«Ежелгі дүние тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус)


Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет



бет2/11
Дата08.11.2022
өлшемі133,33 Kb.
#48360
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕ ТАРИХЫ

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет:

  • Ежелгі дүние тарихы жөнінде ең негізгі мағұлматтарды жақсы білу, ежелгі дүние тарихы кезеңіндегі әлеуметтік саяси-экономикалық және мәдени даму деңгейлерін білу

  • Ежелгі дүние тарихы бойынша негізігі тарихи деректер мен ғылыми зерттеу тарихнамасын білу

  • Ғылыми теориялық негіздерін жан-жақты жетілдіру

  • Мәселеге дербес ғылыми талдау жасайтын қабілетін арттыру; жазба және ауызекі бейнелеу өнерін жетілдіру

  • Тарихи материалдарды оқығанда соған қатысты карта көруге дағдылану, тарихи бір деректі оқығанды оны екінші дерекпен салыстырып тұжырым жасауға әдетену;

  • Өздері қызығатын саланың төл деректері мен зерттеу әңбектерін жинай жүруге дағдылану

Істей білуі қажет:

  • Ғылыми теориялық негіздерін жан-жақты жетілдіру;

  • Мәселеге дербес ғылыми талдау жасайтын қабілетін арттыру; жазба және ауызекі бейнелеу өнерін жетілдіру;

Дағдысы болуы қажет:

  • Тарихи материалдарды оқығанда соған қатысты карта көруге дағдылану;

  • Тарихи бір деректі оқығанды оны екінші дерекпен салыстырып тұжырым жасауға әдетену;

  • Өздері қызығатын саланың төл деректері мен зерттеу әңбектерін жинай жүруге дағдылану;

Құзіретті болуы қажет:

  • Ежелгі дүние заманындағы елдердің әлеуметтік – экономикалық дамуына сипаттама беруге;

  • Ежелгі дүниетарихы кезеңіндегі елдердің саяси өміріне талдау жасай білуге;

  • Шығыс және Еуропа арасындағы саяси-экономикалық байланыс негіздері туралы тұжырымды пікірлер айтуға;

5. Баға қоюдың саясаты:
Студенттердің аралық бақылаудағы үлгерімі олардың аудиториялық және аудиториядан тыс оқылатын оқу пәннің тақырыптарына байланысты бағаланады. Аралық бақылаудың бағасы аудиториялық сабақтар кезінде жиналған ағымдық бақылаудан (рейтинг бағасы) және аралық бақылаудың (аудиториядан тыс) ббағалары қосылады.
Академиялық тапсырмаға период бойына әр орындалған тапсырмаға 100 балл шкаласы бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің ағымдық бақылау үлгерімдері (ағымдық сабақтардағы жауап, үй тапсырмасын тапсыру, студенттің қзіндік жұмысы) (әрі қарай - СӨЖ), ағымдық бақылау және ағымдық бақылау үлгерімінің соңғы қорытынды нәтижесі барлық бағаның орташа арифметикалық көрсеткіші бойынша есептелінеді.
Дисконт:

  1. Екі сабақ жіберу- (- 10 балл)

  2. Тапсырманы орындамау – (-10 балл)

  3. Сабақта тәртіпсіз отыру – (-5 балл)

  4. Ұялы телефонды қолдану – (- 20 балл)

Бонус:

  1. Сабақта белсенді жұмыс атқару- 10 балл

  2. Жұмыстың уақытынан бұрын тапсырылуы – 10 балл)

  3. Сабақта сұрақтар қойып, сабаққа белсенді қатысу – 10 бал



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет