Ежелгі Ќытай жјне Їнді философиясы


Ежелгі Шығыс өркениеттерінің ортақ белгілері



бет2/5
Дата13.10.2022
өлшемі3,03 Mb.
#42860
1   2   3   4   5

Ежелгі Шығыс өркениеттерінің ортақ белгілері:

2. Ежелгі Египеттің материалдық және рухани мәдениеті. Ежелгі Қосөзен мәдениеті.

  • Ежелгі Египет — әлемдік өркениеттің дамуына
  • үлкен әсер еткен ежелгі мәдениеттердің бірі.
  • Б.з. дейінгі 3000 жылы перғауын патшалар басқаратын ерте құл иеленуші, орталықтандырылған мемлекет пайда болды.
  • Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды.
  • Ежелгі Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі — ажалға қарсылық болды.
  • Мәңгілік өмірді қамтамасыз ету үшін адамның денесін сақтап, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз етіп, денені бальзамдап, оны мумияға айналдырды.
  • Егер дене сақталса немесе толық бейнеленсе, өлген адамның жаны оған қайтып оралады» деп ойлады.

Фараондардың (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады.Б.з.б. ІІІ—II ғ. пирамидалар негізінен тастан жасалды.

Ең әйгілі пирамидалар Мемфис қаласы маңында үш перғауынға – Хуфу, Хафра және Менкаураға арнап құрылған. Бұл пирамидалар жер жүзіндегі жеті кереметтің бірі, олар бүгінге дейін сақталып қалған бірден-бір ғимараттар болып табылады.

  • Ең үлкен пирамида Хуфуға (гректер оны Хеопс деп атаған) арналып, б.з.б. 2600 жылы айналасында құрылған. Оның биіктігі 147 метр. Пирамидалардың құрылысы үшін тастар Ніл өзенінің оң жағалуындағы жазық таулардан алып келінген.
  • Осыдан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы — перғауын Джосердің пирамидасы. Бұл пирамиданың биіктігі — 60 м.
  • Пирамидалар әлемнің жеті кереметіне кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет