48
арасынан ақсүйектер мен құлдар келіп шықты.Біздің заманымыздан бұрынғы
4 – 3-мыңжылдықта Тигр мен Евфрат өзендері аралығында шумер мәдениеті
пайда болды. Шумерлердің Орталық Азиядан бұл өлкеге қалай, қашан көшіп
келгені ғылымда әлі анықталған жоқ. Кейіннен Месопотамияда шумерлердің
орнына Вавилон мемлекеті (оңтүстікте) мен Ассирия мемлекеті (солтүстікте)
құрылды. Шумерлермен қатар Ніл өзені жағалауында ежелгі Мысыр
мемлекеті (шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 3000 жыл) дүниеге келді.
Б.з.б. 2000 ж. Қытайда да алғашқы мемлекет құрылып, Ся әулеті билік құрды.
Шамамен осы мезгілде Крит мәдениеті мен Хетт патшалығы өмір сүрді.
Тайпалардың шығыстан батыс пен оңтүстікке жаппай қоныс аударуы
нәтижесінде Кіші Азия, Сирия, Палестина, Мысыр халықтары толығымен
жаңарып, адамзат тарихында темір дәуірі басталды. Таяу Шығыста шығу тегі
белгісіз «теңіз халықтары» пайда болып, Жерорта теңізі жағалауларына өз
бақылауын орнатты. Біздің заманымыздан бұрынғы 2500 ж. шамасында Инд
өзені бойында үнді мәдениетінің негізі қаланды. Көп ұзамай Үндістанға
Орталық Азиядан арий тайпалары басып кіріп, шамамен біздің
заманымыздан бұрынғы 1500 ж. бүкіл Солтүстік Үндістанды басып алды.
Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Инд өзенінен Қара және Каспий
теңіздеріне, сондай-ақ, Мысыр мен Грекияға дейін созылып жатқан парсы
патшалығы (Ахемен әулеті мемлекеті) құрылды. Біздің заманымыздан
бұрынғы 336 – 321 ж. онан да алып Александр Македонский империясы
құрылып, грек-македон және шығыс мәдениеттері араласа бастады. Шамамен
осы кезеңде Орталық Азияны мекендеген ғұн тайпалары бірлесіп алып
мемлекет құрды. Олар шығыста Қытайды Ұлы қытай қорғанын тұрғызуға
мәжбүр етті. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Рим күшейіп,
Италиядағы латын мемлекеттерін өзіне бағындыра бастады. Императорлар
Цезарь мен Августин тұсында Рим Жерорта теңізі жағалауларына толық өз
үстемдігін орнатқан әлемдік державаға айналды. Біздің заманымыздың 3
ғасырынан бастап империя әлсіреп, 395 ж. Батыс және Шығыс Рим
империяларына бөлінді. 3 ғасырдан бастап Орталық Азияны мекендеген
көшпелі ғұн тайпалары жаппай батысқа жылжып, Балтық және Қара
теңіздердің аралығын мекендеген герман тайпаларын әрі қарай ығыстырды.
Ғұндардан ығысқан германдықтар Батыс және Шығыс Рим империяларына
басып кірді. Кейбір герман тайпаларымен одақтасқан ғұн тайпалары да
Аттиланың (Еділдің) басшылығымен Батыс Рим империясына басып кіріп,
452 ж. Рим қаласын қоршауға алды, бірақ төлем алғаннан кейін қаланы
қиратпай, кері шегініп кетті. Көп ұзамай Батыс Рим империясы біржолата
жойылды. Осы империяның жойылуымен ежелгі дәуір тарихы да аяқталды.
Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Ежелгі дүние тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына сипаттама?
2. Ежелгі дүние тарихының хронологиясы?
Достарыңызбен бөлісу: