Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет20/66
Дата07.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66
Байланысты:
Ж мыс ба дарламасы П нді о ытуды ма саты Ежелгі д ние тарихыкур

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


47 
№ 1. Дәріс
Ежелгі дүние тарихы және оның дүниежүзілік тарихтағы орны. 
Ежелгі дүние тарихы курсы екі бөлімнен тұрады: Ежелгі Шығыс және 
Ежелгі Греция мен Рим тархы. Ежелгі Шығыс және Ежелгі Греция мен 
Римнің ортақ белгілері, әлеуметтік –экономикалық құрылысындағы, саяси 
діни –мәдени өрістеріндегі жалпы негіздер және әр қайсының өзіне тән
қоғамдық-cаяси әлеуметтік экономикалық және мәдени салаларындағы 
ерекшеліктері де қарастырылады. Ежелгі дүние тарихы курсының басты 
мақсаты: тарихшы студенттерге Ежелгі Шығыс, Греция және Рим қоғамның 
алғашқы қарапайым қауымдық қоғамнан алғашқы мемлекеттік қоғамға өту 
тарихының басты белгілерін және мемлекеттік институттарының пайда болу 
тарихын, адамзат дамуындағы жаңа қоғам-өркениеттік қоғамның даму 
тарихын жан- жақты талдау оқыту, үйрету және игерту болып табылады. 
Cонымен қатар, Ежелгі дәуір өркениеттерінің адамзат қоғамның дамуның 
барлық өрістеріне, яғни қоғамдық- саяси, әлеуметтік-экономикалық және 
мәдени өрістерінің өркениеттердің бастауына, қалыптасуына және дамуына 
қосқан үлесі мен орасан зор ықпалын студенттерге жете түсіндіру болып
табылады. Египеттік деректер сол жерде ең алғашқы адамдар пайда болған 
кезден бастап жинақталды. Ежелгі дәуірдің өзі сан мыңдаған деректер 
қалдырды. Сондықтан оны патшалық дәуірге дейінгі деректер, ежелгі 
патшалық орта патшалық, жаңа патшалық дәуіріндегі деректер деп 
қарастырған өте тиімді. Ежелгі Египеттің мәдениетінің тарихы көптеген және 
әртүрлі деректердің негізінде көптеген жылдар бойы зерттеліп келе жатыр. 
Қазіргі кезге дейін көптеген жазба ескерткіштердің түрлері, әдет-ғұрыптары, 
рухани өмірлері, тілі, материалдық мәдениеті дерек көздері арқылы құнды 
мәліметтер береді. Деректерді үлкен жеті топқа бөлуге болады: Жазбаша түп-
деректер: тарихи еңбектер, көркем әдебиеттер, ғылыми және діни мәтіндер 
құжаттар. Материалдық мәдениеттің ескерткіштері: қалалардың,храмдың, 
мазарлардың, мазарлардың, тұрғын үйлердің қалдықтары, керамика, статуя, 
табынушылықтың әртүрлері және заттар т.б.Халықтың ауыз әдеби 
шығармалары бойынша ескерткіштері, тілдік мәліметтерге, этнографиялық 
Ежелгі дүние тарихы- тарих ғылымында адамзат қоғамы дамуының Рим 
империясы құлағанға дейінгі (біздің заманымыздың 5 ғасыры) кезеңін 
сипаттау үшін қолданылатын термин. Алғашқы адамдар туыстық 
байланыстар бойынша (ру мен тайпа) бірлесіп өмір сүрген. Бірте-бірте рулар 
мен тайпалар арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде қоғам мүшелері 


48 
арасынан ақсүйектер мен құлдар келіп шықты.Біздің заманымыздан бұрынғы 
4 – 3-мыңжылдықта Тигр мен Евфрат өзендері аралығында шумер мәдениеті 
пайда болды. Шумерлердің Орталық Азиядан бұл өлкеге қалай, қашан көшіп 
келгені ғылымда әлі анықталған жоқ. Кейіннен Месопотамияда шумерлердің 
орнына Вавилон мемлекеті (оңтүстікте) мен Ассирия мемлекеті (солтүстікте) 
құрылды. Шумерлермен қатар Ніл өзені жағалауында ежелгі Мысыр 
мемлекеті (шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 3000 жыл) дүниеге келді. 
Б.з.б. 2000 ж. Қытайда да алғашқы мемлекет құрылып, Ся әулеті билік құрды. 
Шамамен осы мезгілде Крит мәдениеті мен Хетт патшалығы өмір сүрді. 
Тайпалардың шығыстан батыс пен оңтүстікке жаппай қоныс аударуы 
нәтижесінде Кіші Азия, Сирия, Палестина, Мысыр халықтары толығымен 
жаңарып, адамзат тарихында темір дәуірі басталды. Таяу Шығыста шығу тегі 
белгісіз «теңіз халықтары» пайда болып, Жерорта теңізі жағалауларына өз 
бақылауын орнатты. Біздің заманымыздан бұрынғы 2500 ж. шамасында Инд 
өзені бойында үнді мәдениетінің негізі қаланды. Көп ұзамай Үндістанға 
Орталық Азиядан арий тайпалары басып кіріп, шамамен біздің 
заманымыздан бұрынғы 1500 ж. бүкіл Солтүстік Үндістанды басып алды. 
Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Инд өзенінен Қара және Каспий 
теңіздеріне, сондай-ақ, Мысыр мен Грекияға дейін созылып жатқан парсы 
патшалығы (Ахемен әулеті мемлекеті) құрылды. Біздің заманымыздан 
бұрынғы 336 – 321 ж. онан да алып Александр Македонский империясы 
құрылып, грек-македон және шығыс мәдениеттері араласа бастады. Шамамен 
осы кезеңде Орталық Азияны мекендеген ғұн тайпалары бірлесіп алып 
мемлекет құрды. Олар шығыста Қытайды Ұлы қытай қорғанын тұрғызуға 
мәжбүр етті. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Рим күшейіп, 
Италиядағы латын мемлекеттерін өзіне бағындыра бастады. Императорлар 
Цезарь мен Августин тұсында Рим Жерорта теңізі жағалауларына толық өз 
үстемдігін орнатқан әлемдік державаға айналды. Біздің заманымыздың 3 
ғасырынан бастап империя әлсіреп, 395 ж. Батыс және Шығыс Рим 
империяларына бөлінді. 3 ғасырдан бастап Орталық Азияны мекендеген 
көшпелі ғұн тайпалары жаппай батысқа жылжып, Балтық және Қара 
теңіздердің аралығын мекендеген герман тайпаларын әрі қарай ығыстырды. 
Ғұндардан ығысқан германдықтар Батыс және Шығыс Рим империяларына 
басып кірді. Кейбір герман тайпаларымен одақтасқан ғұн тайпалары да 
Аттиланың (Еділдің) басшылығымен Батыс Рим империясына басып кіріп, 
452 ж. Рим қаласын қоршауға алды, бірақ төлем алғаннан кейін қаланы 
қиратпай, кері шегініп кетті. Көп ұзамай Батыс Рим империясы біржолата 
жойылды. Осы империяның жойылуымен ежелгі дәуір тарихы да аяқталды. 
Өзін өзі бақылау сұрақтары 
1. Ежелгі дүние тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына сипаттама? 
2. Ежелгі дүние тарихының хронологиясы? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет