Ежелгі Ќытай философиясы


Көне Үнді философиясының негізгі мектептері



бет2/2
Дата19.02.2023
өлшемі0,71 Mb.
#69277
1   2
Байланысты:
филос үнді қытай №2

Көне Үнді философиясының негізгі мектептері
  • Г Жайнизм – көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы – біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды.
  • Жайн¬дардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса – тірі мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя – ұрлық жасамау; сатья – шыншылдық; апариграха – үйірсектікке (М.Әуезов өзінің «Будда» еңбегінде осы ұғымды «жабыспау» деп аударған) тиым салу. Махавира бүл тиымдарға бесіншісін – брахмачарья – некеден бас тартуды қосты. Жайн монахтары ұстанулары тиіс осы тиым салулар екі мың жарым жыл бойы қатаң сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс. Уақыт өте Махавираның жолын қуушылар екі бағытқа бөлінді: ди-гамбаралар («ауа киіндіргендер») және шветамбаралар («ақ кигендер»).
    • Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны беліп көрсетті:
    • 1) джива – тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп; 2) зат; 3) кеңістік; 4- және 5) қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхарма; 6) уақыт.
    • Жайндардың пікірінше, субстанциялар мәңгі және өзгермейді, өзгеретін олардың көріністері ғана, заттан басқа субстанциялар бөлінбейді және формалары жоқ, яғни, олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді және денесіз. «Тірі» болып есептелетін дживадан басқа субстанциялар «тірі емеске» жатады.
    • Зат, жайндардың түсінігінде, ұсақ және бөлінбейтін бөліктер – атом-дардан тұратын, бірігетін және ыдырайтын, сезілетін, формасы бар, бел-сенді, әр түрлі қасиеттерге ие, қозғалыста болып отыратын субстанция. Оның алты күйі бар:
    • стхула-стхула – «өте дөрекі», яғни қатты заттар.
    • стхула – «дөрекі», мысалы, сұйықтар;
    • стхула – сукшма – «дөрекі-нәзік», мысалы, көлеңкелер және айнадағы бейнелер;
    • сукшма-стхупа – «нәзік-дөрекі», көзге көрінбейтін газдар, иістер; сукшма – «нәзік», ешқандай сезім мүшелері қабылдамайтын карма, энергия; сукшма-сукшма – атом секілді «өте нәзік» зат.
    • Үнді философиясының басқа бағыттары сияқты буддизм де өлі ма-терияның, органикалық дүниенің және жанды дүние элементтерінің ара-сында себептілік бар екендігін мойындайды және соңғы себептілікті ерекше бөліп көрсетеді (карма теориясы). Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы деп есептемегенімен. адамдарды карманың бар екендігін ұмытпауға шақырады, сол арқылы ізгілікке жетелейді.
    • Буддизм – көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінін: негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы – біздің дәуірімізге дей: 560-480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетг өмір сүрген Сидхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбін Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр). Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыс-тарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті.
    • ҮНДІ МИФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰДАЙЛАР МЕН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР;
    • ИНДРА-найзағайдын,күн куркіреудін Құдайы;
    • Митра – күн Құдайы;
    • Варуна – аспан Құдайы;
    • Агни –от Құдайы
    • Яма –өлім құдайы;
    • Тапас –дене інкар, жылылық;
    • Рита – ғарыштағы тәртіп;
    • Пуруша- ғарыш адамы, рух, жан;
    • Карма – адамның тағдырын құрайтын жан- дүние;
    • Сансара – ғарыштағы қысылған, күйзелген жан –дүнйе әлемі
    • Мокша –бұл дүниедегі азаптан құтылып, дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу;
    • Дхарма – заң мен әділет Құдайы;
    • Назарларыңызға рахмет!


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет