49
№ 2тақырып: ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ ТАРИХЫ
1. ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ ТАРИХЫНЫҢ ХРОНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ
АРҚЫЛЫ СИПАТТАМА БЕРУ.
2.
ЕЖЕЛГІ ПАТШАЛЫҚ КЕЗІНДЕГІ ЕГИПЕТ
.
3. ОРТА ПАТШАЛЫҚ КЕЗІНДЕГІ ЕГИПЕТ.
4.
ЖАҢА ПАТШАЛЫҚ КЕЗІНДЕГІ ЕГИПЕТ
.
5. СОҢҒЫ ПАТШАЛЫҚ КЕЗІНДЕГІ ЕГИПЕТ.
Ежелгі Египет тарихының хронологиясын нақты және дәл айту өте қиын себебі
ежелгі Египетте жыл санау әр жаңа перғауын келген сайын жаңарып отырған.
Манефонның жазба деректерінде әрбір перғауынның билік жүргізген кезі
сақталған . Кейін Египет күнтізбесінің пайда болуы нақты хронология құруға негіз
болды. Египет күнтізбесі 365 күнді құрады. Сол себепті бұл мемлекет негізгі
тропикалық жылдан әр төрт жыл сайын бір күнге қалып отырды. Бұл қателік 1460
жылдан кейін тура бір жылға тең болды. Кейін хронологиялық зерттеу жүргізген
кезде осы айырмашылық ескеріліп түзетулер енгізілді. Амарн архивтерінде жаңа
және орта патшалық дәуіріндегі Египет хронологиясы анықталды. Манефон Египет
тарихындағы перғауындар династиясын 31 бөлікке бөлді . Жоғарғы және төменгі
Египет қосылған соң Ертеректегі патшалық атауына ие болады (шамамен б.э.д.3100-
2800жж).Бұл кезеңде біртұтас мемлекетке бірікті. Екінші кезең-Ерте немесе Ескі
патшалық (шамамен б.э.д.2800-2250жж)-Египетте өркениеттің (пирамидалардың
салынуы) айқын көрініс тапқан уақыты. Ескі патшалықтан кейін бірінші өтпелі
кезең (шамамен б.э.д.2160-2134жж) келеді. Осы уақытта Египет өзара
жанжалдасушы бірқатар номдар және уақ мемлекеттер болып ыдырайды. Фараон
билігі әлсіреп, елде тұрақсыздық және соғыстық күй қалыптасты, ном билеушілері
өздерін патшадай сезініп және Египеттегі ірі билікке таласады.
Осы кезеңнің соңында Фив қаласының билеушілері жеңіп, Египет қаласы
бірігеді.Үшінші кезең келеді-Орта патшалық уақыты (шамамен б.э.д.2050-1700жж).
Содан кейін Египет екінші өтпелі кезеңді (шамамен б.э.д.1700-1580жж), бұл кезең
елдің қайта тарауымен және Египет бөлігін гикостардың басып алуымен
сипатталады.
Төртінші кезең-Жаңа патшалық (шамамен б.э.д.1575-1087жж). Осы кезеңде
ХҮII династия фараондарының билігінде Египет бірігеді. Египет ірі империяға