп атады. Бұл толық құқылы азаматтар жиынтығы болды, олар азаматтық қауымға бірікті және грек полисіне ұқсас болды. Жоғарғы билік «рим халқының» қолында болды. Рим халқы - толық құқылы, артықшылықтарды иеленген азаматтар еді. Плебейлер мен патрицийлер күресі аяқталған кезде, б.д.д. ІІІ ғасырдан бастап, Рим республикасының саяси билігінің органдары қалыптасты. Бұл халық жиналысы, сенат, атқарушы билік органдары - магистратур.


Римде халық жиналысының үш түрі болды. Куриаттық комициялар, б.д.д. ІV ғасырда саяси маңызын жоғалтты. Сервий Тулий реформасынан кейін, центуриаттық комициялар - жауынгерлердің центурий бойынша жиналыстары маңызды роль атқара бастады. Бұл жерде маңызды саяси мәселелер шешіліп, консулдар, цензорлар, преторлар сайланды, қылмыстық күрделі мәселелер шешілді. Б.д.д. V ғасырда трибуттық комициялар - территориялық триб бойынша плебей магистраттарын сайлайтын плебей жиналыстары пайда болды. Б.д.д. 287 жылы трибуттық комициялардың саны өсіп, Гортензия заңынан кейін олардың қолына заңдық функциялар көшті. Трибуттық комицияларды, центуриаттар сияқты жоғарғы магистраттар шақырды. Бұл жерде де Рим азаматтық қауымының маңызды мәселелері қаралды.
Әртүрлі функциялары бар халық жиналысының үш түрінің болуы, халықтың саяси шешімдерге тиімді ықпал етуіне кедергі келтірді. Комициялардың заңдық иницативасы болмады, магистраттардың шешімдерін қолдап, немесе кері қайтарып отырды. Осындай жағдайда сенаттың рөлі күшейді.
Сенат Рим республикасындағы биліктің жоғарғы органы. Алғашында ол 300 адамнан тұрды. Олардың құрамына бұрынғы магистраттар кірді. Сенаторлардың жағдайы мен рангісі әртүрлі болды. Тізімде бірінші тұрғандар - консулдар, олардан кейін бұрынңы преторлар, цензорлар т.б. Ең ықпалдысы «сенат принцепсі» болды. Ол сенаттық тізімді ашты. Сенаттың өкілеті өте жоғары болды. Бұл жерде діни культ, қаржы, ішкі және сыртқы сауда мәселелері шешілді. Магистраттармен тығыз байланысты ұстай отырып, сенаторлар ынтымақтаса әрекет етті, біртұтас әлеуметтік топ болды, нобилитет өкілдерінен құралды.
Атқарушы билік магистраттардың қолында шоғырланды, олар комицияларда сайланды. Қызметі үшін ақы төленбеді, бірақ, бұл құрметті іс болып есептелді. Магистраттар бір жылға сайланып, орта шешім шығаруға тиіс болды. Магистраттар екі топқа бөлінді - қарапайым (ординарлық) және төтенше (экстраординарные).
Ординарлық магистратурада жоғарғы атқарушы билік екі консулдың қолында болды, олардың өкілеттігі бірдей еді. Оларға жоғарғы азаматтық және әскери билік берілді. Мағыздылығы жағынан екінші орында преторлар тұрды. Екі претор Римдегі тәртіпті қадағалады, сот жұмысын жүргізді. Олардың біреуі Рим азаматтарымен байланысты мәселелерді шешсе, екіншісі, азамат еместер арасындағы қақтығысты жағдайларды реттеді. Цензор қызметі де құрметті жұмыс болды. Екі цензор азаматтар санағын жүргізді, мүліктік тобын анықтады, сенаторлар тізімін қалыптастырды, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалады.
Халық трибундарының қызметі плебстің мүддесін қорғады, маңызды құқықтарды қарастырды, өзге магистраттардың қолында жоқ "вето" құқығын иеленді. Бұл қызмет алқалы жиын сипатында болды. Халық трибундарының билігінің қаланың ішінде ғана заңдық күші болды. Халық трибунының тұлғасының қол сұғылмаушылық күші болған жоқ. Төменгі ординарлық магистратур қызметіне эдил және квестор қызметі де жатты. Эдилдер қаладағы тәртіпті бақылады, оның қамтамасыз етілуі мен сәулеттендіруін қадағалады. Квесторлар қала қазынасын бақылады, мұрағатқа жауапты болды.
Төтенше магистратураға диктатор қызметі де жатты. Ол алты ай мерзіміне тағайындалды, төтенше жағдайларда биліктің барлық түрін қолына жинақтай алды. Диктатордың шешімін ешкім өзгерте алмайтын, оның көмекшісі салт атты әскердің басшысы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет