Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы


  № 2тақырып: ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет21/66
Дата07.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
 


49 
№ 2тақырып: ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ ТАРИХЫ 
1. ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ ТАРИХЫНЫҢ ХРОНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ 
АРҚЫЛЫ СИПАТТАМА БЕРУ. 
2. 
ЕЖЕЛГІ ПАТШАЛЫҚ КЕЗІНДЕГІ ЕГИПЕТ

3. ОРТА ПАТШАЛЫҚ КЕЗІНДЕГІ ЕГИПЕТ. 
4. 
ЖАҢА ПАТШАЛЫҚ КЕЗІНДЕГІ ЕГИПЕТ

5. СОҢҒЫ ПАТШАЛЫҚ КЕЗІНДЕГІ ЕГИПЕТ. 
Ежелгі Египет тарихының хронологиясын нақты және дәл айту өте қиын себебі
ежелгі Египетте жыл санау әр жаңа перғауын келген сайын жаңарып отырған. 
Манефонның жазба деректерінде әрбір перғауынның билік жүргізген кезі 
сақталған . Кейін Египет күнтізбесінің пайда болуы нақты хронология құруға негіз 
болды. Египет күнтізбесі 365 күнді құрады. Сол себепті бұл мемлекет негізгі 
тропикалық жылдан әр төрт жыл сайын бір күнге қалып отырды. Бұл қателік 1460 
жылдан кейін тура бір жылға тең болды. Кейін хронологиялық зерттеу жүргізген 
кезде осы айырмашылық ескеріліп түзетулер енгізілді. Амарн архивтерінде жаңа 
және орта патшалық дәуіріндегі Египет хронологиясы анықталды. Манефон Египет 
тарихындағы перғауындар династиясын 31 бөлікке бөлді . Жоғарғы және төменгі 
Египет қосылған соң Ертеректегі патшалық атауына ие болады (шамамен б.э.д.3100-
2800жж).Бұл кезеңде біртұтас мемлекетке бірікті. Екінші кезең-Ерте немесе Ескі 
патшалық (шамамен б.э.д.2800-2250жж)-Египетте өркениеттің (пирамидалардың 
салынуы) айқын көрініс тапқан уақыты. Ескі патшалықтан кейін бірінші өтпелі 
кезең (шамамен б.э.д.2160-2134жж) келеді. Осы уақытта Египет өзара 
жанжалдасушы бірқатар номдар және уақ мемлекеттер болып ыдырайды. Фараон 
билігі әлсіреп, елде тұрақсыздық және соғыстық күй қалыптасты, ном билеушілері 
өздерін патшадай сезініп және Египеттегі ірі билікке таласады. 
Осы кезеңнің соңында Фив қаласының билеушілері жеңіп, Египет қаласы 
бірігеді.Үшінші кезең келеді-Орта патшалық уақыты (шамамен б.э.д.2050-1700жж). 
Содан кейін Египет екінші өтпелі кезеңді (шамамен б.э.д.1700-1580жж), бұл кезең 
елдің қайта тарауымен және Египет бөлігін гикостардың басып алуымен 
сипатталады. 
Төртінші кезең-Жаңа патшалық (шамамен б.э.д.1575-1087жж). Осы кезеңде 
ХҮII династия фараондарының билігінде Египет бірігеді. Египет ірі империяға 


50 
айналады және олардың билушілері Ерте Шығыстағы саяси және әскери 
гегемонияға ұмтылады. 
Осы кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлдырауға келеді.Оны парсылар,кейін 
Александр Македонскидің әскері жаулап алады, ал б.э.д.30 жылы Египет Рим 
империясының провинциясына айналады. 
2. 3-6 династия фарондарының патшалық құрған замандарын қамтитын дәуір 
бірінші рет орталыққа ұйымдасқан және күшті құл иеленушілік мемлекеттің 
құрылған уақыты болды. Материалдық мәдениет дамып гүлдену сатысына жетті. 
Египет патшалары Синай түбегі мен Нубияны жаулап алу күрестерін жүргізді. 
Егіншілік дамып ,жаңа каналдар қазылды .Осыған сәйкес балық шаруашылығы 
,жүзім және зығыр егу шаруашылығы дамыды. Тас құралдарының орнын металл 
құралдары алмастырды. Металлургия дамыды. Құлдар мен кедейлердің ауыр 
еңбегінің нәтижесінде жалпы мемлекеттік маңызы зор құрылыстар ,су 
қоймалары,каналдар,храмдар салынды. Патшаның шексіз билігіне негізделген 
ертедегі Египет деспотиясы нақ осы кезеңде қалыптасады. Мысырда біріккен 
орталық мемлекет б.з.д. IV—II мыңжылдықтарда қалыптаса бастады. Сол кезден 
бастап Мысыр өнері дамып, сатылы пирамидалар пайда болды. Ең 
алғашқы пирамида Жосер перғауынның құрметіне орнатылды. Хеопс салғызған ең 
мың блок кірігіштен тұрады.Пирамиданың ең төменгі жағы төртбұрыш, жоғары 
жағы үшбұрыш тәрізді үшкірленіп отырады. 
3.Орта патшалық кезіндегі Египет жеке-жеке иеліктерге бөлініп ыдырауы ,құрып 
кету қаупі туындады .Ніл тасқынын реттегі басқарудың және ирригация торын 
көбейтудің қажеттігі елді саяси жөнінен біріктіруді бас себебі болды . Мұны 
сыртқы саудада талап етті.Біріктіруші ірі 2 орталық ретінде солтүстікте –
Гераклеополь,ал оңтүстікте Фивы шығады.Екі мемекет арасында соғыс болады 
ақырында Фивы жеңіп шығады.Фивының патшасы Ментухотеп болады ,ол біртұтас 
Египет мемлекетін қайта құрады.Ауыл шаруашылығы бүкіл елде өсіп өркендеді . 
Египет гүлденген жасыл бау-бақшаларға айналды .Тоқыма өндірісі өркендеді 
,тоқыма станогі пайда болды.Египет экономикасына маңызы зор сауда жолдары 
пайда болды.Египеттің көрші аймақтармен сауда байланысы күшейді ,олардан 


51 
Египетке 
минерал 
,тұз, 
өсімдіктер,құстар 
әкелінді.Белгілі 
"Синухет 
әңгімесінде"»Египет пен Сирия арасындағы сауда байланыстарының күшейгендігін 
жақсы 
сипаттайды.Нубияны,алтынға 
бай 
өлкені, 
жаулап 
алуға 
тырысқан.Қалалардың салынуы қатты өріс алған.Қалаар өте бір дәлдікпен 
салынған,қай жерінде болмасын түп-түзу көшелер бір-бірімен тік бұрыш жасап 
кесіп өтеді,бүкіл қала дуалмен қоршалған. 
Орта патшалықтың соңғы кезеңін есте қалдырған үлкен әлеуметтік төңкеріс б.ж.д 
18 ғасырда "гиксостар"деп аталатын шетжерлік азиялық тайпалардың Египетке 
басып кіруімен аяқталады. 
4.Жаңа патшалық дәуіріндегі елдің өндіргіш күштері өркендеп ішкі және сыртқы 
сауда кеңейе түсті.Египет саудасы үшін Библдің маңызы зор болған .Жаңа 
патшалық дәуірінде египеттіктер кенді Кипр аралынан аса көп алды. Египеттік 18 
династия фарондары бірсыпыра жаулап алушылық саясатын жүргізді.Ал жаулап 
алу саясатын ІІІ Тутмос кең түрде жүргізді.Ол өзінің билік еткен кезінде Сирияға 
17 рет жорық жасаған.Сирияны жаулап алып оның халқын ,жерін өзіне қаратты. 
ІІІ Тутмостың бұл жорықтары Азияда Египет ықпалын күшейтті,соның 
нәтижесінде Азияның Ассирия,Хетт,Вавилон патшалары Египетке алым-салық 
төлеп отырды. 
Египет перғауыны ІV Аменхотеп жаңа дін жораларын ұсынды ,мұның сырт 
көрінісін патшаның өз атынын өзгеруінен көруге болады.Перғауын
"Эхнатон" деген жаңа ат алды,бұл Атонның көркі деген сөз. 
Эхнатонның Египетте жүргізген діни реформалары Атонға арналған гимннің 
сөйлемдерінде кездеседі.Эхнатон діни реформалары арқылы Фивыға жорықтар 
жасаған ,бірақ олар сәтсіз аяқталған. 
19 династияның негізін қалаушы болып Хоремхеб болып саналады.Ол кезінде 
Сирия,Финикия,Тир,Ливан порттарын жаулап алған.Египет әскерлері Сирияға 
орнығып алдыда Азияда өз үстемдігін орнатты. 
20 династия кезінде ІІ Рамзес билік етті.Осы кезде ол Хеттерден жеңіле жаздады 
уақытында әскер көмекке келіп масқара жеңілістен аман қалды. 


52 
5.Соңғы патшалық дәуіріндегі египет династиясында осы мемлекетті жаулап алушы 
елдер көп болды,яғни бұл мемлекет өзге мемлекеттің құрсауында қалды. 
Б. з. б. 332 жыл Египетке жорық Александр Македонский Египетті соғыссыз 
бағындырды. Ніл өзенінің атырауында жаңа қала - Александрия қаласының негізін 
қалады. Ежелгі парсы патшасы Кирдің баласы Камбиз Египет мемлекетін жаулап 
алып біраз уақыт осында өз билігін жүргізді. 
Өзін өзі бақылау сұрақтары. 
1.Ежелгі египет патшалығы неше кезеңге бөлінеді
2. Әр династия неше бөлікке бөлінді. 
3.Ерте патшалық дәуірінде жақсы дамыған шаруашылық. 
4.Орта патшалық кезінде өзара жауласқан мемлекет. 
5.Жаңа патшалықта Египетті қай мемлекеттін ұрпағы және кім басып алды. 


53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет